Р. Б. Доскалиева


Диагностиканың тестілік негізін қалаушы



Pdf көрінісі
бет38/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Диагностиканың тестілік негізін қалаушы американдық 
психолог Дж.М.Кеттел (1890) болып есептеледі. Өйткені, оның 
«Ақыл-ой тестілері мен көрсеткіштері» атты мақаласы 
диагностиканың нақты әдістерін жасауға үлкен үлес қосты. 
Кеттел сондай-ақ «тест» деген терминді енгізіп, алдына тұлғаны 
зерттеу міндетін қойды. Кеттелдің америка университеттерінде 
әлі күнге дейін оқу орындарына түсушілердің интеллект деңгейін 


69 
тексеру дәстүрі (1861) кеңінен қолданылуда. Соңынан 
интеллектінің кешенді тестілерінің көмегімен тұлғаны тұтас 
қарау басталды. Бұл тұрғыдан А.Бине ақыл-ой дамуының 
тестісін ойлап тапты (1905), сондай-ақ, Г.И.Россолимо (1910) 
«психологиялық профильдерді» жасады. Соңынан Э.Торндайк 
пен оның шәкірттері (1904) жетістіктер тестілерін құрды. 
Психодиагностика сөзінің бірнеше анықтамасы бар екені 
белгілі. Оның себебі – диагностикалық іс-шаралар әртүрлі 
салаларда әртүрлі мақсатпен қолданылады. Өйткені, психология 
дегеніміздің 
өзі 
көптеген 
ұғымдардың, 
теориялардың, 
тұжырымдамалардың және әдістердің жиынтығы болып 
табылады. Бұл жерде психодиагностика анықтамалары оның 
жекелеген бөліктерін біріктіріп, түрлі теориялық көзқарастар 
бойынша диагностикалық әрекет-амалдарды біртұтас жүйеге 
келтіріп, топтастырған. Мұнда психодиагностика төрт 
құрамды бөліктің бірлігі ретінде суреттеледі: 
1) тест теориясы немесе психометрия; 
2)жеке ерекшеліктер, психикалық даму мен әлеуметтік 
қоршаған ортаның айырмашылықтары туралы теориялық 
түсініктер. Бұл теориялар бізге негізгі ұғымдарды береді; 
3) тестілер, әдістемелер, іс-әрекет амалдары (тапсырмалар, 
сұрақтар, тест, эксперименттер, нәтижені есептеу жүйесі, 
анықтамалар түрлері). Әдістемелер бастапқы теориялық 
түсініктермен тығыз байланысты; 
4) диагностикалық процесс. 
Төменде келтірілген кестеде жоғарыда аталған төрт құрамды 
бөлік пен үш деңгейдің ара қатынастары берілген. 
4- кесте.Пиходиагностиканың құрамды бөлімдері 
 
Тест 
теориясы 
Психоло- 
гиялық 
теориялар 
мен ұғымдар 
Тестілер 
мен 
әдістеме-
лік 
құралдар 
Диагностика- 
лық процесс 
Тұрмыс 
тық сана 
деңгейі 
Мысалы, 
«сенімді» 
(адам) 
ұғымы 
Мысалы, 
тұлғаға 
берілген 
белгілі 
бір 
Мысалы, 
мағыналы 
ойлау 
деңгейін 
Мысалы, 
мағыналы 
ойлау 
деңгейінде 


70 
мінездеме
де ақпа- 
ратты 
іріктеу 
бағалау 
Психоло 
гиялық 
теориялар 
мен 
тұжырым-
дамалар 
деңгейі 
Мысалы, 
қайталану-
шылық 
Мысалы, 
қасиеттер 
теориясы 
Мысалы, 
кейбір 
тестілер 
Мысалы, 
эмперика-
лық 
және 
диагностка 
лық циклдар 
Математи 
калық 
үлгі 
деңгейі 
шынайы 
дисперсия 
ның 
жалпы 
дисперсия-
ғаара 
қатынасы 
Жағдаяттық 
талдау 
негізінде 
құрылған 
тұлға үлгісі 
Теориялық 
негіздерге 
сүйенген 
бағандар 
Мысалы, 
шешімдердің 
нормалық 
үлгілері 
Бірінші құрамды бөліктің тестілер теориясында диагностикалық 
мәліметтерді өңдеудің статистикалық үлгілерінің анықтамалары 
берілген. Мұнда тест тапсырмаларындағы жауаптарды талдаудың 
үлгілері мен тест нәтижесінің жалпы қосындысын есептеу үлгілері 
жинақталған. Мелленберг (1980, 1990) оны «психометрия» деп 
атады. Тестілердің дәстүрлі теориясы, тестілердің қазіргі теориясы 
(немесе тест тапсырмаларындағы жауаптарды талдаудың үлгісі –
ІRT) мен тапсырмаларды таңдау үлгісі тест теориясының үш 
маңызды үлгілері болып табылады.
Психодиагностиканың келесі құрамды бөлімі- психологиялық 
теориялар мен психологиялық құрылымдар, мұнда психодиагностика 
негізгі 
психологиялық 
әдіснамалар 
мен 
тұжырымдама, 
заңдылықтарды негізге ала отырып жүргізіледі. 
Берілген сызбаның үшінші құрамды бөлігі –тұлға туралы 
мінездемелік сипаттағы ақпарат жинауға арналған психологиялық 
тестілер, іс-шаралар мен әдістемелік құралдар. Кез-келген мақсатты 
ойластырылған іс-әрекеттің белгілі бір бірізділікке бағынған 
құрылымы болады: қашанда бастауы, негізгі бөлімі мен 
қорытындылау кезеңі болмақ. Психодиагностиканы да белгілі бір 
мақсаттарға жетуге ұмтылған процесс ретінде қарастырамыз.


71 
Психодиагностиканың 
төртінші 
құрамды 
бөлігі 

диагностикалық процесс, оның негізгі бөлімі сыналушы туралы 
ақпарат жинау және сыналушы проблемасына жауап беру. Әдетте 
диагностикалық процесті шешім қабылдау процесі деп аталады және 
психодиагностика маманының қызметіндегі әрекеттердің жиынтығы 
болып саналады.
Соңғы кездер үлгілерді біріктіру нәтижесінде пайда болған жаңа 
үлгі диагностика маманы үшін болжамдарды тексеру үлгісі деп 
аталады. Онда психодиагностика маманының жұмыс кезеңдері 
сипатталған. Мысалы: 
1) сыналушы баяндаған мәселенің мән-жайын түсіну; 
2) мәселені нақты деректер тіліне көшіру, сыналушының 
мәселені қабылдауы; 
3) аталған мәселеге қарай мінез-құлық ерекшеліктері туралы 
дербес болжамдарды анықтап, топтау; 
4) қалыптан тыс жағдаяттарды тексеру, тестілерді, әдістерді, іс-
шараларды іріктеу, алынған нәтижелерді болжаммен салыстыру, 
соңында диагноз қою мақсатында әдіс-тәсілдерін таңдау немесе 
жинақтау; 
5) осы мәселені шешуге бағытталған терапия үрдісі үшін нақты 
кеңестер әзірлеу; 
6) нәтижелерді бағалау. 
Психодиагностика 
үрдісінің 
мазмұны 
психологиялық 
теориялардың негізгі түсініктеріне негізделіп анықталады. Мұндағы 
бастапқы 
ұғымдар-индивидуалдылық 
туралы 
түсініктер. 
Диагностика үшін тұлғаның даму теориясы мен әлеуметтік қоршаған 
ортаның 
сипаттамалары 
өте 
маңызды. 
Осылайша 
психодиагностиканың 
мазмұны 
психология 
ғылымының 
мазмұнымен тығыз байланысты екенін көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет