Р. Б. Доскалиева


Тұлғалық құндылықтар диагностикасы



Pdf көрінісі
бет75/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

11.4.Тұлғалық құндылықтар диагностикасы 
 
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап, құндылықтар және 
құндылықтар бағдарын зерттеуге деген қызығушылық артты. 
Психологияда «құндылық» ұғымы пайдалы, қажетті, бағалы 
заттардың сапасы немесе қасиеті деп түсіндіріледі, субъект үшін 
заңның құндылығы әлеуметтік қатынастардағы оның рөлімен 
анықталады.
Әлеуметтік құндылықтар (заттар, құбылыс, қатынас) 
тұлғаның жеке әлеуметтік мақсаттарының принципі негізінде 
қалыптасады. Құндылықтың классикалық мысалдары – еркіндік, 
әділдік, білім, махаббат, достық және т.с.с. 


129 
Құндылықтар өмір сүру салтын таңдаумен байланысты және 
қызығулар, бағдарлар және жоғары бағалаулармен бірге 
қарастырылады. 
«Құндылық бағдарлары» атты ұғым индивид үшін ұнамды 
және ұнамсыз маңыздылығын көрсететін заттар және 
құбылыстардың әлеуметтік нақтылығы адамның әр түрлі 
материалдық, 
саяси 
және 
рухани 
құндылықтарының 
қалыптасуына негіз болады.
Құндылықтар және құндылықтар бағдарын анықтауға 
арналған әдістер өздерінің әдіснамасымен, мазмұнымен, нақты 
мақсаттарымен ерекшеленеді.
Тұлғаның құндылық бағдарларын анықтауда Съюпер, М. 
Рокич және үш бөлімді мағыналық құндылықтар бағдары 
әдістемелері, құндылықты бағдарлау әдістемелерін айтуымызға 
болады. 
 
Жеке тұлғаның бағытталуын психологиялық болжау. 
Құндылық бағдарларын танып білу. 
 
Құндылық 
бағдарлардың 
жүйесі 
жеке 
тұлғаның 
бағытталуының маңызды жақтарын анықтайды және оның 
қоршаған ортаға деген қатынасын, өзге адамдарға, өз-өзіне
өмірге көзқарасының негіздерін және өмірдегі белсенділігі 
себептерінің өзегін, өмірлік тұжырымдаманың негізі мен «өмір 
пәлсапасын» құрайды. Бұл түсінік ТМД-да, сондай-ақ 
В.А.Ядовтың жеке тұлғаның әлеуметтік тәртібін реттеп 
орналастырудың тұжырымдамасында қолданылады. 
Құндылық бағалауда танымал, кеңінен пайдаланылатын 
және ең икемді бірінші әдістеме В.Шрангердің адамдардың типін 
жіктеуге негізделген Г.Олпорт, П.Вернок және Г.Линдзейдің 
(1951) құндылықты танып білу тестісі болды. 
Бұл сауалнамада негізгі 6 құндылық бағдарларының күші 
шамаланады: 
1. 
Теориялық - әділдікті іздеуге құмарлық, сыншыл, 
ақылды, зияткерлік тәсіл. 
2. 
Экономикалық – «іскер адамның», бизнесменнің 
пайдалы және қолайлы құндылығы. 
3. 
Эстетикалық – стильдік, үйлесімділік, пішіндік, 
симметриялық және жағдайдың сәйкестігінің құндылығы. 


130 
4. 
Әлеуметтік – адамдарға деген сүйіспеншіліктің 
құндылығы, альтруизм мен филантропия. 
5. 
Саяси – жеке басқарудың, әсердің тек саясат 
саласындағы құндылығы. 
6. 
Діни – жұмбақ күй, әлем мен ғаламның құпиясын 
түсінуге тырысу. 
Тест авторлары бұл көрсеткіштердің жеке табиғатына көңіл 
аударады және көрсеткіштердің нормативті түрлерін пайдалануға 
ұсынбайды. 
Қазіргі таңда ең көп қолданылатын әдістеме құндылықтың 
тізімін маңызына қарай қарай жасауға негізделген М.Рокичтің 
құндылық бағдарды танып білу әдістемесі. 
Автор 
құндылықтың екі тобын көрсетеді: 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет