Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова



бет33/63
Дата27.01.2023
өлшемі2.41 Mb.
#468817
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз

Өлшеу құралдарының қателігі. Өлшеу құралдарының қате- лігі - ең маңызды метрологиялық мінездемелердің 6ірі. Бұл өлшеу құралдарының жетілмегендігін көрсетеді және конс­трукция мен әзірлеу технологиясының жетілмегендігі, өлшегіш аспаптарды құрастыру сапасының төмендігі, өлшеу құралы жасалған материалдардың ескіру және тозуы салдарынан пайда болады.
Өлшеу құралдары конструкциясының жетілмегендігі қозғалмалы бөлігі бар өлшеу құралдарында болады. Тасымалдау кезінде мұндай бөліктерде «люфттар», «саңылаулар», «бос жүрістер (мертвый ход, холостой ход)», «еркін жүрістер» жиі пайда болады. Бұдан басқа, жылжымалы бөлшектердің бөліктерінде үйкеліс орын алады. Барлық жоғарыда айтылған- дар өлшеу құралы қателігінің бастау көзі болып табылады.
Материалдардың ескіруі және тозуы өлшеу құралдарының қателігіне себепші бола алады.
Ескіру үдерісі дегеніміз қолдану мен сақтау шарттарына байланысты белгілі бір уақыт аралығында материалдардың қасиеттерінің өзгеруі болып табылады. Ескіру үдерісі белгілі бір қасиеттердің жойылуына алып келеді, ал бұл өлшеу құралдары- ның метрологиялық сипаттамаларына эсер етеді.
Сонымен бірге материалдың тозуы қателіктің пайда бо- луына себепші. Бұл үдеріс ескіру үдерісіне қарағанда үздіксіз жүреді және тозу жылдамдығы өлшеу құралдарын пайдалану қарқынына тәуелді болады. Дегенмен тозу баяу жүреді және нақтылы уақыт аралығында қателікті тұрақты қабылдауға және тиісті түзетулер енгізіп отыруға болады. Тозу салдарынан болған қателіктер белгілі бір шегіне жеткенде, өлшеу құралдарын қолдануға рұқсат етілмейді, оларды жөндеуге жібереді.
Көбінесе кұрылгы көрсеткішінің дұрыстығы қозғалатын бөлшектердің қозғалмайтындарға қатысты орналасу жағдайына байланысты.
Көптеген өлшеу құралдары сыртқы жағдайлардың әсе- рінен өздерінің көрсеткіштерін өзгертеді. Бұлар жылулық және атмосфералық ағындар, магнит және электр өрістері, атмосфералық қысымның өзгеруі, ауаның жоғары ылғалдығы, діріл, иондалған шағылу және т.б болуы мүмкін.
Өлшемдердің номиналды мәндері мен құралдардың көр- сеткіші өлшенетін шаманың шынайы мәнінен ерекшеленуі мүмкін. Бұл ауытқулар өлшеу қателігімен сипатталады.
Өлшеу құралы қателігінің жіберілетін шегі - өлшеу құралының типі үшін нормативті құжаттармен белгіленетін өлшеу құралы жарамды болып табылатын қателіктің ең үлкен мәні.
Өлшеу құралы немесе түрлендіргіш қателігінің сипаттамасы мыналар:

  • ӨҚ қателігінің мәні;

  • ӨҚ кездейсоқ қателігінің мәні;

  • гистерезистан болатын ӨҚ-ның кездейсоқ қателігінің мәні;

  • ӨҚ-ның жүйелі қателігінің мәні.

ӨҚ метрологиялық жөнділігі - барлық нормаланған метрологиялық сипаттамалары бекітілген талаптарға сәйкес келетін ӨҚ жағдайы. Метрологиялық жөнділікті (исправность) калибрлеу немесе салыстырып тексеру нәтижесі бойынша белгіленеді.
Метрологиялық бас тарту ӨЖ - ӨҚ метрологиялық си- паттамаларының белгіленген шектерден шығуы.
Өлшеу әдісінің дәлдік сапасы - негізгі және қосымша қателіктердің шектермен, сонымен қатар дәлдікке эсер ететін өлшеу құралдарының басқа да сипаттамаларымен анықталатын өлшеу құралының жалпылама сипаттамасы, олардың мәндері өлшеу құралдарының жеке түрлеріне стандартпен бекітіледі.





25-сурет. Өлшеу құралының біркелкілігі Өлшеу құралының біркелкілігіне мына шаралар арқылы қол жеткізіледі:

  • мемлекеттік сынаулар;

  • салыстырып тексерулер;

  • метрологиялық аттестация;

  • өлшеу құралдарын калибрлеу.

    1. Қателіктердің сипаттамалары, өлшеу құралдарының қателіктерін есептеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет