Қр білім және Ғылым министрлігі



Дата02.11.2023
өлшемі18.97 Kb.
#482239
Шәкәрім Құдайбердіұлы


ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университеті
ЭССЕ
Тақырып: «Шәкәрім Құдайбердіұлының балаларға арналған шығармалары»
Орындаған: Бектегенова А.Б
Тобы: ДПМНО-301в
Тексерген: Кеңесбаева Ш.С
Семей 2023ж
Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы,терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы е ді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді.
Көрнекті ақынымыз, атының өзі аңызға айналған Шәкәрім Құдайбердіұлы қаламынан туған жекелеген прозалық үлгілер, ертегілер де бар екенін біреу білсе, біреу білмеуі ықтимал. Басқасын айтпағанда, ол кісінің «Үш сауал» атты ертегісі назар аударып, талдауға тұрарлық дүние деп білгеніміз абзал.
Мұнда бір патша ел-жұртына шарт қойып: «Үш түрлі нәрсені күнібұрын білген адам бақытты болар еді, соны тауып берген адамға көп сый беремін» деп жариялайды. Ол үшеуі «Қайсысын қандай уақытта істеген жақсы?», екіншісі – «Ең керекті кісі кім?» және үшіншісі – «Ең керекті іс не?» деген сұрақтар. Бұны естіген патшаның маңайындағы қызметіне жарап жүрген еті тірі пысықтар осы сұрақтарына байланысты өз жауаптарын жарыса ұсынып жатады. Бірақ, дәл соға алмай, айтатындары – айналсоқтаған жауаптар. Олардың ешқайсысы көңілінен шықпағаннан кейін, патша ешкімге сыйлық бермей, қойған сұрағының тиянақты жауаптарын өзі тауып алмақ болады.
Сөйтіп арнайы барып жолыққаны бір тақуа адам екен. Алғашында ол өзінің кім екендігін білдірмей, құбатөбе болып киінді дейді автор. Тақуа күрекпен жер қазып жатыр екен. Патша болысып, жер қазады. Бірақ, оның қойған сұрақтарына тақуа адам бірден жауап бермейді. Ақыры ештеңе шығара алмағаннан кейін патша дереу қайтуға жиналады. Сол кезде бұлардың қасына жаралы бір жаяу келеді. Жарасын таңып берген патшаға жаңағы жаралы «Кешіріңіз» дейді. Сөйтсе, әке-шешесі осы патшадан зәбір көріп, мына баласы соның кегін алмақ болып жүрген екен.
Құдайбердіұлы реализмінің айқын керінген ендігі бір тұсы - оның ағартушылық тақырыптағы лирикасы. Ақынның бұл бағыттағы еңбегі 1879 ж. жазылған «Жастарға» атты өлеңінен басталған. Ағартушылық идея Шәкәрім лирикасының алтын діңгегі болып табылады. Оның Абаймен үндестігін танытатын бір сала да осы. Өзінің «Насихат», «Сынатар сың өзінді», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Сен ғылымға...», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік ілін» сияқты көптеген өлеңдерінде Құдайбердіұлы Абайдың ағартушылық идеяларын одан әрі жалғастырады. Бұқараны оятуға ұмтылады, ғылымға жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырады. Құдайбердіұлы үшін байлықтың ең үлкені - ғылым. Өзінің «Үш-ақ түрлі өмір бар» атты өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі. Шәкерімнің айтуынша, міне, осы жылдары уақытыңды босқа еткізбей, ғылымға үңілсең, одан өзіңе керек қазынаны тауыпала білсең- өмірлік мұратыңа жеткенің. Бас-аяғы үш шумақтан тұратын өлеңнің идеясы - адам баласын, Абай айтқандай, «ержеткен соң тұспеді уысыма» деп өткініште қалдырмау.
Абайдың әдеби мектебінентәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады. Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты Шәкәрімнің балаларға арналған өлеңдерінің бірі: Қаншыр мен бөдене, Ақылшы торғай, Қасқыр,түлкі бөдене т.б.
Ақылшы торғай өлеңінде:
Бір адам жүреді екен тұзақ құрып,
Бір торғай Остап алды сөйтіп жүріп,
Балаларға сатайын деп. ойлапты,
Торғайды жазып альп ұстап тұрып.
Сонда торғай сөйлепті адамдайын:
-Босатсаң үйретем,-деп,-байлық жайын.
Азар болса сатарсың үш тиынға,
Мен саған бір пайдалы сөз айтайын.
Бұрын-дағы саттың ғой талай құсты,
Қане, сонан қаншалық пайда түсті?
Тоймақ түгіл, бүйіріңшыққан да жоқ,
Харекет деп ойлама мұндай істі.- дейді торғай тұзақшыға әрқашан аңдағайсың, орынсызға, өтірікке нанбағайсың,ойландай алдау сөзге сене көрме, тегінде шынның жолын қамдағайсың деп. шындықты, әділдікті суреттеген.
Шәкәрімнің қаламгерлік қызметі тек ақындықпен, аудармашылықпен шектелмейді. Ғұлама еңбегі сан салалы. Оның суреткер ретіндегі мұрасының бір тармағы-проза болса (әйел бостандығы, ескі қазақ аулындағы саяси-әлеуметтік жағдай туралы жазылған Әділ-Мәрия повесі) .
Ғалам болмысы, замана тұрпаты, адам табиғаты туралы көп толғаған. Шәкәрім өмірдің мәні, дүниенің баянсыздығы жайында да көп жазған еді.
Қайғы емес қаза,
Болмаймын наза,
Ноқталы басқа бір өлім…-
деп , жас кезінде-ақ өмірдіңөтпелі кебін мойындаған ақынның, алпысқа аяқ артқан шағында : “Қаласың қай сайда…”-деп, өз өмірінің немен тынарын болжаған ақынның қайғылы қазаға ұшырауы да , көмеусіз, отыз жыл бойы ойпаңда, құр құдық түбінде қалуы да шын трагедия емес. “Туған жан өлмек,-тағдырға көнбек”,-деген Шәкәрімнің өзі. Ақын өмірі, ақын тағдыры. Ең үлкен қайғы, шын трагедия-Шәкәрім мұрасының елу жыл бойы дабулы жату. Қысастан өлген ақын жан бір сәт қана азап шексе, өзінің ең елеулі қайраткерлерінің бірін санатқа қоса алмаған рухани мәдениетіміз жарты ғасыр бойы жапа көріпті.Сол кемістіктің орны енді ғана толып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет