Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова



бет29/63
Дата27.01.2023
өлшемі2.41 Mb.
#468817
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз

сәйкессіздігі



Қателіктердің сипаты мен мәні туралы ақпарат толықтығына қарай былай жіктеледі:

Анықталған қателіктерге сандық мәні мен белгісі белгілі кез келген қателіктерді жатқызуға болады.
Белгілі қателіктер болып, мысалы қателік көздерімен қатаң функционалды байланысы бар өлшеу қателіктері болуы мүмкін. Мұндай қателіктер негізінен, жүйелі қателіктер болып келеді және анықталып және өлшеу нәтижелерінен мүлдем алынып тасталуы мүмкін, олардың мәндерін болжауға болады. Сандық мағынасы мен белгісі эксперименттік әдістермен алынған кез келген қателікті анықталған қателік деп есептеуге болады.
Ақпарат жеткілікті толық болғанда анықталған қателіктер өлшеу нәтижелерінен алынып тасталуы мүмкін. Жүйелі қателіктердің теориялық айқындығы бұл қателіктерді өлшеуге дейін, өлшеу барысында, сонымен қатар өлшеуден кейін нәтижелерді математикалық өңдеу кезінде жоюға мүмкіндік береді.
Қателік анықталған жағдайда өлшеу нәтижелеріне түзету енгізуге болады. Түзету - қателікті жою мақсатында түзетілмеген өлшеу нәтижелеріне енгізілетін шама мәні. Түзету белгісі қателік белгісіне қарама-қарсы. Кейде түзету көбейткішін қолдана отырып түзету енгізіледі.
Жеке өлшеу нәтижелерінен және бір физикалық шаманы бірнеше рет өлшеулер нәтижелерінен жүйелі қателіктерді алып тастауды метрологияда нәтижені түзету деп атайды, ал алын- ған нәтижелер түзетілген деп аталады.
Анықталмаған қателіктерге анықталмаған жүйелі қателіктер, сонымен қатар эксперименталды түрде анықтал- маған кездейсоқ және дөрекі қателіктер жатады. Анықталған қателіктерді алып тастау кезінде абсолюттік дәлдік мүмкін емес, сондықтан алып тасталмаған қалдық қателіктерді анықталмаған деп есептейміз.
Қателіктерді өрнектеу формасы бойынша жіктеу қабылданған. Абсолютті қателіктер өлшенетін шаманың бірлігімен көрсетіледі. Салыстырмалы қателіктер абсолюттік қателіктің




D

D / Q,

(35)
өлшенетін шаманың мәніне қатынасын көрсетеді. Формальды түрде салыстырмалы қателік былай өрнектеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет