Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова



бет20/94
Дата16.04.2024
өлшемі0.62 Mb.
#498793
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94
2 cынып МЖ

сабақ. Алгоритмді орындау



Бөлімі

II бөлім. Шығармашылық жəне компьютер (ортақ тақырып:
«Менің отбасым жəне достарым»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді орындау

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.1.2 ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Отбасыңда шай қоюды, аула, үй тазалау, жұмыс орнын жинауды кім үйрететінін əңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Үй шаруасындағы жұмыстардың бірін орындау кезіндегі іс-əрекетінің ретін айтып береді.
Кейбір оқушылар үшін:
Алгоритмді сөзбен, ауызша сипаттауды жүзеге асырады.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Бірлік» əдісі
Оқушылар шағын топ құрамында бір қолының жұдырығын жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады.
Мақсаты: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылар біркелкі саусақ көрсеткеніне дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі тиіс.
Бұл оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал туғызады жəне ынтымақты болуға баулиды.

Топтастыру

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үшке дейін санап, үш топқа бірігеді.

1- топ. «Бірінші» тобы 2-топ. «Екінші» тобы 3-топ. «Үшінші» тобы







(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.
Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері

–Отбасында ауланы, үйді тазалау, жұмыс орнын жинауға кім үйретеді?
–Осы жұмыстардың бірін орындау кезіңдегі іс-əрекетіңнің ретін айтып бере аласың ба? (1-сурет)

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Стикерлер» əдісі бойынша бағалайды: Жасыл түс:
Жарайсың!










бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.




Сары түс: Жақсы!
Қызыл түс: Талпын!




Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша баяндайды.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатмен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін). (МК, Т)
Оқулықпен жұмыс.
«Жауап беретін əріптес» əдісі. Оқушылар алдымен мəтінді толық оқиды.
Содан соң оқушылар əріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін əріптестің рөлін бағалауы үшін оқу мақсаттарына сəйкес құрылымды жəне жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін. Бұл əдіс оқушылардың жаңа сабақтың ақпаратымен танысуына, бір- бірімен талқылауына, бір- біріне сұрақ қоюына тиімді
болып келеді.

Дескриптор

  • Оқулықтағы мəтінді оқиды.

  • Бір-бірімен топтық талқылау жұмысын жүргізеді.

  • Оқулықта берілген практикалық жұмысты орындайды.

  • Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген тұстарын толықтырады.

Топ мүшелері бірін-бірі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Стикерлер» əдісі арқылы бағалайды.
Жасыл түс: Жарайсың! Сары түс: Жақсы!
Қызыл түс: Талпын!

Интерактивті тақта.







(Ө) 1- тапсырма. Жұмыртқа қуыру: Анасы балаларына жұмыртқаны қалай қуыруға болатынын үйретуде (3-сурет). Суретке қарап, төмендегі тапсырмаларды орында:

  1. Жұмыртқа қуырудың сызықтық алгоритмін сөзбен сипаттаңдар.

  2. Құрастырған алгоритміңді тармақталған алгоритмге

ауыстыр.

Дескриптор

  • Тапсырмамен танысады.

  • Жұмыртқа қуырудың сызықтық алгоритмін сөзбен сипаттайды.

  • Құрастырған алгоритмді тармақталған алгоритмге ауыстырады.

Оқушылар бір- бірін сабаққа қатысу белсенділігіне қарай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет