154
14.ПСИХОДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ
ПСИХОЛОГИЯ
14.1. Практикалық психологиядағы психодиагностика
Психологиялық диагностика психология ғылымның барлық
салалары жетістіктерін ассимилияциялайды.
Сонымен қатар, ол
теорияға бағытталған салалар (жалпы психология) мен
практикаға бағытталған (қолданбалы психология) салаларды
байланыстырушы буын болып табылады. Адамның ішкі әлемін
тануда психодиагностика сенімді әдістермен психологияның
салаларын байытып, психологиялық білімді жаңа жетістіктерге
жеткізеді.
Осыған орай, психодиагностика қазіргі кезеңде адам
туралы психологиялық білімдерді біріктірген динамикалық жүйе
ретінде қарастыруға болады. психодиагностика сала аралық өзара
қатынастарда психологиялық кеңес және психологиялық
көмекпен байланыста практикалық психология құрамында
ерекше орын алады. Психодиагностика тек психологиялық
диагноз
қоюмен шектелмейді, ол әрдайым өзгерісі анықталған
және зерттелген феноменге негіздеп болжанады, дамиды.
Болжаудан кейін қажетті психологиялық көмек тәсілін таңдау
мәселесі
туындайды.
Осылайша,
психодиагностика
диагноз,болжау және психологиялық көмектің үштік бірлігі
деп айтуға болады.
Психологиялық
диагностика-тұлғаның
психикалық
дамуының «диагнозын» қою үшін, ғылыми білімдер негізіндегі
ғылыми-практикалық
іс-әрекетте
қолданылады.
Психодиагностика-диагнозды қоюдың
теориясы мен практикасы
болып табылады. «Диагноз» термині грек тілінен аударғанда
«тану» деген түсінікті білдіреді.Диагностика бір нәрсені тану,
білу дегенді білдіреді.
Психологиялық диагноз-тұлғаның даралық-психологиялық
ерекшеліктерінің мәнін сипаттап,
анықтауға бағытталған
әрекетінің нәтижесі: бұл ерекшеліктердің белгілі бір уақыт үшін
мәнді жай-күйін айқындау, одан әрі дамуын болжау,
диагностикалық
міндеттеріне
орай,
нұсқаулар
белгілеу
мақсатымен жүргізіледі. Психологиялық диагноз-адамның
қалыпты
және
патологиялық
жағдайдағы
даралық-
психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
155
Педагогикалық диагноз- оқушының қабілетін,
мінез-
құлқындағы ауытқулары және оқу-тәрбие барысындағы
кездесетін
жағдайлар
мен
қиындықтарды
анықтау.
Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі
туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау
және нәтижелерін талдау т.б. Педагогикалық диагноздың аса
маңызды элементі – әрбір нақты жағдайда
зерттелушінің мінез-
құлқында белгілі бір көріністердің неліктен байқалатынын,
олардың себептері мен салдары қандай екені анықталады.
Л.С.Выготский
еңбектерінде
психологиялық
диагноз
кезеңдері былай сипатталады:
- эмпирикалық диагноз-белгілі бір даралық ерекшеліктерді
ғана немесе нышандарды анықтаумен шектеледі;
-
этиологиялық
диагноз-
тұлғаның
белгілі
бір
ерекшеліктерінің болуы ғана емес,
неден болған себептері де
ескеріледі;
- типологиялық диагноз- алынған мәліметтердің тұлғаның
тұтас, динамикалық бейнесіндегі орнының маңызын анықтауға
мүмкіндік береді.
Диагноз
қоюдағы
диагностиканың
негізгі
мақсаты
құбылыстағы жалпы және дара ерекшеліктерді көре білу.
Психологиялық практика түрлері ретінде кең мағынада
психологиялық диагностика мен психологиялық кеңес адамға
өмір жолының кез-келген сатысында
психологиялық көмек
көрсетуге арналады. Сонымен қатар, олар әртүрлі әдістемелік
тәсілдерді қолдана алады. Психологиялық диагностика және
психологиялық көмек нақты адам проблемасының ерекшелігі мен
қайталанбас өмір тарихына сай әдістер мен тәсілдерді қолдануға
бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: