ҚР Әділет министрлігінде 16. 08. 2006 ж. №4344 тіркелген



Дата22.02.2016
өлшемі32.37 Kb.
#466


ҚР Әділет министрлігінде

16.08.2006 ж. № 4344 тіркелген


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң

Қ А У Л Ы СЫ

Алматы қаласы 2006 жылғы 25 шілде № 68


Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының

айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы
Тіркеу №2235

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ретке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталардың дизайнын және айналысқа шығару күнін бекіту туралы» 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 31 қаулысының қабылдануына байланысты және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. 2006 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы:

номиналы 200 теңге 1999 жылғы үлгідегі;

номиналы 500 теңге 1999 жылғы үлгідегі;

номиналы 1000 теңге 2000 жылғы үлгідегі;

номиналы 2000 теңге 2000 жылғы үлгідегі;

номиналы 5000 теңге 1998 жылғы үлгідегі және 2001 жылғы үлгідегі, оның ішінде мерейтойлық жазбасы бар;

номиналы 10000 теңге 2003 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі банкноталар) банкноталарын Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналдары 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге 2006 жылғы үлгідегі банкноталарына (бұдан әрі – жаңа үлгідегі банкноталар) ауыстыру басталсын.
2. Ескі үлгідегі банкноталардың жаңа үлгідегі банкноталармен қатар айналыс кезеңі 2006 жылғы 15 қарашадан бастап 2007 жылғы 14 қарашаға дейін (қоса алғанда) белгіленсін.
3. 2007 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ескі үлгідегі банкноталар айналыстан алынады.

4. Ескі үлгідегі банкноталарды айырбастау, ескі үлгідегі банкноталардың айналысын аяқтау, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарындағы ауыстыру кезеңіндегі эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысымен бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1232 тіркелген, «Казахстанская правда» газетіінде 2000 жылғы 29 тамызда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің “Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы” және “Вестник Национального Банка Казахстана” ресми басылымдарында 2000 жылғы 28 тамыз – 10 қыркүйекте жарияланған) сәйкес жүзеге асырылсын.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 300 және 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулыларында көзделген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының мынадай банкноталарын айналыстан алу тәртібі мен мерзімдері өзгеріссіз қалсын:

номиналы 200 теңге 1993 жылғы үлгідегі;

номиналы 500 теңге 1994 жылғы үлгідегі;

номиналы 1000 теңге 1994 жылғы үлгідегі;

номиналы 2000 теңге 1996 жылғы үлгідегі.


6. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, филиалдарына, ұйымдарына және өкілдігіне жіберсін;

3) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша белгілерін айырбастау мерзімдері мен тәртібі туралы ресми хабарын дайындасын.


7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялау үшін өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша белгілерін айырбастау мерзімдері мен тәртібі туралы ресми хабарын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
8. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы Ә. Сәйденов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет