ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығының ақпаратты қорғау бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу



Дата03.07.2016
өлшемі440.09 Kb.
#175052
Жоспар
Кіріспе...............................................1

1. ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығының ақпаратты қорғау бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу

1.1 ҚР қаржы министірлігінің сипаттамасы

1.1.1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңды мәртебесі, атауы, орналасқан жері және басқаруы..........................................3

1.1.2. Кәсіпорын қызметінің мәні және мақсаттары..8

1.1.3. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қосымша мәліметтері................9

1.2 ҚР Қаржы Жүйесін Ақпараттандыру Орталығының сипаттамасы

1.2.1 Қаржы Жүйесін Ақпараттандыру Орталығы......12

1.2.2 Қызметі, мақсаты, құқықтары және жалпы ережелері........................................12

1.2.3 «ҚЖАО» РМК-ның Әкімшілігі..................16

1.2.4 Ұйымдастырушылық құрлымы...................17

1.2.5 Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру басқармасы..18

1.3 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы.........................................23

1.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.24

1.4.2. Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар.........................................25

1.4.3. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.26

1.4.4. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.........................................27

1.4.5. Математикалық жабдықтау...................29

1.5 Концептуалды схема...............................30

Кіріспе


Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.

Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.

АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.

Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді.

Қазақстанда ақпараттық өнім өндіретін және оны өткізумен айналысатын фирмалар мен ұйымдар саны жылдан жылға артуда. Осындай ірі ұйымның бірі - «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» (ҚЖАО) болып табылады. Республикалық Мемлекеттік кәсіпорын «ҚЖАО» өндірген «ЕСЕП», «SALARY», «Ведомственные кадры» сияқты программалар Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінде қолданылуда Осы курстық жұмыс жазу кезінде мен бірінші бөлімінде ҚР Қаржы Министрлігінің ұйымдастырушылық құрылымына біраз тоқталып және ҚЖАО-ға сипаттама көрсетілген. Сонымен қатар бірінші бөлімге Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар мен концептуалды схема кірген. Ал екінші бөлімде ҚР Қаржы Министрлігінің Қаржылық Жүйелерді Ақпараттандыру Орталығының жүйесін жобалау сипатталған. Оның ішіне кіріс және шығыс ақпараттары кірген.


1 ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығының ақпаратты қорғау бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу


    1. ҚР қаржы министірлігінің сипаттамасы


1.1.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңды мәртебесі, атауы, орналасқан жері және басқаруы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» шаруашылық жүргізу қүқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бүдан әрі - Кәсіпорын) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствалық бағыныстағы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 қаңтардағы №20 қаулысына сәйкес құрылды және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қайта атауы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 1999 жылғы 9 шілдедегі № 951 қаулысына сәйкес қайта аталды.

Кәсіпорынға қатысты республикалық мемлекеттік меншік құқығының функциясын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Уәкілетті орган) орындайды.

Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Мемлекеттік басқару органы) болып табылады.

Өзінің қызметінде Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіқ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.

Кәсіпорын шаруашылық жүргізу қүқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның үйымдастырушылық-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, жеке балансы, банктерде шоттарь,, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі және фирмалық атауы бар мөрі, бланкілері, мөртаңбалары және басқа "да ресми атрибуттары бар.

Кәсіпорынның атауы:

толық:

мемлекеттік тілде - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» шаруашылық жүргізу қүқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны;



орыс тілінде - Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Центр информатизации финансовык систем» Министерства финансов Р.К.;

қысқаша:


мемлекеттік тілде - «ҚЖАО» РМК;

орыс тілінде - РГП «ЦИФС».

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 473000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы,48.

Кәсіпорынды Мемлекеттік басқару органының мынадай өкілеттіктері бар:



  1. Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын анықтайды;

  2. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларық оның ішінде жоспарлы қаржы көрсеткіштерін қарастырады және бекітеді, оларды беру мерзімділігі мен тәртібін анықтайды;

  3. тиісті есептілікті Уәкілетті органға олар белгіленген мерзімде бере отырып, Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 685 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесіне сәйкес Кәсіпорын Баз директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады және оны аттестаттаудан өткізеді;

  5. Кәсіпорын Бас директорының ұсынысы бойынша Кәсіпорын Баз директордың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, бас бухгалтерін, филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын тағайындауға және қызметтен босатуға келісім береді;

  6. Кәсіпорын мүлкінің мақсатқа сай пайдалануын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

  7. Кәсіпорынның еңбекақы қорын белгілейді;

  8. Кәсіпорын Бас директорының, оның орынбасарларының жәнө бас бухгалтердің лауазымдық жалақыларының мөлшерін, оларға сыйлық беру жүйесін және өзге де сыйақыны белгілейді;

  9. Қазақстан Республикасының заңдарымен оның қүзіретінө жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.

Заңды тұлға ретінде Кәсіпорынның органы Мемлекеттік басқару органы тағайындайтын және оған есеп беретін Бас директор больп табылады.

Мемлекеттік басқару органы еңбек туралы Қзақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жеке еңбек шартын жасасу арқылы Бас директормен қарым-қатынастарын рәсімдейді.

Бас директор Кәсіпорындағы іс жағдайына меншік иесі (Уәкілетті орган) мен Мемлекеттік басқару органы алдында жауапты.

Бас директор дербес басшылық принциптері бойынша әрекет етеді және Қ.Р-ң заңдарында және осы Жарғыда анықталатын өзінің құзіретіне сәйкес, Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін дербез шешеді.

Кәсіпорынның Бас директоры:


  1. сенімхатсыз Кәсіпорынның атынан әрекет етеді;

  2. барлық ұйымдарда Кәсіпорынның мүдделерін қорғайды;

  3. Қазақстан Республикасының заңдарына сай Кәсіпорынның мүлкіне иелік етеді;

  4. шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

  5. сенімхаттар береді;

  6. банктік шоттар ашады;

  7. өзінің құзіреті шегінде және еңбек заңдарына сәйкес Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, оларды көтермелеу шараларын қолданады және оларға жаза қолданады;

  8. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

  9. Мемлекеттік басқару органына өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін кандидатуралар ұсынады;

  10. Мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорынның бас бухгалтерін, филиалдары мен өкілдіктерінің басшылырын тағайындайды және қызметтен босатады;

  11. Мемлекеттік басқару органы анықтаған еңбекақы қоры шегінде еңбекақы қоры нысанын, штат санын, қызметкерлердің лауазымдық жалақыларының мөлшерін, оларға сыйлық беру және өзге де сыйақылар жүйесін бекітеді;

  12. Бас директор орынбасарларының және Кәсіпорынның өзпэ басшы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттерін анықтайды;

  13. Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

  14. Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Жарғымен оған жүктелген өзге де міндеттерді орындайды.

Бас директордың орынбасарлары өздерінің қүзіреті шегінде Кәсіпорынның атынан әрекет етеді, оны мемлекеттік органдар мен басқа үйымдарда білдіреді, сенімхатсыз шаруашылық операцияларын жасайды және шарттар жасасады, сондай-ақ Кәсіпорынның қызметкерлеріне сенімхат бере алады.

Кәсіпорынның мүлкін негізгі және айнымалы құралдары, сондай-ақ құндылықтар қүрайды, олардың қүны Кәсіпорынның дербес балансында көрсетіледі.

Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (үлестер, жарналар) оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлініп берілмейді.

Кәсіпорынның мүлкі:



  1. оған меншік иесінің берген мүлігінің;

  2. жеке қызметінің нәтижесінде Кәсіпорын алған мүліктің (ақша кірістерін қоса алғанда);

  3. Қазақстан Респуликасының. заңцарымен тыйым салынбаған өзге көздердің есебінен қалыптастырылады.

Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу қүқығында бекітілген мүлікп, сондай-ақ оған тиесілі акцияларды сатуға және оларға қатысты сыйга тарту мәмілесін жасасуға құқығы жоқ.

Жарғылық қызметінің мақсаттарына жауып бермейтін, сондай-ақ артық, пайдаланылмаған Кәсіпорынның мүлкі Уәкілетті органның шешімі бойынша алынуы мүмкін.

Мүлікті алу туралы шешімде Уәкілетті орган кейіннен баланстан шығара отырып, алынған мүлікті өзге түлғаға бергенге дейін оны үста/ және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін Кәсіпорынға белгілеуге қүқығы бар.

Кәсіпорын Уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз:



  1. оған (осы Жарғының 22-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда)тиесілі ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтар мен басқа негізгі қүралдарды ұзақ мерзімге (үш жылдан жоғары) жалға беруге, уақытша қайтарымсыз пайдалануға беруге;

  2. филиалдар, еншілес кәсіпорындар қүруға, жеке кәсіпкерлерімен бірлесіп кәсіпорын және бірлескен өндірістер қүруға, оларға өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға;

  3. оған тиесілі акцияларға (осы жарғының 22-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке иелік етуде;

  4. үшінші түлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік және кепілдік беруге;

  5. займдар беруге қүқығы жоқ.

Осы Жарғының 24-бабына сәйкес жасалған мүлікпен мәміледен алынған ақшаны меншік иесі (Уәкілетті орган) өзгеше белгілемесе', Кәсіпорын дербес пайдаланады.

Кәсіпорын егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, негізгі құралдарға жаатпайтын шаруашылық жүргізу құқығында оған бекітілген жылжымалы мүлікке дербес иелік етеді.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы 29201832 теңге соммасында белгіленді және 100 пайызға қалыптастырылды.

Белгіленген көлемге жеткенге дейін Кәсіпорын иелігінде қалған таз;а табыстың кемінде 5 пайызы мөлшерінде жыл сайынғы аударымдар арқылы жарғылық капиталдың 10 пайызы мөлшеріндегі резервтік капиталды Кәсіпорын қалыптастырады.

Резервтік капиталдың қаражаты Кәсіпорынның өзге қаражаты жетіспеген жағдайда тек қана шығындарды өтеуге, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік несиелерді өтеуге және олар бойынша сыйақы төлеуге пайдаланылады.


1-сурет. ҚР Қаржы Министрлігінің ұйымдастырушылық құрлымы
СК (НК) - Сақтандыру комитеті (Налоговый Комитет)

ОА (ЦА) - Орталық аппарат (Центральный аппарат Министерства

государственных доходов РК)

ҚК (КК) - Қазына Комитеті (Комитет казначейства)

ДБК(КНД)-Дәрменсіз борышкерлер комитеті (Комитет по несостоятельными должниками)

1.1.2 Кәсіпорын қызметінің мәні және мақсаттары

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты қаржы саласында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және ақпараттық - есептеу қызметтерін көрсету болып табылады.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін орындайды:


  1. Мемлекеттік басқару органының бөлімшелеріне және басқа ұйымдарға ақпараттық - есептеу қызметтерін көрсету;

  2. Ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері жөніндегі үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

  3. Мемлекеттік басқару органының жергілікті есептеу желісінің және коммуникациялық жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  4. Қазіргі технологиялық және бағдарламалық қүралдардың базасында ақпараттық жүйені әзірлейді және енгізеді, бөлімшелердің тапсырыстары және Мемлекеттік басқару органы бекітілген жоспары бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;

  5. Есептеу және коммуникациялық техникаларының қүралдарын жабдықтау, техникалық және жүйелік қызметін көрсету;

  6. Есептеу техника қүралдарын пайдалануды қоса алғанда жаңа және қолданып жүрген нүсқаулар мен әдістемелердің жетілген ережесін жасау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеугө қатысу;

  7. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық қүралдардың амортизациялық мерзімдерін анықтайтын нормативтік қүқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, бағдарламалық қамтамасыз ету қүнын шығару мәселелері жөнінде қорытынды дайындау;

  8. Мемлекеттік басқару органының және оның қүрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жүмыс істеу жағдайындағы жүмыстарын оқытуына қатысу;

  9. Жеке және заңды түлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың қаржылық мемлекеттік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі үшін техникалық жағдайларды үйымдастыруға қатысу;

  10. Бағдарламалық өнімдерді өңдеудің және көрсетілетіи қызметтер сапасын жақсарту мақсатында бағдарламалық және есепте/ қүралдарын әзірлеушілердің және пайдаланушылардың бірлестіктер мен қауымдастықтар қызметіне қатысу;

  11. Ұжымдармен, оның ішінде шетел ұйымдарымен ақпараттандыру жөніндегі мәселелер бойынша өзара іс-әрекеттер меи ынтымақтастықтарды іске асыру;

Мемлекеттік лицензиялауға жататын қызметті Кәсіпорын тиісті лицензия болған кезде жүзеге асырады. Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген өзінің қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, мәмілелер жасауға құқығы жоқ.

Кәсіпорын жеке қызметінен түсетін-кірістердің есебінен ұсталады.

Кәсіпорынға қаржы бөлу Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіппен беріледі.

Кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігін есептеу нормативін Қазақстан республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік басқару органы белгілейді.

Кәсіпорынның таза кірісінің бөлігі белгіленген нормативтер бойынша республикалық бюджетке есептеуге жатады.

Кәсіпорын өндіретін тауарлардың ( жұмыстардың, қызметтердін) бағасы Кәсіпорынның өндірісіне кеткен шығындарды толық өтеуін, оның қызметінің шығынсыздығын және жеке шығындарды толық өтеуін, оның қызметінің шығынсыздығын және жеке кірістерінің есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс.


1.1.3 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қосымша мәліметтері

Кәсіпорынның жауапкершілігі

Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша иелігіндегі барлық мүлікке жауап береді.

Кәсіпорынның мүлкінің меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Мемлекет Уәкілетті органның немесе Мемлекеттік басқару органының іс-әрекеттерінен болған банкроттық жағдайын қоспағанда, Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Еңбек ұжымымен өзара қатынас

Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек үжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкез анықталады.

Жүмыс режимін Бас директор Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген кепілдерді есепке ала отырып белгілейді.

Филиалдары, өкілдіктері және еншілес кәсіпорындары

Жарғылық міндеттерін орындау үшін Кәсіпорынның Уәкілетті органның жазбаша келісімімен филиалдары мен өкілдіктер құруға құқығы бар.

Филиалдар мен өкілдіктер өзінің қызметінде Кәсіпорынға есеп береді.

Филиалдар мен өкілдіктер өз қызметін Кәсіпорын Бас Директоры бекітетін Филиал туралы ережеге сәйкес жүзеге асады.

Филиалдар мен өкілдіктер басшылырын Кәсіпорын Бас директорының ұсынысы бойынша Мемлекеттік басқару органы тағайындайды және оның сенімхатының негізінде жүзеге асырады.

Еншілес кәсіпорын Уәкілетті органмен және бағалық және монополияға қарсы саясат жөніндегі орталық атқарушы органмен келісе отырып, Кәсіпорынның Мемлекеттік басқару органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі рұқсаты бойынша құрылады.

Еншілес кәсіпорынның басшысы Мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын Бас директоры тағайындалады.

Еншілес кәсіпорынның Жарғысын мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорынның бас директоры тағайындалады.



Есепке алу және есептілік

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Бас директор бекітетін есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік есепте берілген мерзімдеріне сай Мемлекеттік органына, қаржы, салық және статистикалық органдарға бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептілікті береді және оның растығына жауап береді.


Кәсіпорынды тарату және қайта ұйымдастыру

Кәсіпорынды тарату және қайта үйымдастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын азаматтық заңда көзделген басқа негіздер бойынша д.а таратылуы мүмкін. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көрсетілмесе, кәсіпорынды қайта үйымдастыруды жәнө таратуды Уәкілетті органмен келісім бойынша Мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.

Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған тартылған Кәсіпорынның мүлкін уәкілетті орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптарын қанағаттарын қанағаттандырғаннан кейін қалған Кәсіпорынның мүлкін іске асыру нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тартылған Кәсіпорынның ақшасы республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.

ҚР Қаржы Жүйесін Ақпараттандыру Орталығының сипаттамасы
Қаржы Жүйесін Ақпараттандыру Орталығы
РМК «Қаржылық жүйелерді ақпараттындыру ортальғы » компьютерлік желілік және ақпараттық технологиялар нарығында 1978 жылдан бері жұмыс жасайды. Құрылған уақыттан бастап қазіргі күнге дейін Орталық Қаржы Министрлігінң құрылымдық өзгерістеріне сәйкос бірнеше өзгерістерге ұшырады.

Қызметтің негізгі түрі ақпараттық жүйелерді жасап шьғару, сүйемелдеу, әкімшілік баскару және есептеу техникасына жүйелік -техникалық қызмет көрсету. Қызмет аймағы қаржылық есептерді автоматтандыру.

Орталық сонымен бірге мемлекеттік органдарды ақпараттандыруға арналған мақсаттық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық - есептеу құралдарын есепке алу жүзеге асырылған «ИТР мемлекеттік тіркеуді жүргізу» ақпараттық жүйесі жасалынды. Дайындау барысында мәліметтерді объектілі - бағыттау тәсілі технологиясы қолданылды.

Орталық өз мамандарына жоғары тәжірибе беруге үлкен көңіл бөледі. Қазіргі уақытта бізде мынадай бағыттар бойынша 40 сертификатталған мамандар жумыс жасайды. Өнеркәсіптік CYH, UNIX, операциялық жүйелерін баскару, Cisco, CheckPoint, EnteraSys қүрылғылары, Novell өнімдері, ақпаратты қорғау, Case технологияларын қолдану арқылы жобалау, Developer, Design, Oracle, Delphi, SAP технологияларында программалау.



Орталық қызметінің болашақтағы бағыттары ретінде мемлекеттік органдарды ақпараттандыруды қорғауды , бюджеттік жоспарлау ақпараттық жүйелерін, бюджетті орындауға қаржылық бақылауды әрі қарай дамыту, мемлекеттік мекемелердің әкімшілік қызметін және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік басқару типтік ақпараттық жобаларын құру деп есептейміз. Сонымен бірге орталық қызметін куәландыруды жүзеге асыруға лицензия алу, қазыналық жүйеге техникалық қолдауды қамтамасыз ету үшін мамандар даярлау.
Қызметі, мақсаты, құққықтары және жалпы ережелер
ҚЖАО пәні мен мақсаты ақпараттық жүйелерді жасап шығару мен қаржылық қызмет саласында ақпараттық есептеу қызмет кфсету бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындау болып табылады.
Қызметінің пәні мен мәқсатына сәйкес ҚЖАО негізгі міндеттері мыналар:

  • Министрлік бөлімшелеріне және баска ұйымдарға ақпараттық-есептеу қызмет көрсету;

  • Министрлік бекіткен жоспарларға сәйкес қазіргі заманғы технологиялер мен программалық құралдар негізінде акіараттық жүйелерді жасау және енгізу;

  • Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттң үлестік қатысуымен шаруашыльқ серіктестіктер бойынша реестр қызметін атқару;

  • Министрлік жоспарларына сейкес министрлік белімшелерін есептеу, коммуникациялық, техникалық және оргтехникалық құралдармен қамтамасыз ету;

  • Информациялық технологияларды мемлекеттік мекемелерге енгізу бойынша үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыруа қатысу.


Негізгі мақсатына сәйкес ҚЖАО:

  • Ақпараттандыру бойынша министрліктің үзақ мерзімдік және жылдық жоспарларымен осы макратқа шығын сызбасы жобасын қалыптастырады;

  • Министрліктің ақпараттандыру саласындаы біртутас саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады;

  • Министрлік бөлімдерінің ақпараттандыру мәселелері бойынша жұмысын басқаруды жүзеге асыру;

  • Информациялық технологияларды мемлекеттік мекемелерді енгізу мон дамыту бойынша үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыруа қатысады;

  • Министрлік бөлімдеріне ақпараттық-есептік қызмет көрсетеді;

  • Бекітілген жоспарларға сәйкес министрлік бөлімдері тапсырыстарына сәйкес программалық жабдықтарды дайындайды, енгізеді хөне сүйемелейді;

  • Мемлекеттік кәсіпорындар мен .мекемелер, мемлекеттң үлестік қатысуымен шаруашыльқ серіктестіктері бойынша реестр жүргізеді;

  • Есептеу және коммуникациялық техника құралдарына техникалықжәне жүйелік қызмет көрсетеді;

  • Министрліктің қажеттіліктеріне есеп жүргізеді, министпрлікті жэю оның бөлімдерін қажетті құрал жабдықгармен және материалдармен қамтамасыз етеді;

  • Мемлекет бөлімдеріне жеткізілетін жалпы ж\йелік және офистік программалық жабдықтаудың есептеу жабдығы мен оргтехниканың (көбейту құралы) техникалық спецификасиясын анықтайды;

  • Министрлік тапсырған қаржы және материалдық ресурстарды мақсатка сай және тиімді қолдануды қамтамасыз етеді;

  • Жоғары мамандандырылған персоналдарды тарту және жана технологияларды енгізу арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, түрлерін кеңейтеді;

  • Есептеу техникасы құралдарын қолданумен бірге инструктивті жәие әдістемелік жағдайлардьң жаңаларын құру және ескілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасап шьғаруға қатысады;

  • Программалық жабдықгау мен техникплық құралдарды аммортизациялау мерзімін анықтайтын нормативтік-құқықтьқ актілерді дайындауға қатысада, программалық жабдықтау бағасын министргік балансынан шығару материалдарын қарастырады және дайындайды;

  • Автоматтандырылған жүйелер қызметі жағдайында министрлік және құрылымдық бөлімдерінің жұмысшыларэін қызмет жасауга үйретуге қатысады.


ҚЖАО құқықты:

  • Ақпараттық процестерді автоматтандыру бойынша құралдарды дайындау, енгізу және қрлдану үшін қажетті ақпаратты министрлік бөлімшелерінен алуга (келісім бойынша);

  • Министрлік және оның бөлімшелерінің тапсырысы бойынша келісілген жұмыс көлемі негізінде ақпараттық есептеу қызметін орындауға минстрлікпен келісілген бағалар мен тарифтер бойынша келісімдөр жасауға;

  • Шығындардың толық қайтарылуын, шығынсыз к^Ізмет және жеке кіріс есебінен қаржыландыруға мүмкіндік беретін көрсетілетін қызметтерге баға тағайындау;

  • Басқа заңды тұлғаларға шарт негізінде ақпараттық - есептеу қызметін көрсету;

  • Программалық және есептеу құралдарын жасаушылар мен қолданушылар бірлестіктері мен ассоциацияларына кіру;

  • Ақпараттандыру мәселелері бойынша басқа ведомствалармен фирмалармен, сондай-ақ шетелдік ұйымдармен қарым-қатынас орнату;

  • Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен 1995жылы" 19 маусымда бекітілген №2335 "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заңында көрсетілген шектеулерден басқа да қызмет түрлерін іске асыру.


Жалпы ережелер:

  1. Корпаративтік есептеу желілер басқармаларының қызметтері мен мүмкіндіктері.

Осы ереже ҚР ҚМ есептеу желілер администраторларының ақпараттық қауіпсіздігіне байланысты олардың құқығы, міндеттері және жауапкершіліктерін белгілейді.


  1. Ақпараттық көшірмелердің қоры туралы

Берілген нұсқау ҚР ҚМ корпаративті есептеуіш желілерінің программалық және ақпараттық қорларын резервке көшірілуін міндеттейді. Сонымен қатар дербес компьтерлерді қолданушылардың жауапкершілігін орнатады.

Жоғарыда айтылған міндеттер ақпараттық технология Департаментімен бақыланады.




  1. Дағдарыс жағдайларда атқарылатын іс-әрекеттер туралы

Берілген нұсқауда ҚР ҚМ корпаративті есептеуіш желілерінің дағдарыс кезінде қайта қалпына келтіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері қарастырылған.

Жоғарыда айтылған міндеттер ақпараттық технология Департаментімен бақыланады.




  1. Порольдік қауіпсіздік туралы

Берілген нұсқауда порольдарды пайдалану, ауыстыру, доғару және есеп жазбасын өшіру жайында айтылған.

Порольдік қауіпсіздікке қойылатын талаптар мен бақылаулар ақпараттық технологиялар Департаментімен жүзеге асырылады.




  1. ҚР ҚМ корпаративтік есептеу желісідегі ақпараттық қорға қосылған дербес компьютерлер пайдаланушыларының жұмыс істеу ережелері.

Бұл нұсқауда ҚР ҚМ ақпараттық жүйесінің қауіпсіздігіне байланысты дербес компьютер пайдаланушыларына істеуге болатын және болмайтын іс-әрекеттер қарастырылған.

1-кесте
«ҚЖАО» РМК-ның Әкімшілігі




Қызметі

Тегі, аты-жөні

Телефон

Бас директор

Молдабаев Р.А.

+7(3172)71-85-05

Басдиректор орынбасары

Машанов Е.С.

+7(3172) 71-85-15

Бас бухгалтер

Гончарук Е.А.

+7(3172)71-85-16

Басқару және шаруашылық басқармасы


Токтарова З.А.

+7(3172)71-85-16

Ақпараттық жүйені құру басқармасы


Калкаманова Г.Ф.

+7(3172)71-76-70

Ақпараттық жүйені ендіру және сүймелдеу басқармасы


Жаркенова Ш.Ж.

+7(3172)71-85-17

Серверлерді басқару басқармасы


Елемисова Ш.Р.

+7(3172)71-85-19

Телекомуникация басқармасы


Катенов Р.А.

+7(3172)71-82-32

Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру басқармасы


Кусаинбекова К.Ж.

+7(3172)71-85-21

Жүйелік-техникалық қамтамасыздандыру басқармасы


Яроцкий С.А.

+7(3172)71-82-34


Ұйымдастырушылық құрлымы


        1. Әкімшілік

  1. Бухгалтерия

  2. Басқару және шаруашылық басқармасы

  • Заңнамалық және кадрлық жұмыс бөлімі

  • Жүмысты жоспарлы - ұйымдастыру бөлімі

  1. Ақпараттық жүйені құру басқармасы

  • Жүйелік анализ және бизнес жоспарлау бөлімі

  • Функционалды жобалау бөлімі

  • Стандарттық программалау бөлімі

  • Программалау бөлімі

  1. Ақпараттық жүйені ендіру және сүймелдеу басқармасы

  • Тестілеу және талдау бөлімі

  • Ендіру және оқу бөлімі

  • Ақпараттық жүйені сүйемелдеу және техникалық қолдау бөлімі

  1. Серверлерді басқару басқармасы

  • МББЖ-ны басқару бөлімі

  • Операциондық жүйелерді басқару бөлімі

  1. Телекомуникация басқармасы

  • Локальді-есептеу желілерін басқару бөлімі

  • Корпаративтік желілерді басқару бөлімі

  1. Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру басқармасы

  • Нормативтік құжаттарды құру бөлімі

  • Ақпараттық жүйелерді қорғауды басқару бөлімі

  1. Жүйелік-техникалық қамтамасыздандыру басқармасы

  • Министрліктерді ЖТҚ бөлімі

  • Комитеттерді ЖТҚ бөлімі

  • Бөлек ұйымдарды ЖТҚ бөлімі

«ҚЖАО» РМК -ның қызметкерлерін оқу жүргізетін оқу орындары:

1 Қазақстандағы АйТи акдемиясы

2 САМАН МАТИ тестілеу және оқыту орталығы

3 Interface HD Мәскеу қ..

4 Алматы қаласындағы Oracle оқу орталығы

5 «Ақп. сақтау» ҒЗК (Ғылыми зерттеу кәсіпорны) ЖАҚ

6 «Микроинформ» оқу орталығы

7 Астана қ.-ғы АЖИ ЖАҚ оқу орталығы

8 СоmТес оқу орталығы Мәскеу қ..



9 Red Center оқу орталығы Мәскеу қ..
Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру басқармасы
Жалпы ережелер

  1. Ақпараттарды қорғауды ұйымдастыру басқармасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіндегі Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын (РМК) Қаржылық жүйелерді автоматтандыру орталығының (ҚЖАО) құрылымдық бөлімшесі;

  2. Өздерінің қызметін ҚР-ң заңды және нормативтік актілеріне, ҚР-ң Қаржы Министрлігінің бұйрықтарына, жарғыға және осы орталықтың жалпы ережелеріне сүйенеді;

  3. Бөлім, осы орталықтың (ҚЖАО-ң) басқа да бөлімшелерңмен өзара тығыз қарым-қатыныста қызметін атқарады;

  4. Басқарма екі бөлімнен тұрады:

  1. Нормативтік құжаттарды құру бөлімі

  2. Ақпаратты қорғау жүйесін басқару бөлімі


Бөлімнің негізгі максаты мен тапсырмалары

  1. Бөлімнің негізгі мақсаты ҚР ҚМ-ң және басқа да ұйымдардың ақпараттық жүйелерде акпараттарды қорғауды ұйымдастыру.

  2. Ақпараттарды қорғауды ұйымдастыру басқарманың негізгі мықсаты:

    1. Ақпараттық қауіпсіздіктің қамтамасыз етудегі бірыңғай саясатқа сәйкес ақпараттарды тасмалдағыштарға көшіру, өңдеу және жеткізу;

    2. Ұйымның іс-шараларға қатысу ақпараттарды кешенді қорғауды құрудың технологйялық циклдерімен барлық кезеңдеріндегі жүмыстарды координациялау;

    3. Ақпараттарды қорғауда қолданылатын әдістер мен шаралардың қаншалықты тиімді екендігін бағалау және бақылау;

    4. Шет үйымдардың ақпараттарын қорғауды ұйымдастыру шеңберінде консалтинг жүргізу, нормативтік құжаттарды құруда және ақпараттық ресурстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-жоспарларын өңдеу;

    5. ҚР ҚМ-ң және шет ұйымдардың ақпараттық жүйесін қорғауды сүймелдеу;

    6. ҚР Қаржы Министрлігінің (ҚМ) ақпараттарды қорғау жүйесіне қойылатын шарттарын анықтау электронды тасмалдағыштардағы қүжаттардың алмасуы және ҚР ҚМ-нің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орталықтандырылған саясат жүргізу;


Басқарманың функциялары

  1. Ақпараттарды қорғауды ұйымдастыру басқарманың негізгі функциялары:

    1. Өздерінің тапсырмалары мен-функциялары шеңберінде РМК ҚЖАО-ның мүддесін өкілділік ету;

    2. ҚРҚМ-н және басқа да ұйымдарының ақпараттарын қорғауды ұйымдастыруға және ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты сұрақтар мен іс-әрекеттерге ат салысу;

    3. Ақпаратты өткізу кезіндегі оны қорғау туралы шет мекемелермен келісім шартқа отыру;

    4. Ақпараттық айырбас пен құжат айналымының алмасуына байланысты технологияларға қатысты техникалық тәртіптерді анықтау;

    5. Программалық және техникалуқ құралдарын қабылдау, өткізу және қолдануға беру үрдісіне қатысу;

    6. Ақпаратты қорғау саласында нормативтік құжат құру;

    7. Ақпаратты қорғау саласында консалтингтік қызмет көрсету;

    8. Тапсырыс берушінің ақпараттық жүйесін қолдануда қауіпсіздік ережелөрінің сақталуын бақылау;




  1. Нормативтік құжаттарды құру бөлімінің негізгі функциялары:

    1. Ақпаратты қорғау саласында консалтингтік қызмет көрсету;

    2. Техникалық конкурстық құжат дайындау;

    3. Ақпаратты қорғау саласында нормативтік-заңнамалық құжат дайындау;




  1. Ақпаратты қорғау жүйесін басқару бөлімінің негізгі функциялары:

    1. ҚР ҚМ және шет мекемелердің ақпартты қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді кординациялау жұмысына белсенді қатысу;

    2. Технологияға байланысты ақпараттық айырбас және құжат айналысына байланысты техникалық қиысу;

    3. Программалық және техникалуқ құралдарын қабылдау, өткізу және қолдануға беру үрдісіне қатысу;

    4. Тапсырыс берушінің ақпараттық жүйесін қолдануда қауіпсіздік ережелөрінің сақталуын бақылау;


Басқарма кұрылымы

  1. Басқарма меңгерушісі басқарманың құрылымдық-методикалық және

жоспарлау жұмысын атқарып, басқармаға қойылған міндеттердің атқарылуына жауапты болады;

  1. Басқарма меңгерушісі бас директор жарлығымен қызметке тағайындалып және қызметтен босатылатын жетекшілер категориясына жатады;

  2. Басқарма меңгерушісі қызметіне жоғарғы техникалық немесе инженерлі-экономикалық білімі бар, ақпараттық технология саласында кем дегенде 3 жыл стажы бар азаматтар қабылданады;




  1. Басқарма меңгерушісі:

    1. Мекемені және ақпараттарды қорғауды ұйымдастыру басқармасын басқару;

    2. Басқарманың жұмыс уақытын белгіленген тәртіп бойынша жүргізу;

    3. Белгілі формаға сай атқарушылардың есеп беруін және жеке жоспарын бекіту;

    4. Бекітілген жоспарға сай басқарманың жұмысын толығымен атқарылуына байланысты міндетті тұлғаны тағайындап, жұмысшылардың толығымен жұмыспен қамтылуын бақылау;

    5. Жұмысшыны қызметке тағайындау, қызметін ауыстыру, қызметтен түсіру бас директордың орынбасарымен келісіп, бас директорға тапсыру;

    6. Штаттық күнтізбесінде өзгертулерде, бекітілген жоспарлық жұмыстарда бас директорға ұсыныстар жасау;

    7. Берілген тапсырманы тез және сапалы орындау жұмысын қамтамасыз ету;

    8. Бас директордың тексеретін орынбасарына тапсырыс берушімен келісім шартқа отыруда ұсыныстар жасау;

    9. Қажетті есептік және есеп беру құжаттарын дайындау;

    10. Басқарманың жұмысшыларына жұмыс істеу барысында теориялық және методикалық көмек көрсету;

    11. Жұмысшылардың тәртіп сақтауын бақылау;

    12. Жоспарлы жұмыстардың атқарылуын бақылап, жұмысшылардың өз уақытында міндетіне сай атқарылған жұмыс жайында есеп беруін талап ету;

    13. Тапсырыс берушінің алдында борышын толығымен атқару;

    14. Өз уақытысында атқарылған жұмыс жайында акт дайындап, тапсырыс берушіге қол қойдырту;

    15. Уақтысына сай атқарылған жұмыстың тоқсандық және жылдық есеп берулер дайындап, жұмысшыларға сыйақы тағайындау;

    16. Басқармаға байланысты басшылардың проект шешімімен танысу;

    17. Өз құзіретіне сай құжаттарға қол қою;

    18. Кәсіби деңгейін үздіксіз жоғарлату;

    19. Басқарма атынан жұмыс істеп, басқарма жұмысына байланысты мекеменің және шет ұйымдардың алдында қызығушылығын көрсетеді;

    20. Мекеменің меңгерушілерімен қарым-қатынаста болып, керектә ақпаратты және құжатты алып, өз міндеттерінің атқарылуын қамтамасыз ету;




  1. Басқарма меңгерушісі жауапкершілік тартады:

    1. Кәсіби келісім шартқа сай берілген жұмыстың сапасыздығына немесе бітірмеуіне;

    2. Мекеменің жалпы ережелерінің және басқада құжаттарының орындалмауы;

    3. Басқарма жұмысшыларының жұмыс тәртібін сақтамауына;

    4. Өз жұмысына байланысты құпия мәліметтерді жария етуі;

    5. Басқарманың құжаттауын дұрыс жүргізбеуі;

    6. Басқармаға келіп түскен құжаттарды және техникалық тасығыштарды сақтамауы;

    7. Басқармада өрт қауіпсіздігін және өндіріс тазалығын жүргізбеуі;

  2. Осы ережеге, ҚР заңнамасына, мекеме жарғысына, мекеменің бас директорының жарлығы мен саясатына жәнеде басқа нормативтік құжаттарға сәйкес басқарма меңгерушісі өз жұмысын атқарады;

  3. Басқарма жұмысшылары қызметке тағайындалуы және босатылуы басқарма меңгерушісінің ұсынысымен, бас директор жарлығымен жүзеге асады;

  4. Басқарма жұмысшыларының қызметінің ауысуы басқарма меңгерушісінің ұсынысымен, бас директор келісімімен жүзеге асады.

Мекемедегі eTrust Antivirus программасын орнату ережесі:



  1. Сервердегі ftp://192.168.1.51/Avp/eTrust_Antivirus/Install/Russian/Setup.exe адресі бойынша орнатуды іске қосамыз.

  2. Ашылған терезеде «Установка» бөлімін таңдаймыз.

  3. Келесі терезеде «Клиент администратора» бөлігін белгілеп, далее батырмасын басамыз.

  4. Келесі терезеде «Установка» батырмасын басамыз. Осымен орнату жұмысы аяқталды.

Келесі қадамдар eTrust Antivirus программасын дұрыс жұмыс істеу тәртібіне келтіру:


  1. Жаңарту параметрлерін тәртіпке келтіру

  1. Ашылған терезеде Сканер→Параметры обновление сигнатур командасын таңдап аламыз.

  2. Ашылған терезеде «Планирование» бөлімінде автоматтық жаңартудың уақытын және мерзімін белгілейміз.

  3. «Входящие» бөлімінде жаңартудың орналасқан жерін көрсетеміз:

    • FTP тәсілін таңдаймыз

    • Адресті: 192.168.1.51 деп көрсетеміз

    • Қашықтықта тұрған компьютердегі жолды көрсетеміз /Avp/eTrust_Antivirus/update

  4. Жаңарту батырмасын басамыз




  1. «Монитор реального времени» жұмысын тәртіпке келтіру

Ашылған терезеде Сканер→Параметры монитора реального времени командасын таңдап аламыз.

  1. Сканирование бөлімі

    • Тексеру бағытында «Исходящие и входящие файлы» бөлімін таңдаймыз

    • Қауіпсіздік деңгейін «Безопасный»деп таңдаймыз

    • Вирус табылған жағдайдағы іс әрекеттер бөлімінде «Лечить файлы» дегенді таңдаймыз

  2. Выбор бөлімі

  • Сканер ядросын vet деп қоямыз

  • Тексеруге ұшырайтын файлдар бөлімінде «Все расширения» деп қоямыз

  • Қысылған файлдарды тексеруге рұқсат береміз

  1. Фильтры бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз

  2. Дополнительно бөлімі

  • Қорғалатын алаң «Защитить флоппи-дисководы» деп көрсетеміз

  • Қосымша қорғау тәсілдеріне «Разрешить быстрое резервирование» таңдаймыз

  • Шығатын ақпарат санын 1 деп қоямыз

  1. Карантин бөлімі

  • «Активировать карантин» бөлімін ерекшелеп «Срок карантина» 90мин деп береміз

  1. Статистика бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз.




  1. «Локальный сканер» жұмысын тәртіпке келтіру

  1. Сканирование бөлімі

    • Қауіпсіздік деңгейін «Безопасный»деп таңдаймыз

  • Сканер ядросын vet деп қоямыз

    • Вирус табылған жағдайдағы іс әрекеттер бөлімінде «Лечить файлы» дегенді таңдаймыз

  1. Выбор бөлімі

    • Тексерілетін обьект «Память», «Загрузочный сектор», «Файлы» деп белгілейміз

  • Тексеруге ұшырайтын файлдар бөлімінде «Все расширения» деп қоямыз

  • Қысылған файлдарды тексеруге рұқсат береміз

  1. Отображение бөлімі

  • Диски бөлімінде «Приводы CD-ROM», «Флоппи дисководы» және «Съемные накопители» бөлімшелерін белгілейміз

  • Файлы бөлімінде Не показывать... дегенді белгілейміз

  • Отчетты көрсетуге рұқсат береміз

  1. Каталог бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз

  2. Журнал бөлімі

  • Фильтр бөлімшесінде «Зараженные» және «Пропушенные файлы» дегенді белгілейміз



1.3. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы


Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің ақпаратты қорғау бөлімінің жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр.

Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар қарқынды жылдамдықпен дамуда. Сол дамудан артта қалып қалмау үшін жаңартылып жатқан технологияларды меңгере отырып жүйелерді жаңартып отыру қажет. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.

Бұл талаптар мыналар:


  • Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

  • Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.

  • Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар

  • Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

  • Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
1.4. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.

Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.

Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.

Ақпараттық жабдықтау

2-кесте



Элементтер

Сипаттамалар

Ақпараттық технология

Мәліметтер базасында негізделген

Мәліметтер базасы типі

Реляциондық

Кодтау жүйесі

Фасеттік жүйе

Ақпараттық қорғау

АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.


1.4.2. Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.

Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі.

1.4.3. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.

Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:


  1. Ақпаратты алу.

  2. Ақпаратты түрлендіру.

  3. Ақпаратты тұтыну.

Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.

Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.

Үшінші саты – операциялар тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.

Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:



  1. ақпаратты жинау және тіркеу;

  2. ақпаратты өткізу;

  3. машиналық тасығыштарды дайындау;

  4. ақпаратты өңдеу;

  5. ұйымдастыру техникасы.

Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.

Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.

Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.
3-кесте

Техникалық құралдар кешені



Техникалық құралдар атауы

Физикалық модуль

Сипаттамалары

ДЭЕМ Іntel Pentіum 4

Процессор

Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор


Перне тақтасы

Тышқан


Іntel, 2.4MHz
512Mb

80Gb


19 дюймдік

105 батырмалы

2 баспалы


Принтер

Принтер

HP LaserJet

Факс – модем

Факс – модем

Sony – 42S

Телефон

Телефон

Panasonіk



1.4.4. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.

Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін программалар жатады.

Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.

Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.

Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:


  • Мәліметтерді басқаруда ;

  • мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;

  • деректі программалық әдістерін;

  • дискретті программалар әдістерін;

  • үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды

орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады.

Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.


Программалық жабдықтау

4-кесте


Тип

Атауы

Мүмкіндіктері

Жалпы программалық жабдықтау

ОЖ

Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0

Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.

Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0

MS Offіce XP



Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.

Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal

Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.

Арнаулы программалық жабдықтау.

ҚПП

Delphі 7

Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.

МББЖ

Paradox 7

Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау.

Қорғау

ОЖ паролі

Желіге енуді бақылайды.

МББЖ паролі

МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.

Вирусқа қарсы программа

Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі.


1.5. Концептуалды схема
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.

Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді.

Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.

Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі.

Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.

Жүйеше дегеніміз-жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.

Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі- ол жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.

Функционалдық жүйеше–нақты функциянермен шектелгенАқпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.

Қамтамасыз ету бөлігі- бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)

жүйенің қызымет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.

Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады- техникалық қамтамасыз ету, бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ)

«Алматы қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң ақпараттық жүйесінің концептуалдық сызбасы 2-ші суретте көрсетілген:


2-сурет






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет