Қр бғМ Ғк ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты



Дата20.06.2016
өлшемі79.79 Kb.
#148674
түріБюллетень

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты


Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

РМК «Ғылым Ордасы» Ғылыми кітапханасы

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ: ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ЕСКЕРТКІШТЕР

Халықаралық ғылыми конференция
БЮЛЛЕТЕНЬ № 1

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 5 желтоқсан 2014 ж.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері


Қазақ диаспорасының мәселелеріне арналған кезекті ғылыми форумның басты мақсаты жаңа этномәдени, этнографиялық, этносоциологиялық, ескерткіштанулық және т.б. зерттеулердің нәтижелерін халыққа таныстыру болып табылады. Бұл зерттеулер ең алдымен соңғы жылдары ТЭИ Этнология бөлімінің жүргізген және басқа да Орталық Азия (Моңғолия, Қытай, РФ Алтай Республикасы) және Орта Азия өңірлеріндегі қазақ диаспорасы мәселесімен айналысатын бір топ ғалымдардың ізденістері. Халықаралық конференцияның маңызды мақсаты қазақ диаспорасының қазіргі кездегі этномәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының байланыстарының кеңеюі контекстіндегі Орталық Азия өңірінің этномәдени құндылықтарының сақталуының маңызды және өзекті мәселесін қамту болып табылады.

Орталық Азиядағы қазақ диаспорасы (кең мағынада) көптеген (3,5 млн. адамға жуық) шетелдік қазақтардың репрезентативті бөлігін құрайды. Бұл бөлікте қазақтың дәстүрлі этникалық мәдениетінің элементтері белгілі дәрежеде сақталған. Сонымен қатар қазақ диаспорасында қазіргі әлемге әлеуметтік-экономикалық жағынан бейімделуі мен интеграциясы негізінде этномәдени өзгерістер орын алып отыр. Өте жоғары дәрежеде бұл үрдістер Қытай және Моңғолия (Үлкен Алтай диаспорасына ) қазақтарына қатысты, бұл шетелдегі қазақ этносының көрнекті және динамикалық даму үстіндегі бөлігі болып табылады. Олардың ортасында ежелден этнографиялық мәдениеттің көптеген элементтері жаңа әлеуметтік-экономикалық үрдістер ықпалында сақталып келеді. Өңірдегі қазақ диаспорасын кешенді этномәдени зерттеу және қайталанбас мұраны халыққа таныстыру, қазіргі кездегі этноәлеуметтік және басқа да үрдістерді жан-жақты зерттеу Қазақстанның және көрші елдердің этнолог, тарихшы, мәдениеттанушыларының және басқа да мамандарының ғылыми және қолданбалы міндеті болып табылады.

Қазіргі қазақ диаспорасының мәселелерін ұжымдық көпжоспарлы етіп талқылаудың жалпы мәдени, әлеуметтік-саяси маңызы өте зор. Өйткені диаспора мемлекетаралық екі жакты тиімді және жақсы көршілік қатынаста маңызды роль атқарады. Диаспораның тұрақты кәсіби этномониторингі геосаяси жағынан және Қазақстанның Орталық Азия елдерімен толыққанды қарым қатынас жасауы үшін аса маңызды және ақыттың талабы саналады.

Жоспарланған ғылыми форум қазақ диаспорасын зерттеуді тереңдетуде, келешек зерттеулердің әлеуетін анықтауда, халыққа таныстыруда және өзіндік тарихи-мәдени мұраны сақтауда еліміздің саясатын шетел қазақтары қауымдастықтарымен қатынасты тиімді жалғастыруда маңызды роль атқарады.


Конференцияда келесі мәселелер талқыланады:

1. Орталық Азия және басқа да аймақтардағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы;

2. Дәстүрлі этникалық мәдениеттің негізі сақталған қазақ диаспорасының жағдайы және оның өзгеруі;

3. Орталық Азия және басқа да аймақтардағы қазақ диаспорасының ареалдарының мәдениеті және тарихи ескерткіштері, мәдени-мұрасы;

4. Қазақ диаспорасының қазіргі этномәдениеті, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық өсуі; Орталық Азиядағы қазақ диаспорасының ассимиляциялану және аккультурациялану үдерісі;



5. Егеменді Қазақстан және қазақ диаспорасы: Дүниежүзі құрылтай, кіші құрылтай, шетелдегі мәдени орталықтар және т.б.

6. Қазақ диаспорасы және егемен Қазақстан: Дүниежүзілік құрылтай, кіші құрылтай, шетелдегі мәдени орталықтар т.б.

Суреттер көрмесі, кітаптар тұсаукесерін өткізу, Қытай және Моңғолия қазақтары жайлы фильм көрсету, ғылыми әдебиеттерді сату және алмасу негізінде киоск жұмыстарын жүргізу ұйғарылуда.

Шақырамыз:

этнологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, этноархеологтар, өнертанушылар, археологтар, пәнмен байланысты өкілдер, музей және ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері және т.б.


Конференцияның ресми тілі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Конференцияның жоспары:

Пленарлық мәжіліс;

«ҚР Президенті және шетелдегі қазақтар» тақырыбына сәйкес «Дөңгелек үстел»;

Екінші симпозиум «Моңғолия қазақтары»



1-секция. Қазақ диаспорасының феномені: тарихы, ахуалы, болашағы.

ҚР оралмандарының әлеуметтік-мәдени бейімделу мәселелері.



2-секция. Дәстүр мен инновация тұрғысы арқылы қазақ диаспорасының мәдениеті

3-секция. Қазақ диаспорасының ареалындағы тарихи-мәдени ескерткіштері.


Қатысудың шарттары



Баяндаманы (мақала, тезис) жариялау үшін материалдарды рәсімдеудің келесі талаптарға дәлме-дәм сай болуы қажет: баяндама текстінің жалпы көлемі 7 беттен аспауы керек (конференцияның тақырыптарына байланысты болуы қажет), текст MS WORD редакторында терілген болуы қажет; файлдың аты және суреттер арнайы файлда jpeg түрінде автордың фамилиясымен жазылуы керек.
1. Таблицалардың, сызбалардың, суреттердің атаулары болуы керек және Windows-да терілуі шарт.

2. Формат беті: А4.

3. Шектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1 см, сол жағы – 3 см.

4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

5. Аралық интервал – бір.

6. Азат жол шегінуі: 0,95.



7. Алдымен баяндаманың аты жазылады: жоғарғы жағында, ортасында БАС ӘРІППЕН (ҚАРА ЖАЛПАҚ ӘРІП).

8. Баяндама атауының астында кіші әріппен (қара жалпақ әріп) ортасында автордың аты-жөні Т.А.Ә. (толық) жазылады.

9. Төменде мекеменің толық аты, автордың жұмыс орны жазылады.

10. Бір интервал арқылы абзацтан кейін баяндама (мақала) материалдары кетеді.

11. Мақала соңында әдебиеттер тізімі (және деректер) орналасады, және жұмыстың сілтемесін ретімен сәйкестендіріп құрау. Мәтіндегі сілтеме тік бұрышты жақша ішінде сан арқылы рәсімделеді, оның көрсетілген әдебиеттері Тізімдегі деректерінің беттеріне сәйкес келуі керек, мысалы: [6, 2-б.].

Барлық суреттер жақсы сапада болуы шарт және 300 dpi кем емес. Олар міндетті түрде мақалаға jpeg форматында қойылуы керек.
Ұйымдастыру комитеті форум материалдарының Жинағын шығаруды жоспарлауда. Конференцияның бағдарламасына енгізу үшін форумға қатысушы адресін ұйымдастыру комитетінің тіркеуіне беруі қажет. Тек мәтіні мұқият өңделген мақалалар қабылданады.

Өзге қалалық автордың форумға сырттай қатысуы қарастырылған. Бірақ, жинақты жіберу қарастырылмаған (өзі тасымалдайды)

Тіркеу 10-тамызға дейін, ал, баяндама материалдары (мақалалар) 2014 жылдың 20-қазан айына дейін қабылданады.
Іссапар шығыны

Іссапарға жіберген жақтың есебінен төлем жасау, тәуліктік шығындар мен жол шығындары қарастырылсын.


Баяндаманы мына электрондық адрестерге жіберуіңізді сұраймыз:

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнология және антропология бөлімі («Конференция – Диаспора») немесе e-mail: conference.kd@gmail.com



Сондай-ақ, баяндаманың көшірмесін Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының электрондық почтасына жолдаңыз: kulgazira_777@mail.ru;
Байланыс түрлері

Байланысушы тұлғалар



(ғылыми-ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін)

Әжіғали Серік Ескендірұлы – т.ғ.д., проф. ҚР БҒМ ТЭИ этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі.

е-mail: s.azhigali@gmail.com; тел.: 8 (727) 261-65-57

Балтабаева Күлғазира Нұранқызы – т.ғ.к., Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының талдау орталығының директоры.

е-mail: kulgazira_777@mail.ru; тел.: 8 (727) 390-44-99; моб. +7 707 341 8398

Орынбаева Гулмира Үсенбайқызы – ағқ, т.ғ.к.

е-mail: orinbaevag@mail.ru; моб.: +7 701 370 7032
Абдулина Ақсұнқар Тұрсынқызы – ағқ, т.ғ.к.

е-mail: abd_aksunkar@mail.ru; моб.: +7 777 312 20 36


Байланыс телефондар:

Тел./факс 8 (727) 261-67-19; тел. 261-65-57




Тіркеу үлгісі

Ер. □ Әйел. □




  1. Ч

Тегі (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)






Аты (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)






Әкесінің аты (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)






Ғылыми атағы, дәрежесі






Ұйым (ЖОО, ғылыми мекемелерінің атауы және оның мекен-жайы)






Автордың мекен-жайы (индекспен көрсету міндетті)






E-mail






Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен)






Баяндама тақырыбының атауы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде






Секция, симпозиум, «дөңгелек үстел»






Керекті техникалық жабдықтар






Қонақ үй номерлерін брондау керек (ия/жоқ)











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет