Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет56/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

8.5. Тұлға диагностикасы 
 
Тұлғаралық қарым-қатынас диагностикасы белгілі-бір 
топтар арасындағы байланыстар мен жағдайларды зерттейді. 
Топтағы тұлғааралық қатынсты анықтаудың танымал әдістерінің 
бірі–Дж.Морено (1892-1974) ұсынған социометрия әдісі.
Тұлғааралық диагностикада қолданылатын әдістемелер түрлері: 
- Т.Лиридің қарым-қатынаста адамдардың индивидуалды 
стилін анықтау әдістемесі ( 8 түрі) 
- Дж.Гоухтың психологиялық сұрақнамасы; 
-В.Штуцтың тұлғааралық қарым-қатынастың бағдарлық 
әдістемесі; 
-К.Н.Томастың мінез-құлықты зертеу сұрақнамасы; 

ұжымда 
әлеуметтік-психологиялық 
ахуалды 
анықтау 
сұрақнамасы; 
- К.Сишордың топтық тұтастығының сұрақнамасы; 
- ата-ана мен балалар және ерлі-зайыптылар қарым- 
қатынастары әдістемелері,ата-ананың балаға қатынасы
- жанұя қарым-қатынасын талдау сұрақнамалары, PARI, т.б 


99 
Мінез-құлықтың динамикалық аспектлері және іс-әрекет 
диагностикасы адамның табиғи ерекшеліктерін зерттеуден 
басталады. 50-ші жылдары адамның психофизиологиялық 
ерекшелігін диагностикалық зерттеу бағыты қарқынды дами 
бастады. Ол «дифференциалды психофизиология» деп аталды. 
Дифференциалды психофизиологияда психиканың екі жағы 
қарастырылады: мазмұндық және формалды –динамикалық.
Б.М.Теплов адамның индивидуалды ерекшелігінің басты 
сипаттарына білім, сенім, қызығуы, іскерлік дағдыны жатқызып, 
бұлардың барлығын индивид қоршаған ортамен өзара әрекеттесу 
барысында алады, олар психиканың мазмұнын құрайды деп 
пайымдады. Бұл ерекшеліктердің әр индивидте қалыптасуы 
әртүрлі көрініс береді, себебі адамдар психикасы үнемі қозғалыс 
үстінде. Егер адамның психикасының мазмұны қалыптасу 
жағынан әлеуметтік болса, ол ұрпақтан ұрпаққа берілген 
қасиеттер, 
яғни 
психикалық 
процестердің 
формалды 
динамикасымен сипатталады. Сонда, бұл адамның даралық 
ерекшелігі табиғи фактор жүйке жүйесі қасиетіне байланысты. 
Б.М.Тепловтың сипаттауынша, адамның жүйке жүйесінің 
туғаннан 
берілген 
жаратылысының 
ерекшеліктері 
– 
индивидуалды мінез-құлық формалары мен қабілеттің кейбір 
жеке айырмашылықтарына әсер етуші негізгі фактор. 
Адамның индивидуалды – психологиялық ерекшеліктері 
диагностикасында И.П.Павлов, Б.М.Теплов, Д.Небылицин 
еңбектерін 
негізге 
алынған 
әдістемелер 
құрастырылды. 
Алғашқыда адамның жүйке жүйесі қасиетін зерттеуде негізгі 
рөлде шартты-рефлекторлық әдістемелер болды. Кейбір 
физиологиялық әрекеттер (вегетативті, сенсорлы, қозғалыс, 
биоэлектрикалық) жаңа шартты рефлекстер, іс-әрекеттің шартты-
рефлекторлық 
динамикасы 
жүйке 
жүйесі 
қасиеттерінің 
көрсеткіші болды. Көптеген диагностикалық әдістемелер 
электроэнцефалографиялық нұсқа түрінде болады. 
Психологиялық 
диагностикада 
психикалық 
жағдайды 
зерттеуде өзіндік бағалау, жүйкелік-психикалық күйзелісті 
анықтау, астеникалық жағдай шкаласы, көңіл-күйдің төмен түсуі 
– субдепрессияны және депрессияны анықтау, мазасыздану, 
үрейді бақылауға арналған диагностикалық сұрақ-жауап 
әдістемелері қолданылды. Оларға төмендегі әдістемелер жатады: 


100 
Ч.Д. Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің өзін-өзі бағалау 
диагностикалық әдістемесі; 
- Гейлордың үрейлену деңгейін өлшеу әдістемесі
- Филлипстың мектептік үрейлену деңгейін диагностикалау 
әдістемесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет