Бақылау (тесттер)
Тест сұрақтары
1. Эпидемиологияның зерттеу объектісі: 1
A) инфекциялық процесс
B) эпидемиялық процесс
C) эпизоотикалық процесс
D) микроорганизмдердің паразитизмі
E) организмдердің антагонизмі
2. Қазіргі эпидемиологияның теориялық негіздерін келесі эпидемиолог ғалымдар қалады: 1
A) Л.Пастер, И.И.Мечников, Р.Кох
B) Д.И.Ивановский, Г.Н.Минх, О.О.Мочутковский
C) Л.В. Громашевский, Е.Н. Павловский, В.Д. Беляков, Б.Л Черкасский
D) С.П.Доброславин, Ф.Ф.Эрисман, М.С.Уваров
E) Э.Дженнер, Л.А.Тарасевич, Е.И.Марциновский
3. Жұқпалы аурулардың эпидемиялық процесінің көрінісі бұл: 1
A) ауру, науқастың өлімі
B) аурудың созылмалыға өтуі
C) науқасты мүгедектікке әкелу
D) жұқпаның спорадикалық жағдайы, бұрқ етпе, эпидемия, пандемия
E) науқастың сауығуы
4. Л.В. Громашевскийдің эпидемиялық процесс туралы негізгі ілімі: 1
A) эпидемиялық процестің 3 негізгі тізбегі (жұқпа көзі, сыртқы орта, қабылдағыш организм)
B) эпидемиялық процестің фазамен дамуы
C) жұқпаның берілу жолы қоздырғыштың ие организмінде орналасуымен сәйкес келуі
D) биоценотикалық қатынастар нәтижесінде адамдар жұқпасының қоздырғыштары жануарлар мен тасымалдаушылар арасындағы циркуляциясы
E) қоздырғыштың негізгі (біріншілік) берілу жолы оның биологиялық қасиеттеріне байланысты этиологиялық таңдамалылығы
5. Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық маңызын қалай бағалаймыз? 1
A) халық шаруашылығына келетін шығынмен, еңбек ресурсының шектелуімен
B) сау адамдарға тиетін жалпы шығын негізінде
C) науқастардың еңбек қаблеті жоғалуымен, мүгедектікке әкелумен
D) жануарлардың зооноздармен аурушаңдылығына
E) орташа көпжылдық және жылдық сырқаттанушылық көрсеткішіне байланысты
6. Жұқпалы аурулардың әлеуметтік маңызын қалай бағалаймыз? 1
A) орташа көпжылдық сырқаттанушылық көрсеткішіне байланысты
B) жылдық сырқаттанушылық көрсеткішіне байланысты
C) ошақтағы жұқпалы аурумен ауырғандар санына
D) бактериятасымалдаушылар санына
E) сау адамдарға тиетін жалпы шығын негізінде
7. Клиникалық эпидемиология – бұл: 1
А) эпидемиялық процестің заңдылықтарын зеттейтін ғылым;
Б) инфекциялық процесстің заңдылықтарын зерттейтін ғылым;
В) әрбір науқас үшін болжамды зерттейтін ғылым,
Г) науқастың иммунитетін зерттейтін ғылым;
Д) жұқпалы аурулардың этиологиясын зерттейтін ғылым.
8, Клиникалық эпидемиологияның мақсаты - : 1
А) адамзат қоғамында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралу себебін зерттейді;
Б) алған білімді жұқпалы аурулармен күресу, алдын алу және толық жоюға бағыттау;
В) науқастың иммунологиялық статусының өзгеру себебін зерттеу;
Г) клиникалық диагноздың лабораториялық диагностикасы және дәлелденуі;
Д) дұрыс шешімді қабылдауды қамтамасыз ететін мәліметтердің анализі мен клиникалық бақылау әдістемесін енгізу.
9. Клиникалық эпидемиология үшін қызығушылық тудыратын клиникалық көріністер: 1
А) тәжірибелік жануарларды жұқтырғаннан кейін клиникалық нәтижесі;
Б) генетикалық зерттеулерден алынған ғылыми нәтижелер;
В) жасуша дақылдарын жұқтырғаннан кейін алынған ғылыми нәтижелер;
Г) науқас және мед. персонал үшін маңызы бар науқастың клиникалық ақырғы нәтижесі;
Д) науқастың организмінде болып жатқан биологиялық өзгерістер.
10) Дәлелді медицинаның зерттеу объектісі: 1
А) тәжірибелік медицинада қолданылатын жаңа және дәстүрлі диагностика әдістерін жүйелі пән аралық ғылыми анализі;
Б) жұқпалы емес аурулардың таралу заңдылықтарын зерттеу;
В) нозологияның қалыптасуында этиологиялық агенттің рөлін зерттеу;
Г) арнайы постморбидті иммунитетті зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |