Р. Б. Доскалиева


Репертуарлық тұлғалық әдістемелер (Repertory Grid



Pdf көрінісі
бет86/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

12.3.Репертуарлық тұлғалық әдістемелер (Repertory Grid 
Technique) 
 
Репертуарлық 
тұлғалық 
әдістемелер 
тұлға 
диагностикасының идиографиялық әдістеріне жатады. Бұл 
әдістеменің авторы Дж. Келли оны репетуарлық торлар деп 
атады, себебі диагностикалау үрдісінде психодиагностика немесе 
зерттелушінің өзі матрица толтырады. Матрица бағандарына 
зерттелушінің объектілер тобы болатын элементтерін бағалау 
сәйкес келеді. Объект ретінде әртүрлі заттар, қарым – қатынас 
құбылыстары, адамдар, ұғымдар, жағдайлар, дыбыстар, түстер, 
мамандықтар, оқу пәндері және тағы басқа , яғни 
психодиагностика үшін адамның бағалауын және басқа 
қатынастарды анықтау үшін маңызды болатындардың барлығы 
ұсынылады. Матрица жолдары конструкт – адамның субъективті 
шкалалары, қоршаған орта бейнесін бағдарлау құрылымы. 


146 
Диагностикалау процесінде әрбір элемент, әрбір конструкт 
бойынша бағаланады.
«Репертуарлық» анықтамасы тордағы элементтер белгілі бір 
ереже бойынша жинақталған немесе пьесадағы бір- бірімен 
мағыналары байланысты болатын рольдер репертуарына ұқсас 
және тұтас зерттеу облысын құрайтын белгілі бір ереже бойынша 
таңдау дегенді білдіреді. Бұдан басқа анықтамада бірінші 
репетуарлық топтағы Дж. Келли (Role Construct Repertory Test –
Rep – Test –рольдік конструктар тестісі) өзі ұсынған элементтер 
зерттелуші өз таныстарын ойша орнына қоятындай рольдер 
репетуары түрінде көрсетіледі. Конструктардың тұтас жүйесін 
құрайды, адамның қатынастары мен бағалауын болжауға және 
сипаттауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің жетістігі топтық 
мәліметтерді талдау үшін қолданылатын дәстүрлі статистикалық 
әдістердің барлығына бір адамнан алынған мәліметтерді қолдану 
мүмкіндігінің бар болуы болып табылады. Репертуарлық тұлғалы 
әдістері нақты ереже бойынша жүргізілетін диагностикалық 
интервью класына жатады. Бұл әдістердің икемділілігі олардың 
көмегімен алынған ақпараттың саны мен сапасы психологтың 
практикалық әрекетінің – кеңес беру, білім жүйесінде, кәсіби 
бағдар және т.б. әр түрлі саладағы практикалық міндеттерді 
шешу үшін тиімді.
Бұл әдіс параметрлер жүйесін анықтайтын, қоршаған ортаны 
түсінуге және қабылдауға, онда болып жатырған оқиғаларды 
бағалауға және болжауға, адамдардың мінез – құлқы олармен 
өздерінің қатынастарын анықтауға көмектесетін адамның 
субъективті тәжірибесін қайта құруға рұқсат етеді. Егер тор 
элементі ретінде адамдар алынатын болса, онда көп жағдайда 
конструктар адамның қоршаған ортаға және өзіне қатынасын 
анықтайтын тұлғалық ерекшеліктерін бейнелейді. Сондықтан 
репертуарлық торларды қолдану барысында индивидтің адамдар 
туралы, олардың маңызды сипаттары туралы ұғынуларын 
анықтап, осы индивидтің санасындағы тұлғалық ерекшеліктер 
иерархиясын білуге болады.
Дж. Келли ұсынған бұл әдіс оның өзіндік теориясын жүзеге 
асыру тәсілі ретінде, психологияның негізгі мақсаты болып алынған 
ақпаратты өңдеу үрдісін оқу емес, адам біріккен тұтас әлем бейнесін 
қалай құрайтындығын түсіндіру болып табылады.Оның еңбегі 1955 
жылы АҚШ –та басылып шықты. Биполярлық белгі, қарама –қарсы 


147 
қатынастар немесе мінез –құлық тәсілдері ретінде қарастырылатын 
конструкт ұғымы Дж.Келли теориясының негізі болып табылады. 
Мысалы: жақсы –жаман, жұмыс беруші –жұмысшы. Ол 
конструктың маңызды қасиеттерін сипатады. Олардың бірі 
жалпылау және қарама –қарсы қою функцияларын біріктіру болып 
табылады. Жалпылай отырып, индивид онда бір мезгілде сол 
конструктың қарама –қарсы полюсының жоқтығын айтады. 
Мысалы: адамды қатал деп есептесек, біз одан қайрымдылық 
қадамдарын күтпейміз; белгілі бір жерден орманды көреміз десек
біз ол жерден егістік көреміз деп ойламаймыз. 
Дж.Келли көрсеткен конструктың тағы да бір маңызды 
ерекшелігі – «Жарамдылық диапазонының» бар болуы. Бұл 
конструкт мүмкіндігі шектеусіз емес екендігімен, белгілі бір 
элементтер тобымен шектелгендігіне байланысты. Мысалы, «ескі - 
жаңа» конструктісі жиһаз заттарын сипаттауға қолданылады, бірақ, 
Күн жүйесі планеталарын сипаттау үшін қолданылмайды; «жай - 
құрама» конструктісімен сандарды сипаттауға болады, бірақ өнер 
шығармаларын сиапттауға болмайды. Сонымен қатар, бір 
элементтерді әртүрлі конструкттар көмегімен бағалауға болады, 
сондықтан индивидтің бұл элементтерді қалай қабылдайтыны 
бойынша өзіндік сипаты параметрлерін анықтау өте маңызды. Тек 
осындай 
амал 
ғана 
нақты 
адамдардың 
қатынасындағы 
психологиялық маңызды нәтижелерді білуге көмегін тигізеді. 
Қарама-қарсы жағайда субьективті шкалалау әдістеріндегідей нақты 
индивидті сипаттайтын эксперименталдық артефактарды алуға 
болады, адамға белгілі бағалау шкалаларын береді. Сондықтан 
«жарамдылық диапозонының» екінші мағынасы белгілі бір адамның 
көзқарасы бойынша жарамды, оның жеке ерекшеліктеріне, 
тәжірибелеріне, ұстанымдарына тиімді бағалау шкаласын анықтау 
қажеттілігімен байланысты. 
Триада әдісі Дж.Келлидің конструктар қалай пайда болады 
деген тұжырымдарын бейнеледі. Алайда триада қарама-қарсы 
полюсты анықтаудағы жалғыз әдіс емес. Ф.Эптинг және оның 
әріптестері егер зерттелушіден тікелей полюсты айтуды сұраса 
табылған полюс ұқсастығына қарама-қарсысына яғни триада 
емес диада элементтерін қолданған жағдайда анағұрлым айқын 
контрастар байқалатынын анықтаған. Бұдан басқалай диада әдісі 
қарапайым, сондықтан ойлау қабілеті төмен деңгейде дамып келе 
жатырған адамдар мен балалармен жұмыс жасауда қолданылады. 


148 
Ең танымал әдістемелер: Семантикалық дифференциал
Репертуарлы тұлғалық әдістеме, Г.Гоух, А.Г.Шмелев, Дж. Келли 
конструктылық әдістемелері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет