Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет45/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

«Басбармақ» әдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым керек?




18-сабақ. Дыбыстық әсерлер

Бөлімі

IV бөлім. Мультимедиа (ортақ тақырып: «Дені саудың жаны сау»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дыбыстық әсерлер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Дыбыстық әсерлермен танысады. Дыбыстың адамға жағымды және жағымсыз әсері туралы әңгімелейді.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту
«Айдаһар» ойыны
Оқушыларды сергітіп алу үшін, мұғалім бәрінің бір-бірінің белінен ұстап тұруын сұрайды. Бірінші тұрған оқушы «айдаһардың басы», ең соңындағы оқушы «айдаһардың құйрығы». «Айдаһардың басы» өз «құйрығын» ұстап алуы керек. /Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді/.

(МК, ¥) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жалпылама жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса, мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, дұрыс жауабын табуға көмектеседі.

-Дыбыстың адамға жағымды және жағымсыз әсері жайлы не білдің?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Қошеметтеу» әдісі бойынша бағалайды.




Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет