103
Өзіндік бақылау сұрақтары
1.Топтық тесттер
2.Арнайы қабілеттің тестілер батареясы дегеніміз не?
3.Проективті әдістемелер түрлері
4.Психодиагностикалық әдістемелер түрлері.
5.ХХ ғасырдағы тесттер (тест «лидерлері»).
6.Тестілерді құрастыру мен стандарттаудың алғы шарттары.
7.Тест түрлері.
8
. Когнитивті саладағы диагностика.
9. Жас ерекшелік психодиагностикасы.
10. Дж.. Кеттел әдістемесінің ерекшелігі
11. Интеллек тестілері
12. Вербалды және
вербалды емес тестілері
104
9.ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫ
9.1.Психологиялық зерттеулердің математикалық негізі
Психологияны
гуманитарлық
ғылымдармен
қатар,
жаратылыстану ғылымдармен байланысты қарастыруының бір
себебі, оның зерттеу әдістері мен кұрылу принциптері
жаратылыстану ғылымдарымен тікелей байланысты.
Математикалық әдістерді
психологияда қолдану XIX
ғасырдың ортасы XX ғасырдың басында психологиялық және
физикалық зерттеулерде лабораториялык эксперименттерді
талдап, өңдеу процедураларынан басталды және алғашқы
эксперименттік
психологиялық
жұмыстарда
(мысалы,
сенсомоторлык
реакцияларды
өлшеуде,
классикалық
психофизикада) мәліметтерді өңдеуде колданылды.
Г.Т. Фехнер, Г. Гсльмгольц, В.
Вундт еңбектері
психологиялық зерттеулерде математикалық әдістерді колдануда
алғаш кадам деп айтуға болады. Математикалық әдістер
алғашында эксперименттік психологияда қарапайым психикалық
құбылыстарды талдауда қолданылды. Математикалық аппаратты
қолдана отырып, неміс ғалымы М.Ф. Гербарт математикалық
психологияның дамуында екі бағытта жұмыс жасады:
методологиялық және математикалық бағыттар. Гербарттьң
математикалык әдісі Фехнердің экспериментттік
әдісімен сәйкес
келеді. Бұл жобаны математикалық психофизика деп атайды.
X.Эббингауздың
классикалық
эксперименттерінде
математикалық әдістер психикалық процестерді сипаттауда
қолданылды. Ж. Пиаженің «Логика және психология» еңбегінде
психология мен математика байланыстылығына әдіснамалық
талдау жасады.
Сонымен қатар, Дж. Миллер «Математика және
психология» деген еңбек жазды.
Математикалық әдістердің ХХ ғасырдың ортасында дамуына
математика мен техникалық ғылымдардың дамуы басты себеп
болды. Мысалы, информациялык теориялар, алгоритмдер теориясы,
кибернетика мен жүйелер теориясы дамуы.Математикалық әдістерді
қолданудың мәні психологияда мінез-құлық пен іс-әрекет
операцияларының жүйелері математикалық жолмен сипатталуында.
105
Сонымен катар, ғылыми таным үшін бұл жүйелер
гносеологиялык
объект болып табылады.
1963 жылы математикалык психологияның пайда болуына
байланысты,
«математикалық
психология»
термині
кең
қолданысқа ие болды. Математикалык психологияның басты
тақырыбы үйрету, ес, математикалық модельдеуге байланысты
сигналдарды табу, ойын теориялары
және шешім қабылдауды
зерттеу
болды.
Психология
ғылымында
қолданылатын
математикалық әдістерді үлкен екі топқа бөлуге болады:
1.Математиканың статистика әдісі. Бұған эксперименттен
алған нәтижелерді өңдеу, көп өлшемді шкалалау жатады.
2. Математикалық басқару теориясы әдісі, оған ойындар
теориясы, ақпараттар теориясы және математикалық логика
жатады.
Психологияда математиканы қолданудағы ең басты әдісі-
ол математикалық модельдеу әдісі. Математикалық әдістер
арқылы психикалык құбылыстарды таниды. Психология үшін
математикалық білімдерді меңгеру дегеніміз - ол индивидуалды
санада математикалық модельдердің мәнін қалыптастыру деп
түсінеміз. Математикалық модельдер
танымның басты құралы
болып саналады және оны қолдану психологиялық зерттеулердің
реалды көрінісін бере алады.
Психологияда
зерттеулердің
математикалық
негізі-
Достарыңызбен бөлісу: