нәтижесін математикалық өңдеуден тұратын бақылап өлшеулер жүргізіледі. Әдетте осы кезде олардың құндылығы немесе сапасына байланысты реттік шкала бойынша қойылуы керек өлшеу объектілерінің бір емес, бірден бірнешеуі қолданылады, яғни олардың рангін анықтау, немесе реттік шкала бойынша өлшеу ранг беру деп аталады. Сарапшылардың пікірлерінің келісу өлшемдері ретінде осы жағдайда конкордацияның коэффициенті (К) деп аталатын коэффициент қабылданады:
мұндағы S - сараптаманың әрбір нысан дәрежесінің сомалары ауытқуларының орташа арифметикалық квадраттарының қосындысы; n - сарапшылардың саны; m - сараптаманың объекттерінің саны. Сарапшылардың пікірлерінің келісушілігі дәрежелеріне байланысты үйлестіру коэффициентінің мәні (келісушілік жоқ болғанда) 0 (толық ынтымақтықта) 1ге дейін қабылданады. Дәрежеберумаңыздылық немесе салмақтылық бойынша өлшеуіштер немесе көрсеткіштердің олардың жоғары бағалау объектілерді орналастыру тұрады. Осындай орналастыру кезіндегі алынған орын ранг деп аталады. Дәреже неғұрлым жоғары болса объект соғұрлым басымырақ, көрсеткіш маңызды. 13 кестеде бес сарапшы сараптамасының жеті объектісін дәреже беру мысалы келтірілген. Шешім.
Сарапшылар пікірлерінің келісушілігі дәрежесін қана- ғаттандырарлық деп санауға болады. Егер сарапшылардың пікірлерінің келісушілігі дәрежесі қанағаттанарлықсыз болса оны жоғарылату үшін арнайы шара қолданады. Олар нәтижелерді талқылауға және қателерді талдауы жаттығуларды өткізуге негізделеді. Егер сарапшылардың алдын ала әзірлеуі үшін мүмкіндіктер жоқ болса, сарапшылық әдіспен өлшем Дельфтер әдісі бойынша жүргізіледі. Бұл әдістің ерекше белгілері мыналар:
жасырын; сарапшылар біреудің мәртебесі және шешендік ықпалына кірмеу үшін бір-бірімен кездеспейді;
көп сатылылық; әр сұрау турынан кейін барлық сарапшылар бір-бірінің пікірімен танысып қажет болғанда өз көзқарастары- ның жазбаша негіздемелерін береді. Олар өз көзқарастарын өз әріптестерінің пікірлерімен келісіп немесе келіспей қайта қарай алады;
- бақылау; әрбір турден кейін жеке пікірлердің алдын ала таңдалған мәнге дейін жеткенше сарапшылар пікірлерінің ортақтығы тексеріледі. Сарапшылар біліктілігінің маңызды коэффициенттері са- рапшылық әдістің ерекше жауапты өлшемдерінде есепке алынады. Сарапшылардың саны да маңызды рөлді, атқарады. Топтағы сарапшылар санының өсуімен өлшеу дәлдігі жоғарылайды. Сарапшылық топтың саны кемінде әдетте 7 адамды құрайды. Ол кейде (жаппай сұрау қалай жүргізіледі, тек қана социологиялық зерттеулерде) 15-20 сарапшыларға жетеді. Кейбір жағдайларда сарапшылық әдіспен өлшенудің макси- малды мүмкін дәлдігіне барынша қамтамасыз ету керек болады. Осы жағдайда сарапшылық топтың құрамы n сарапшылар санын шеутеуі керек, өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық және дисперсия бағаларының арасындағы айырмашылық n және n + 1 сарапшылары кезінде маңыздылығын жоғалтады. Бұл шарттар алгоритмдар бойынша тексереді. Сонымен бірге, сарапшылық комиссияны мұндай көрсеткіш- тер сипаттай алады: сарапшылық комиссияның шешімдерінің сапасы, сарапшылық комиссияның кешенді сапа көрсеткіші, сарапшылардың шешімдерінің тең дәлдігі. Сарапшылық ко- миссияның біліктілік сипаттамаларын қалыптастыру келесі әдістері ұсынылған. Конкордацияның коэффициенті а маңыз- дылық немес Р ықтималдылық минималды мүмкін мән деңгейінің анықтауы жолымен қалыптастырыла алады. Са- рапшылық комиссияның шешімінің сапасының көрсеткіші са- раптық комиссиның дұрыс шешімінің ықтималдылығы болып табылатындылығы көрсетілген, және ол дұрыс шешімдердің шартты ықтималдылық төменгі шектерімен мөлшерленуі мүмкін. Орташа өлшенгендер бойынша анықталатын сараптамалық комиссияның кешенді сапа көрсеткіші 0-ден бастап 1-ге дейінгі мәнді қабылдайды және кешенді көрсеткіштің төменгі шегімен мөлшерленуі мүмкін. Сарапшылардың шешімдерінің тең дәлдігі Р. А. Фишердің критерийі бойынша анықталады және таңдалған Р ықтималдығымен мөлшерленеді. Квалиметрияны қолдану аумағы тұрғындар тұрмыс сапасын анықтайтын салалар болып табылады:
тұрғын үй-коммуналды қызметтердің сапасын өлшеу олардың сапасына байланысты осы қызметтер бағасы мен тарифтерін қайта өлшеу механизмін іске қосуға мүмкіндік береді;
білім және білім беру сапасын өлшеу барлық деңгейлер меен меншік формаларындағы білім беру мекемелерінің лицензиялау, аттестациялау, аккердитациялау процедураларын қатаң ғылыми негізге қоюға мүмкіндік береді;
медициналық қызметтердің сапасын өлшеу денсаулық сақтаудағы медициналық көмекті алу үшін пациенттердің медициналық мекемелерді таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары: Квалиметрияның жалпы және арнайы бөлімдері.