Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова



бет46/63
Дата27.01.2023
өлшемі2.41 Mb.
#468817
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз

S- =Л • 100%
х n (106) Мұндағы n - өлшеу нәтижелерінің қателігіне сүйеніп анықталатын, әдістемеде көрсетілген (5-тен кем емес) өлшеулер
саны.
S және S мәндерін барлық шоғырлану диапазонында 3-5 нүктеден кем емес анықтайды және есептеу үшін максималды мәндерді таңдайды.
Өлшеулер нәтижесінің кездейсоқ қателігінің сенімділік шекараларын s=tS формуласымен есептейді, мұндағы t - сенімді ықтималдыққа және бақылау нәтижелерінің санына байланысты болатын және 23-кестеден алынатын Стьюдент коэффициенті.
23-кесте.
n - 1 еркіндік дәрежесі бар Стьюдент үлестірілуі бар кездейсоқ шама


  1. үшін коэффициент t мәні

    n- 1

    Р = 0,95

    Р = 0,99

    n- 1

    Р = 0.95

    Р = 0,99

    3

    3.182

    5,841

    16

    2,120

    2,921

    4

    2,776

    4,604

    18

    2,101

    2,878

    5

    2,571

    4.032

    20

    2,086

    2,845

    6

    2,447

    3,707

    22

    2,074

    2,819

    7

    2,365

    3,499

    24

    2,064

    2,797

    8

    2,306

    3,355

    26

    2,056

    2,779

    9

    2,262

    3,250

    28

    2,048

    2,763

    10

    2.228

    3,169

    30

    2,043

    2,750

    12

    2,179

    3,055

    да

    1,960

    2,576

    14

    2,145

    3,977










    Зиянды заттардың шоғырлануын өлшеу нәтижесінің жиынтық қателігінің бағалау.

Жиынтық қателікті есептеу үшін ГОСТ 8.207-76-ға сәйкес жүйелі 9 және кездейсоқ S қателіктердің қатынастарын анықтайды.
ө
Егер, s ^0,8 болса, онда шығарып тасталмаған жүйелі қателіктер ескерілмейді.
Егер, S ^0,8 болса, онда кездейсоқ қателіктер ескерілмейді.
х Q
Егер, S<0,8 болса, онда өлшеу нәтижелерінің қателік шекарасын, кездейсоқ шама ретінде қарастырылатын кездейсоқ және шығарып тасталмаған жүйелі қателіктердің улестіру композициясын құру жолымен мына формуламен есептейді:
Д = KSX (107)
Мұндағы, К - кездейсоқ және шығарып тасталмаған қателіктердің қатынасына байланысты коэффициент;
- мына формуламен есептелетін, өлшеу нәтижесіндегі жиынтық орташа квадраттық ауытқу бағасы:
(108)
К коэффициентін формуламен есептейді:
Мұндағы е - кездейсоқ қателіктің сенімділік шекаралары;
0- өлшеу нәтижелерінің шығарып тасталмаған жүйелік қателіктің қосындысының шекаралары.
Әдетте, бағалаудың есептеу әдісі өлшеу қателігінің жоғары бағаларына алып келеді

  1. Өлшеу қателігін бағалаудың эксперименталды әдісі

Өлшеу қателігін бағалаудың эксперименталды әдістері келесі шарттардың орындалуында қолданылады:

  • өлшеу қателігін бағалаудағы тәжірибенің нақты шарттарында болмашы қателігі бар өлшеу әдістерінің болуы;

  • сыртқы ықпал ететін шамалардың барлық маңызды комбинацияларын және жетілдірілген ӨОӘ-не тән өзі өлшенетін шаманың мәндерін құру мүмкіндігі бар.

Тәжірибе нәтижесінде өлшеу қателігінің нақты өлшеу нысанына, өлшеу әдісінің данасына, сыртқы ықпал ететін шама мәніне және т.с.с. қатысты «статистикалық бағалар» алынады.
Өлшеу қателігінің сипаттамасының «тіркелген» мәндерін алу үшін, қателіктің эксперименталды зерттеулерін нысандардың, құралдардың және өлшеу шарттарының өкілді іріктеуінде жүзеге асыру қажет.
Өндірістік шарттарда эксперменталды әдіспен кейбір жа- саушы өлшеу қателіктерін бағалауға болады.
Экспериментті өткізу шарттарын орындаудың толық мүмкіндігі болмағандықтан қателікті эксперименталды бағалау жуық нәтижелерді береді.
Өлшеу қателігін бағалаудың есептік-эксперименталды
әдісі
Өлшеу қателігін бағалаудың эксперименталды әдісі өлшеу- дің нақты шарттарында іс жүзінде орындалмайтындықтан, (өлшенетін шама туралы мәліметті іріктеу нүктесіне қол жетіспеушілік, берілген шарттарда жұмыс істеуге қабілетті, қажетті дәлдіктегі өлшеу құралының жоқтығы және т.б.) көптеген ӨОӘ дайындау кезінде өлшеу қателігін бағалаудың ең тиімді тәсілі есептік-эксперименталды әдіс болып табылады. Бұл әдістің мәні өлшеу құтеліктерін есептеу және эксперимент арқылы бағалау және оны ары қарай сомалау болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қателіктердің сипаттамалары, өлшеу құралдарының қателіктерін есептеу.

  2. Өлшеу құралдарының дәлдік кластары.

  3. Қателіктерді жазуы және дөңгелектеу ережелері.

  4. Өлшеудің белгісіздігі және оның нәтижелерді сипаттағанда көрсетілуі.

  5. Белгісіздік бюджетінің кестесінде қандай мәліметтер болуы керек?

  6. Кеңейтілген белгісіздікті есептеу.

  7. Өлшеу қателіктерін бағалау, өлшеу қателігінің сипаттамаларын орнату.

  8. Өлшеу қателігін бағалаудың эксперименталды әдісі.

  9. Жанама өлшеулер кезіндегі әдістемелік қателіктер.

  1. - Б Ө ЛІМ.

ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ
СЕНТМДТЛТГТ


    1. Метрологиялық сенімділік теориясының негізгі

ұғымдары
Метрологиялық сенімділік - өлшеу құрылғысының анықталған тұтыну режимінде белгілі бір уақыт аралығында бекітілген метрологиялық сипаттамаларды сақтау қасиеті.
Сенімділік көрсеткіші тоқтаусыздық, ұзақтылық, жөндеуге жарамдылық және сақтау қасиеттерімен сипатталады.
Сенімділік теориясының негізгі ұғымы тоқтау болып табылады. Өлшем құралының тоқтауы метрологиялық және метрологиялық емес болып екіге бөлінеді.
Метрологиялық емес тоқтау өлшеу құралының метрология- лық сипаттамаларының өзгерісімен байланыссыз себептерден туындайды. Оларды салыстырып тексерусіз анықтауға болады және олар кенеттен пайда болады.
Метрологиялық тоқтау өлшеу құралының метрологиялық сипаттамаларының бекітілген шектерден асып кетуімен байланысты. Жүргізілген зерттеулер негізінде метрологиялық тоқтаулар метрологиялық емес тоқтауларға қарағанда жиі кездеседі. Сондықтан да оларды анықтау және болжау әдістерін тағайындау қажет. Метрологиялық тоқтау біртіндеп және кенеттен болып екіге бөлінеді.
Кенеттен тоқтау дегеніміз - бір немесе бірнеше метро- логиялық сипаттаманың секіріп өзгеруі. Бұл тоқтауларды олардың кездейсоқтығынан болжау мүмкін емес. Олардың нәтижесі құрылғыны тұтыну барысында оңай анықталады (көрсетуді тоқтату, сезімталдықты жоғалту және т.б.). Кенеттен пайда бо- латын тоқтаудың ерекшелігі - уақыт интенсивтілігіне тұрақты болуы. Бұл тоқтауларды талдау үшін сенімділіктің классика- лық теориясын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан да бұдан әрі мұндай тоқтаулар қарастырылмайды.
Біртіндеп тоқтау бір немесе бірнеше метрологиялық сипаттамалардың монотонды өзгеруімен суреттеледі. Пайда болу сипатына қарай олар жасырын болады және өлшем құралын кезеңінде тексеру кезінде анықталады. Бұдан әрі тек осындай тоқтаулар қаралады.
Метрологиялық тоқтаумен өлшем құралының метрология- лық жөнділігімен байланысты. Бұл дегеніміз - өлшем құралы- ның нормаланған барлық метрологиялық сипаттамаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі.
Метрологиялық сенімділік мәселесінің ерекшелігі тоқтаулар интенсивтілігінің уақыт тұрақтылығына байланысты сенімді- ліктің классикалық теориясы сәйкес келмейді. Қазіргі кездегі сенімділік теориясы екі қасиетке ие өнімге бағытталған: жұмыс- қа жарамды және жарамсыз.
Өлшем құралы қателігінің біртіндеп өзгерісі жіберілетін шектік мәндерге қателіктің жақындау деңгейін анықтайтын жұмыс істеудің түрлі тиімділік деңгейі қанша қажет болса сонша жұмысқа жарамды шарттар енгізуге мүмкіндік береді.
Метрологиялық тоқтау ұғымы нақты бір шарттарға байланысты өзгеруі мүмкін метрологиялық сипаттамалар шектеріне байланысты анықталатаын болғандықтан шартты болып табылады. Сонымен бірге метрологиялық тоқтаудың туу уақытын оның жасырын сипатына байланысты анықталынбайды, бірақ та метрологиялық емес тоқтауларды, бұлармен сенімділік- тің классикалық теориясы байланысты, олардың туындау уа- қытында анықталынады. Осының барлығы өлшем құралы метро- логиялық сенімділігіне талдау әдістерін тағайындауды қажет етті.
ӨҚ сенімділігі оның уақытқа байланысты өзгерісін суреттейді және жалпылама ұғым болып табылады, ол тұрақтылық, тоқтаусыздық, ұзақтылық, жөндеуге жарамдылық (қалпына келетін ӨҚ үшін) және сақтау қасиеттерімен сипатталады
ӨҚ түрацтылыгы - оның метрологиялық сипаттамалараның уақытқа қатысты өзгермеуін суреттейтін сапалық көрсеткіш. Қателіктің таралу заңы өлшемдерінің уақыттық тәуелділіктерімен суреттеледі. Метрологиялық сенімділік және тұрақтылық ӨҚ көнеру үдерісінің сипаттары болып табылады. Тұрақтылық ӨҚ метрологиялық сипаттамаларының тұрақтылығы туралы көбірек мәліметті береді. Бұл - оның «ішкі» сипаты. Сенімділік қолданылатын шектер мәніне, өлшеу дәлдігіне және тұрақты- лыққа тәуелді болғандықтан оның «сыртқы» сипаты.
Тоқтаусыздық - шамалы уақыт аралығында ӨҚ-ның үзіліссіз жұмысқа жарамдылығын сақтау сипаты. Ол жұмысқа жарамды және жарамсыз екі күймен сипатталады. Алайда күрделі өлшеу жүйелері үшін олардың толықтай жұмыс істемей қалуы тоқ- таудан болып қана қоймауы мүмкін болғандықтан күй саны да көп болуы мүмкін. Тоқтау ӨҚ жұмысқа жарамдылығын жою немесе бұзылуымен байланысты кездейсоқ жағдай. Бұл тоқ- таусыздық көрсеткіштерінің кездейсоқ табиғатын түсіндіреді, соның ішінде ең маңыздысы ӨҚ тоқтаусыз жұмыс істеу уақытын белгілеу
Ұзақтылық ӨҚ белгіленген уақытқа дейін жұмысқа жа- рамдылығын сақтау сипаты.
Жұмысқа жарамдылық күйі - ӨҚ барлық метрологиялық сипаттамалары нормаланған мәндерге сәйкес келу жағдайы. Шектік күйі дегеніміз - ӨҚ қолдануға болмайтын жағдайы.
Метрологиялық тоқтаудан кейін сәйкесінше жасалған реттеулерден кейін ӨҚ сипаттамалары жіберілетін ауқымқа қайта келуі мүмкін.
Реттеуді жүргізу үрдісі метрологиялық тоқтау сипатына, ӨҚ құрылымына және басқа да себептерге байланысты ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан да сенімділікке «жөндеуге жарамдылық» ұғымы енгізіледі. Жөндеуге жарамдылық - техникалық қызмет көрсету және жөндеу жолымен жұмысқа жарамды күйін сақтау, қалпына келтіру және тоқтаулардың пайда болу себебін анықтау және алдына алуға негізделетін ӨҚ қасиеті. Ол метрологиялық тоқтаудан кейін ӨҚ қалпына келтіруге кететін құралдар мен уақыт шығыны және оны жұмыс қалпында сақтаумен сипатталады.
Бұдан әрі көрсетілгендей МС өзгеру үрдісі ӨҚ қолданыла ма немесе қоймада сақтала ма оған тәуелсіз. ӨҚ тасымалдау және сақтаудан кейін және сол мезетте жұмысқа жарамдылығын, ұзақтылығын, тоқтаусыздығын сақтау қасиеті сақтау сипаты деп аталады.
ӨҚ сенімділігін сипаттайтын көрсеткіштерге көшпес бұрын оның МС уақытқа байланысты өзгеру сипатын анықтау керек.

  1. Өлшеу құралының қателік уақытында өзгеруін математикалық моделі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет