Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет71/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

Жалпы бағалау







Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз? 1:

2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені

анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым керек? 1:
2:





27-сабақ. Жоба дегеніміз не?

Бөлімі

VI бөлім. Роботтехника: «Билейтін робот» жобасы (ортақ тақырыптар: «Қоршаған орта», «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жоба дегеніміз не?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.1.2 өз идеяларын мәтіндік редакторда жазу;
2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:
Жоба жұмысының кезеңдерімен және рәсімдеумен танысады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту
«Мадақтау» ойыны
Оқушылар сынып ішінде әрі-бері жүріп, бір-біріне мақтау мен комплимент айтады: «Бүгін сондай көңілдісің!», «Мен сені шыншылдығың мен әділеттілігің үшін өте сыйлаймын!», «Сен өте әдепті жансың!», «Маған сенімен бір топта жұмыс істеген ұнайды!». Бұл ойынды шағын топ ішінде де ұйымдастыруға болады. /Оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру

Топтастыру. «Молекулалар» әдісі
Мұғалім оқушыларға енді олардың атомдар екенін айтады. Содан соң: «10 атомнан молекулаға бірігіңдер!» - деген тапсырма береді. Осылайша атом санын азайта береді. Мұғалім өзінің қанша оқушыдан бірігетінін айтып топтастырады.
І топ: Атомдар
ІІ топ: Молекулалар

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. -Өзіңді қызықтырған тақырыпқа зерттеу жүргізіп көрдің бе?
-«Жоба» дегенді қалай түсінесің?

•Жинаған ақпаратты компьютерде жүйелеп көпшілікке қалай таныстыруға болады?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Қошеметтеу» әдісі бойынша бағалайды.










Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап
дұрыс айтылмаса, мұғалім өзі
бағыттап, дұрыс жауабын табуға
көмектеседі.










Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салады.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).
Мәтінмен жұмыс. «ДЖИГСО» әдісі
ДЖИГСО әдісімен жұмыс ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты - жалпы мәселені алдымен жұптау, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Бұл стратегия мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

Интерактивті тақта




(Ө) 1-т апсырма Оқулықта берілген суреттерге қарап, қандай тақырыпта жоба жұмысын ұсынған болар едің?

• Берілген суреттерді топта талқылайды.
•Топтық талқылау нәтижесінен қандай тақырыпта жоба жұмысын ұсынатынын айтады.

Оқушылар бірін - бірі «Қошеметтеу» әдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта Оқулық Дербес компьютер




(Ж) «Кері ой қозғау» әдісі
Техникалық нысанның кемшіліктері, қарама- қайшылықтары мен ақауларын айқындап, оларды жетілдіру қажет болғанда қолданылады. Тура «ой қозғаудан» айырмашылығы: мұнда сыни пікірлерге негізгі мән беріледі, қатысушылар зерттеу нысанының олқылықтары мен жетіспеушіліктерін анықтауға тырысып, нақты техникалық проблеманы шешуге ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет