Қр халықаралық ғылым қоғамының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты деңгейінде білім беру қызметін жетілдіру бағытында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда



жүктеу 89.76 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі89.76 Kb.
Madalieva Akzada Alaydarovna, senior lecturer, candidate of law of Korkyt Ata Kyzylorda state university, Faculty of the history, law and economics

E-mail: zada_nazar@mail.ru
Muidenova Aliya Kalzhanovna, senior lecturer, master of law of Korkyt Ata Kyzylorda state university, Faculty of the history, law and economics

E-mail: alia_akerke @mail.ru
THE Role OF THE Legal education in Kazakhstan and ways of perfection
Мадалиева Ақзада Алайдарқызы, Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік университеті, заң ғылымдарының

кандидаты, Тарих, құқық және экономика факультеті

E-mail: zada_nazar@mail.ru
Муйденова Алия Калжановна, Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік университеті, заң ғылымдарының

магистрі, Тарих, құқық және экономика факультеті

E-mail: alia_akerke @mail.ru
Қазақстанда құқықтық білім берудің ролі мен

оны жетілдіру жолдары
Соңғы жылдары Қазақстан азаматтарының жалпы санасында құқықтық білім берудің рөлі мен орнына берілген бағада үлкен өзгерістер орын алып отыр, бұл оз кезегінде заң ғылымдары мамндығына деген ұмытылыстың шұғыл өсуін, заң ғылымдары әдебиетіне сұраныстың артуын, құқықтық ақпараттарға қызығушылықтың айтарлықтай дәрежеге көтерілгендігін айқара ашуда. Бүгінгі таңда Қазақстанда олардың қабырғаларында болашақ заңгерлер даярланатын жүзден астам жоғары және орта оқу орындары жұмыс істеуде.

ҚР Халықаралық ғылым қоғамының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты деңгейінде білім беру қызметін жетілдіру бағытында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Ғалым-педагогтардың, заңгерлер мен тәсілдемеушілердің кәсібилік, біліктілік санасында да айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Осының бәрі қосыла келіп, құқықтық білім беру бойынша жасалып жатқан жаңа бағдарламаларға, оқулықтар мен басқа да оқу құралдарына деген мүдделіктің артуына әсерін тигізбей қалған жоқ.

Ұлттық гүлдену ең басты үш фактормен анықталады:

Соңғы ғылыми жаңалықтарды игеру, білім мен ғылым деңгейі және қызметкерлердің арнайы кәсіби біліктілігінің ұшталуы. Білім беру адамзат баласы жинаған білімдерді сақтау мен олардың мұрагерлігін, рухани және имандылық құндылықтарын жалғастырудың бірден-бір маңызды мәдени институты болып табылады. Әлемдегі бәсекелестіктің барған сайын өсуі және өмір мен еңбек жағдайларының жылдам өзгеруіне байланысты, олардың қарама-қайшылықтары болуына қарамастан, білім беру жүйесі «қоғамның өзін-өзі сауаттандыру» мақсатына жетуге аса үлкен мүмкіндіктер ашады. Ел тұрғындарының білімге құштарлығы кез келген мемлекеттің дамуы мен өркениеттілігі деңгейінің айқын көрсеткіші. Аса ірі социолог Питер Дракердің айтуына қарағанда, білім деген бірегей нақтылы капитал, оның өркендеуі осы капиталды құрастырудың маңызды құралы, білімді адамдардың көбеюі, олардың білімдерінің сапасы мен олардың пайдалана білуі - сол елдің жалпыға бірдей байлыққа жетуге қабілеттілігінің айқын көрінісі болып табылады.

Білімді адамдардың кез келген қоғамға аса қажетті рухани және моральдық құндылықтар жасай алатындығы және моральдық құндылықтар жасай алатындығы көрінеу көзге ұрып тұр. Осыған орай, осы заманғы білімнің басты мақсаты адамның өзін-өзі өзгертуге ынтасын ояту деп есептеймін. Кәсіби дамуды жеке тұлғаның дамуынан ажыратып қарауға болмайды.

Қазақстанда құқықтық сауаттылықты орнатудың тұжырымдамасы да бар, бірақ соған қарамастан, бұл салада шешімін таба алмай жатқан проблемалар да аз емес. Әсіресе мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінің құқықтық сауаттылығының жетіспей жатқандығы қынжылтады.Солардың қатарындағы проблемаларға құқықтық білім ұғымының мазмұнын анықтау; осы мазмұнды оқушылардың жасына қарай айыра пайдалану; құқықтық сауаттылықты шешуге тиісті тәрбиелік міндеттерді анықтау тағы да басқалары жатады. Қазіргі кезде білімнің осы саласына оқыту процесі негізінен стихиялы түрде, жеткілікті мирасқорлықсыз жүргізілуде.

Концептуалды үйлесімсіздік сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы арқылы дәйектілікпен даярлауға да кері кеселін тигізіп келеді, өйткені бұл курстардағы ішкі қайшылықтар біртұтас әдістемелік жүйені үйлестіру мүмкіндік бермей жүр. Қазіргі кезде мектептерде өзінше қызықты, бірақ мазмұны жағынан да, концептуалдық жағынан да бір-бірімен байланыссыз сабақтар берілуде. Айталық, «Азаматтану», «Адам және қоғам», «Жалпыға бірдей адам құқықтары», «Құқықтанудың негіздері және басқалары». 12 жылдық мектеп біліміне көшу нарықтық экономика мен азаматтық қоғам жағдайларын сәйкестірілген жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын шығаруды талап етеді.

Құқықтық сауаттылықтың бас ұстанымы ретінде ҚР Конституциясының 12 және 14 баптарының1 қағидаттары алынғаны жөн. Оларда адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп көрсетілген. Басқаша айтқанда, барлық адамдардың теңдігі, олардың қадірі мен құқықтарын сақтау фактілері құқықтық сауаттылықты орнықтырудың ең басты идеясы.

Осы негіздемелі, түбегейлі қағидаттар құқықтық білім берудің мақсатын анықтауға мүмкіндік береді, оның негізінде азаматтарды тәрбиелеу, яғни адамның өз құқықтарын құрметтеп, еліміздің прогрессивті дамуының кепілін осыдан көретін тұлғаларды қалыптастыру жатпақ.

Құқықтық мемлекет құру үшін «азамат» ұғымына жаңа мазмұн беруіміз керек, өйткені ол жүйе құрастырушы бола отырып, үздіксіз құқықтық сауаттылық орнатудың идеологиясы мен негізгі міндеттерін анықтайды.

Қазіргі кезде «азамат» ұғымы негізінен заңи термин мағынасында қолданылып жүр. Ал азамат дегеніміз белгілі-бір мемлекетпен саяси-құқықтық қарым-қатынасқа түскен адам ғана емес, өзінің белгілі бір қоғамдастықтың еркін де тең құқықты мүшесі екенін ұғынған, өзінің қоғамдық және мемлекеттік проблемаларға тікелей қатыстылығын түсінген, елінің қоғамдық өміріне өз еркімен белсене қатысатын, заңмен қорғалатын құқықтарының бар екенін жақсы білетін Адам1.

Сөйтіп, азамат дегеніміз толық субъективті дербестігі бер, мемлекет пен қоғамның тең құқықты серіктесі, олармен белгілі бір оппозицияда бола алатын тұлға. Ал мемлекет, өз кезегінде, жеке тұлғаның қамқоршысы, оның негізгі міндеті заңды, сонымен қатар азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

«Азамат» ұғымын анықтауға осы тұрғыдан келу құқықтық білім берудің мазмұнын кеңейтуге және оның концептуалды маңызы бар мақсат – міндетін анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл мақсат- жеке тұлғаны тәрбиелеу, оның өз Отаны мен отандастары алдындағы жауапкершілігін ой санасын өткізе білетін, дербес шешім қабылдауға қабілетті өз пікірі бар тұлғаны қалыптастыру екенін мойындауымыз керек. Жеке тұлғаның – азаматтық сананы демеушінің сапалық қасиеттері халықаралық құжаттарды анықталған. Солардың қатарына құндылықтар бағдары, әлеуметтік және интеллектуалдық біліктілігі жатады. Құқықтық тәрбие және құқықтық білім берудің тиімділігі бағалауға мүмкіндік жасайтын өлшемдерді атап өтелік. Айталық, құқықтық тәрбиелеу процесінде Қазақстанның болашақ азаматтары бойына мынау секілді құндылықтар бағдарын сіңіру қажет: адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу; ой-пікір, ар-ұждан және діни сенім еркіндіктерін мойындау; адамның қадірін қастерлеу1.

Құқықтық тәрбие процесінде болашақ азаматтар келесі әлеуметтік дағдыларды иемденгені абзал: өзге адамдармен қысымшылықтан адам конструктивті қатынас құра білу; дау –дамайларды, шиеленістерді күш қолданбай шешу; дербес шешім қабылдау және оған жауапкершілік деңгейін сезіну; адам құқықтарын қорғаудың механизмдерін жергілікті, аймақтық, еуропалық және әлемдік деңгейде пайдалана білу; өз мүдделерін және үшінші бір тұлғалардың мүдделерін қорғаштау, сонымен қатар қолданыстағы заңдарды сақтау негізінде адам құқықтарына қайшы келетін заңдарды өзгертуге бағытталған іс-әрекет жасау2.

Сөз жоқ, құқықтық тәрбие беру процесі Қазақстанның болашақ азаматтарының интеллектуалдық біліктілігіне де ықпал етеді. Бұларға төмендегілер жатады: әртүрлі көздерден, соның қатарында бұқаралық ақпарат құралдарын материалдар жинап, зерттеу; алынған ақпаратты талдай білу, солардан объективті және баянды қорытынды жасау; өз ой-пікірін айқын білдіру, қажет болғанда пікірталасқа түсу және тыңдай білу, өз көзқарасын дәйекті түрде қорғай білу.

Жеке тұлғаны аталмыш қасиеттерге ие ету, оның құқықтық мәдениеті мен азаматтық санасын қалыптастыру мектептер мен жоғары оқу орындарында құқықытық сауаттылықты көтеру төмендегі жағдайларда іске асырылмақ:



  • Құқықтық білім беруде бірінші орында жеке тұлғаны қалыптастыру тұруы керек, оқыту процесі түгелдей осы мақсатқа бағындырылуы тиіс.

  • Құқықтық нормаларды ұғыну нақтылы бір социумда өз құқықтарын қорғау және іске асыру мүмкіндігі арқылы өтуі керек. Сөйтіп, құқық оның негізгі қызметі-қоғамдағы өмір ағымын санамен реттеуші, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құралы болып табылады. Осындай контексте құқықтың құндылық мәні де өзгеріске ұшырайды. Дәл осы тұста құқық әлеуметтік әділеттікті орнатудың алғышарты мен механизмі ретінде көрініс табатын болады.

  • Мектеп оқушыларына құқықтық білім беруді ұйымдастыруда олардың әрқилы әлеуметтік проблемаларды және әртүрлі әлеуметтіе құрылымдарда (мектепте, отбасында және т.б.) қалыптасқан ережелерді талқылауға қатысуы көзделген. Осыдан барып мектептерде, жоғары оқу орындарында, колледждерде құқықтық мәдениетті дамытудың кең ауқымды бағдарламасының қызмет ету міндеті келіп туындайды.

  • Оқыту әдістемесінде оқушылардың қоғамдық, мәдени, саяси, экономикалық өмірдің әртүрлі проблемаларын талқылауға қатысу мүмкіндігі қарастырылуы керек.

  • Жеке тұлғаның құқықтарының артықшылығы оның міндеттерімен үздіксіз байланыста болу идеясы білім беру мекемелерінің бүтіндей ауа кеңістігінің (атмосферасының) өне бойынан өтіп жатуы қажет.

  • Жеке тұлғаға құқықтық және имандылық тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Бұл үшін оқу және тәрбие беру процесінде құқықтың қоғамның өмір ағымын саналы реттеуші және жеке тұлғаның құқықтарын қорғаудың құралы екендігін насихаттап отырған жөн.

Адамның құқықтары мен міндеттері тек заңи өрісте ғана емес, имандылық деңгейінде саналы қабылданған жағдайда олар кез келген әлеуметтік серіктеспен арақатынас құрудың нормасына айналатын болады.

  • Мектептің, жоғары оқу орнының, колледждің тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы имандылық және құқықтық санаға ие болған тұлғалардың азаматтық қалыптасуына ықпал етуі тиіс.

Жоғарыда аталған қағидаттардың бәрі құқықтық білім беру процесі социум мүшелерінің арасындағы, нақтырақ айтсақ, мұғалім мен оқушы, ата-аналар мен мектеп, мұғалім мен оқушы, ата-аналар мен мектеп, оқушы мен ата-ана, мұғалңмдер, студенттер мен оқытушылар, колледждердің түлектері мен мұғалімдердің және т.б. арасындағы қатынастардың көпжақты прцесі ретінде де танылуы қажет.

Әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан хабардар болғаны дұрыс. Сонымен қатар қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланыстылығын аңғартады. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы1.



Құқықтық сауаттылық білім мен тәрбиенің бірлігі принципінде құрылуы тиіс, бірақ солай бола тұрғанның өзінже құқықтық білім беру тек мақсатшылдық емес, ол өскелең тұлғаға тәрбиелік әсер етудің құралы болуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2015.

  2. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А., «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007.

  3. Искакова, Г. Қазақстан Республикасындағы адам құқығы: оқу құралы / Г. Искакова, Н. Ғазизова, А. Сембаева. - Астана : Фолиант, 2008.

  4. Құқықтық тәрбие негіздері. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 7-кітап / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен – 2-ші басылым, өңдел. және толық. - Қарағанды: Қараганды мемлекеттік техникалық университеті баспасы, 2011.

  5. Рсалина Л. Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы. / Ана тілі, 2015, 19-25 ақпан, № 7 (1265)




1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2015.

1 Сапарғалиев Ғ., Ибраева А., «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007.


1 Искакова, Г. Қазақстан Республикасындағы адам құқығы: оқу құралы / Г. Искакова, Н. Ғазизова, А. Сембаева. - Астана : Фолиант, 2008.

2 Құқықтық тәрбие негіздері. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 7-кітап / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен – 2-ші басылым, өңдел. және толық. - Қарағанды: Қараганды мемлекеттік техникалық университеті баспасы, 2011.


1 Рсалина Л. Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы. / Ана тілі, 2015, 19-25 ақпан, № 7 (1265)



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет