Дәлелдеу шектері. Қылмыстық іс жүргізу құқықтағы іс бойынша дәлелдеу процесінде анықталған мән-жайлардың барлық жиынтығы үшін «дәлелдеу шектері» ұғымы қолданылады.
Дәлелдеу шегі деп іс үшін маңызды болып табылатын мән-жайды анықтау үшін қажетті және жеткілікті дәлелдемелер жиынтығы түсініледі.
Дәлелдеу заты дәлелдеу мақсатын айқындайды, ал дәлелдеу шектері — оған қол жеткізу құралдары.
Сонымен дәлелдеу шектері дәлелдеуге жататын мән-жайлардың дәлелдеу деңгейі дегенді білдіреді. Дәлелдеу шектері бұл дәлелдеу субъектілері негіздеген шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы және олар көп реттерде субъективті сипатқа ие.
4.Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн ҚІЖКтiң ережелерiне сәйкес ҚІЖКтiң 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы орган қызметкерi жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде тiкелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретiнде жауап алынғаннан кейiн дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органға жасырын негiзде көмек көрсетушi адам тiкелей қабылдаған нақты деректер аталған адамнан куә, жәбiрленушi, сезiктi (айыпталушы) ретiнде жауап алынғаннан кейiн дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Жедел-iздестiру iс-шаралары нәтижесiнде анықталған iстiң мән-жайларын қылмыстық процестi жүргiзушi адам тiкелей қабылдауы қажет және мүмкiн болған кезде iстiң бұл мән-жайлары ҚІЖКте көзделген ережелер бойынша жүргiзiлетiн тергеу не сот iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiледi. Жедел-iздестiру қызметi барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар және құжаттар ретiнде пайдалану тиiсiнше ҚІЖКтiң 121 және 123-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-iздестiру қызметi материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретiнде iске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана ҚІЖКтiң 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргiзiледi. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-iздестiру қызметi материалдарын табыс ету туралы шешiм қабылдай отырып, ҚІЖКтiң 202-бабының ережелерiне сәйкес тиiстi қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуi бойынша жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерi табыс етiлiп отырған, қылмыстық процестi жүргiзушi орган; қандай жедел-iздестiру шарасының қандай нәтижелерi және қандай көлемде табыс етiлетiнi; аталған нәтижелердi алу үшiн пайдаланылған техникалық құралдар; адамдардың қауiпсiздiгiн, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынылатын шаралар көрсетiледi. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органға жедел-iздестiру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда жедел-iздестiру қызметi нәтижелерiн қылмыстық iс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттiгiне негiздеме де келтiрiледi. Жедел-iздестiру қызметiнiң материалдары олардағы нақты деректердi олардың тергелiп (қаралып) жатқан қылмысты iске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн көлем мен нысанда табыс етiлуге тиiс.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
-
Таным теориясы – дәлелдемелер теориясының негізі. Қылмыстық іс бойынша ақиқаттың түсінігі, мазмұны және сипаты.
-
Қылмыстық іс бойынша ақиқатты аныктаудың іс жүргізу кепілдері.
-
Дәлелдеудегі практиканың түсінігі мен маңызы.
-
Дәлелдемелердің қайнар көздері.
-
Дәлелдемелердің жіктелуі, оның теориялық және практикалық маңызы. Дәлелдемелердің қасиеттері.
-
Дәлелдемелердің қатыстылығы, іске жіберілуі және растығы.
-
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің пәні: түсінігі, мазмұны және маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу шегінің түсінігі мен маңызы.
-
Дәлелдеусіз анықталатын мән жайлар.
-
Дәлелдемелердің жіктелуі.
-
Дәлелдеу пәні мен шектері.
12-тақырып. Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудін негіздері.
Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің негіздерін талдау.
Қысқаша мазмұны:
-
Дәлелдеу процесінің ұғымы мен элементтері. Дәлелдеу субъектілері. Дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бекіту.
-
Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық кұралдарды қолдану. Дәлелдеудегі жедел іздестіру қызметерінің рөлі мен маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудегі аналогиялар мен преюдициялар. Дәлелдемелердің іс жүргізушілік қайнар көздерінің түрлері.
-
Куәнің жауаптары. Куәнің жауаптарының түсінігі, пәні мен маңызы. Куәлік жауаптарының субъектілері. Куә ретінде жауап алуға жатпайтын тұлғалар. Куәлік иммунитет. Куәнің жауаптарының растығына әсер ететін факторлар. Куәнің жауаптарын бағалау мен тексеру. Куәнің жауаптарының толықтығмен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.
-
Жәбірленушінің жауабы: түсінігі, пәні мен маңызы. Жәбірленушінің жауаптарын тексеру мен бағалау. Жәбірленушінің жауабының толықтығы мен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.
-
Сезіктінің жауабы: түсінігі, пәні мен маңызы. Сезіктінің жауабын тексеру мен бағалау. Сезіктінің жауабының толықтығы мен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.
-
Айыпталушының жауабы: түсінігі, пәні, түрлері мен маңызы. Жауап беру кезіндегі айыпталушының құкығы. Айыпталушының жауабын тексеру. Айыпталушының жауабын тексеру. Айыпталушының Айыпталушы өзінің кінәсін мойындаған жағдайда дәлелдемелік маңызы. Өзін өзіне қатысты жалған жауап беру. Басқа біреуге катысты жалған жауап беру.
-
Сарапшының қорытындысы: түсінігі, объектілері мен маңызы. Сараптаманы тағайындаудың негізі мен тәртіптері. Сарапшының қорытындысының тергеу әрекеттеріне қатысуы үшін шақырылған маманның ұсынысы мен түсіндірмесінен айырмашылығы. Сарапшы қорытындысының түрлері. Сараптамалық зерттеудің шегі. Сарапшы қорытындысының мазмұны мен құрылысы. Сарапшы қорытындысын бағалау.
-
Заттай дәлелдемелер: түсінігі, іс жүргізушілік негізі, түрлері мен маңызы.Заттай дәлелдемелерді жинау тәсілдері. Заттайдәлелдемелерді тексеру мен бағалау. Заттай дәлелдемелерді сақтау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселені шешу. Заттай дәлелдемелердің растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.
-
Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары: түсінігі, құрылысы, маңызы. Тергеу және сот әрекеттерінің хаттамаларын бағалау.
-
Құжаттар: түсінігі, түрлері, маңызы. Дәлелдемелердің дербес қайнар көзі ретінде құжаттардың құжат-заттай дәлелдемелерден айырмашылығы. Құжаттарды жинау, тексеру мен багалау тәсілдері.
-
Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қолданылатын фонограммалардың, фотосуреттердің, киноленталардың, диапозиттердің, видеожазбалардың, үлгілердің, жоспарлардың, схемалардың және басқада көріністердің дәлелдемелік маңызы.
1. Дәлелдеу процесі — іске қатысы бар, іс жүргізу құжаттарында тіркелген нақты мәліметтерді жинақтау, бекіту, зерттеу (тексеру) және бағалау бойынша қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген дәлелдеу субъектілерінің қызметі түрінде көрінеді.
М.С.Строговичтің пікірі бойынша: «дәлелдеу процесі дәлелдемелерді табудан, оларды қарап тексеру және іс жүргізіп бекітуден, тексеруден және бағалаудан тұрады».
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесі — бұл шартты түрде дәлелдемелерді жинақтау мен бекіту, дәледдемелерді тексеру,
Дәлелдемелерді бағалау тәрізді төрт негізгі элементтен тұратын ойлау және практикалык қызметтің органикалық бірлігі.
Дәлелдеу субъектілері. Қылмыстық іс жүргізу заңдарында (ҚІЖК 62-67-баптар) көзделген жалпы ережелер бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайларды дәлелдеу міндеті төмендегілерге жүктеледі:
— іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын мемлекетгік органдар мен лауазымды адамдарға;
— өзінің немесе өзіне жүктелген құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушыларға;
— қылмыстық процеске қатысушы басқа адамдарға.
Бұл органдар мен адамдар фактілермен дәлелденген немесе дәлелденбеген деп тануға іс бойынша тергеудің кез келген сатысында дәлелдеу қорытындысын шығаруға сол бойынша соңғы шешім қабылдауға кұқылы.
Дәлелдемелерді жинақтау мен тексеру жауап алу, беттестіру тануға апару, алу, тінту, тексеру, эксперимент, сараптама жүргізу арқылы және занда көзделген басқа тергеу мен сот әрекеттері бойынша жүргізіледі.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде дәлелдеу процесінің элементтері баптардың аталуымен көрсетілген: дәлелдемелерді жинау (125-бап); дәлелдемелерді бекіту (126-бап); дәлелдемелерді зерттеу (127-бап); дәледемелерді бағалау (128- бап).
Дәлелдеу процесінде заңда көзделген тәртіппен дәлелдеме болып табылатын төмендегі нақтты мәліметтер жиналады, зерттеледі және бағаланады:
а) өтіп кеткен қылмыс оқиғасының орны бар екені туралы мәліметтер;
б) қоғамға қауіпті іс-әрекеттің осы әрекетті жасаған кінәлі адамның бар немесе жоқ болуы, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайлар;
в) куәнің, жәбірленушінің, күдікті мен айыпталушының жауаптары, сарапшының қорытындысы, заттай дәледдемелер, тергеу және сот әрекетінің хаттамалары және басқа да құжаттар.
Сонымен іс бойынша қорытынды шығаруға негіз болып табылатын нақты мәліметтер жиынтығына өзінің табиғаты мен тәсілі бойынша әртүрлі бүкіл дәлелдемелік процесс пен оны кұрайтын элементтер сипаттамасы жөнінде ескерілуге тиіс мән-жайлары тергеу мен сотты қызықтыратындай мәліметтер енеді. Дәлелдемелерді жинау. ҚІЖК-нің 125-бабында дәлелдемелерді жинаудың амалдары және кімдер оны жүзеге асыра алатындығы көрсетілген. Осы бапқа сүйене отырып дәлелдемелерді жинаудың мынадай амалдары мен жолдары болатындығын айта аламыз:
1.Дәлелдемелерді жинаудың басты амалы тергеу және сот іс-әрекеттерін жүргізу болып табылады. Тергеуші және анықтаушы қылмысты ашу үшін заңмен көзделген тергеу әрекеттерін қолдана отырып, сол арқылы дәлелдемелер жинауды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер негізінен сотқа дейінгі өндіріс кезінде жиналады. Ал, сот алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде жиналған істің материалдары мен дәлелдемелердің негізінде үкім шығарады. Дегенмен, сотта істі қарау кезінде де дәлелдемелерді жинау мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Мәселен, тараптардың жаңа куәларды шақыру немесе заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алдыру туралы өтініштеріне байланысты сотта қосымша дәлелдемелер жинау мүмкін болады.
2.Тергеу әрекеттерінен басқа да процессуальдық амалдарды қолдану. Ол амалдарға қылмыстық іс жүргізу органдарының ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдардан, сондай-ақ азаматтардан іс үшін маңызы бар құжаттарды немесе заттарды табыс етуді талап етуі жатады.
3.Қорғаушының өз өкілеттігінің шеңберінде қылмыстық іске маңызы бар мәліметтерді жинауы және дәлелдемелер тапсыруы. Бұл жөнінде ҚІЖК 125-бабының 3-бөлігінде былай деп көрсетілген: қорғаушы заң көмегін көрсету үшін қажетті дәлелдемелер тапсыруға және мәліметтер жинауға, адамдардың өз келісімдерімен білетіндерін сұрауға, ұйымдардан анықтамалар, мінездемелер және өзге құжаттарды сұратып алуға, қорғауындағы адамның келісімімен арнаулы білімі бір адамның пікірін сұратуға құқылы.
4.Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, жеке айыптаушының, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдардың дәлелдеме ретінде маңызы бар мәліметтерді (ауызша да, жазбаша да), заттарды және құжаттарды қылмыстық іс жүргізу органына өз еріктерімен тапсырулары.
ҚІЖК 125-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, дәлелдемелерді жинау оларды табу, бекіту және алуды қамтиды. Дегенмен, біздің пікірімізше, «жинау» деген сөздің өзі дәлелдемелердің алынатындығын білдіреді.
Дәлелдемелерді табу бұрын айтылған тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы мүмкін болады. Мәселен, оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыстың іздері және басқа да заттай дәлелдемелер табылады. Куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу арқылы қылмыстық істін мән-жайларын көрсететін фактілі деректер анықталады.
Дәлелдемелердi зерттеу
Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективтi зерттеуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемелердi талдауды, оны басқа да дәлелдемелермен салыстыруды, қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды.
Дәлелдемелердi бекiту
Iс жүзiндегi деректер олар iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiлгеннен кейiн ғана дәлелдеме ретiнде пайдаланыла алады.
Анықтау және алдын ала тергеу барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы тиiсiнше анықтаушы мен тергеушiге, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысына жүктеледi.
Тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ тараптарға сот талқылауында бұл iс-әрекеттердiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы iс-әрекеттердi жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Хаттамаға тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi қойылады.
Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылық бiлдiрулер, өтiнiштер және шағымдар хаттамаға енгiзiледi, ал жазбаша нысанда жазылғандары хаттамаға қоса берiледi. Сызылып тасталған немесе көшiрiлiп алынған сөздер немесе басқа түзетулер туралы хаттаманың соңына қол қою алдында ескерту жасалады.
Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әр бетiндегi мәтiннiң соңғы жолының астына және оның соңына өзiнiң қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бөлiгiмен танысу кезiнде әр беттiң аяғына және осы бөлiктiң соңына қол қойылады.
Анықтаушы, тергеушi немесе сот ескертулермен немесе қарсылық бiлдiрулермен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады. Заңдарда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың бiреуi немесе басқа да адамдар тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы немесе тергеушi өзiнiң қолымен куәландыратын хаттамаға ол туралы белгi соғады.
Сот отырысының хаттамасында жазылған соттың iс-әрекетi туралы жазбаларға заңда көзделген жағдайларда қол қоюдан бас тартылса, ол хаттамада сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куәландыратын белгi соғылады.
Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебiн түсiндiруге құқылы және бұл түсiндiру хаттамаға енгiзiлуi тиiс.
Егер iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысушы өзiнiң дене кемшiлiгiнiң салдарынан хаттаманы өзi оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келiсiмiмен оның қорғаушысы, өкiлi немесе ол адам сенетiн басқа азамат хаттаманы дауыстап оқиды және оған қол қояды, ол туралы хаттамада белгi қойылады. Дәлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсiрiп алу, фотоға түсiру, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер дайындау және ақпаратты бейнелеудiң басқа да әдiстерi қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-әрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дәлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген әдiстерiн қолданғандығы туралы тиiсiнше тергеу iс әрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi соғылады. Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң барысы мен нәтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Әрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтаушы немесе тергеушi және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады.
Дәлелдемелерді бекіту мәселесіне ҚІЖК-нің 126-бабы арналған. Дәлелдемелерді бекітудің басты амалы хаттама жазу болып табылады. Яғни, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін жүргізу арқылы жиналған дәлелдемелер сол кезде жазылатын хаттамада көрсетіліп рәсімделеді. Мәселен, куәдан жауап алғанда тергеуші хаттама жазып, оны жауап берген адам және тергеушінің өзі қол қойып растайды. Соттың іс-әрекеттері сот отырысының хаттамасында жазылып көрсетіледі. Ал, қорғаушы немесе басқа іске қатысушылар не өзге азаматтар мен ұйымдар тапсырған құжаттар мен заттарды дәлелдеме ретінде қолданудың шарты оларды іске тіркеу (қосу) туралы қылмыстық іс жүргізу органының қаулы шығаруы болып табылады. Қорғаушының немесе басқа адамдардың, ұйымның қылмыстық іс жүргізу органына берген мәліметтері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы рәсімделген жағдайда ғана оларды дәлелдеме ретінде қолдану мүмкін болады.
2. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қылмыстық процесті жүргізуші орган, сондай-ақ сарапшы және маман өздері осы Кодексте көзделген іс жүргізу міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады.
Қылмыстық процестi жүргiзушi органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы кезiнде жәрдем көрсету үшiн маман тартылуы мүмкiн.
Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:
1) заңда тiкелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптерiне қайшы келмесе;
2) ғылыми жағынан маңызды болса;
3) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн болса;
4) қауiпсiз болса, жол беруге болады деп танылады.
Қылмыстық процестi жүргiзушi органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректерi, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және оларды пайдаланудың нәтижелерi көрсетiле отырып тиiстi iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында және сот отырысының хаттамасында көрсетiледi.
Қылмыстық iс бойынша дәлелдемеде жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн пайдаланады.
Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес осы Кодекстің 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы", "Жедел–іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер оның келісімімен аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйымдасқан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) ендірілген адамдар тікелей қабылдаған нақты деректер осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықталған істің мән-жайларын қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей қабылдауы қажет және мүмкін болған кезде істің бұл мән-жайлары осы Кодексте көзделген ережелер бойынша жүргізілетін тергеу не сот іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі.
Жедел-іздестіру қызметі барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар және құжаттар ретінде пайдалану тиісінше осы Кодекстің 121 және 123-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру қызметі материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретінде іске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана осы Кодекстің 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-іздестіру қызметі материалдарын табыс ету туралы шешім қабылдай отырып, осы Кодекстің 202-бабының ережелеріне сәйкес тиісті қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуі бойынша жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері табыс етіліп отырған, қылмыстық процесті жүргізуші орган; қандай жедел-іздестіру шарасының қандай нәтижелері және қандай көлемде табыс етілетіні; аталған нәтижелерді алу үшін пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық іс материалдарына қосу үшін жіберілетін заттар мен құжаттар; қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынылатын шаралар көрсетіледі. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органға жедел-іздестіру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда жедел-іздестіру қызметі нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттігіне негіздеме де келтіріледі. Жедел-іздестіру қызметінің материалдары олардағы нақты деректерді олардың тергеліп (қаралып) жатқан қылмысты іске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беретін көлем мен нысанда табыс етілуге тиіс.
Жедел-іздестіру қызметінің осы бапта баяндалған талаптарға сай келмейтін нәтижелері осы материалдарды ұсынған органға қайтарылады, бұл туралы дәлелді қаулы жасалады. Қаулыда жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қылмыстық іске қоса тіркеуден бас тартудың себептері көрсетілуге тиіс.
Преюдиция. Қылмыстық iс бойынша соттың заңды күшiне енген үкімі, сондай-ақ заңды күшiне енген басқа да шешiмдерi анықталған мән-жайларға да, олардың құқықтық бағалануына да қатысты барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн мiндеттi. Бұл ереже жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың үкімі мен басқа да шешiмдерiн кассациялық және қадағалау тәртiбімен тексеруге, олардың күшiн жоюға және оларды өзгертуге кедергi жасамайды.
Соттың азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмi оқиғаның немесе әрекеттiң орын алған-алмағандығы туралы мәселе жөнiнде ғана қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi және сотталушының кiнәлi немесе кiнәлi еместiгi туралы қорытындыларды күнi бұрын шешуге тиiс емес.
Соттың талап-арызды қанағаттандыруға құқықты танитын заңды күшiне енген үкiмi сот үшiн осы бөлiгiнде оның азаматтық iс қарауы кезiнде мiндеттi.
3.Куәнің жауабы деп алдын ала тергеу (анықтау) жүргізу кезінде немесе сот отырысында қылмыстық істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы бұл адам хабарлаған және хаттамаға түсірілген мәліметтерді айтамыз. ҚІЖК 119-бабының 6-бөлігіне көрсетілгендей, куәдан іске қатысты мән-жайлар туралы, оның ішінде айыпталушының, жәбірленушінің жеке басы туралы, өзінің олармен және басқа да куәлармен өзара қатысы туралы жауап алынуы мүмкін. Куә жауабының пәнін негізінен қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайлар құрайды. Сонымен қатар, куәдан өзінің айыпталушымен, жәбірленушімен және басқа да куәлармен қарым-қатынасы туралы жауап алудың олардың жауаптарын бағалап қолдану үшін маңызы бар.
Куәдан жауап алатын тергеуші немесе анықтаушы, прокурор, судья кімдерден куә ретінде жауап алуға жатпайтындығын ескеруге тиіс (судьядан — қылмыстық істі жүргізуге қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы, қорғаушыдан—өз қызметін атқаруына байланысты осы қылмыстық іс бойын-ша өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы және т.б.). Сонымен қатар, жауап алудың басында куәға өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының қылмысқа қатыстылығы туралы жауап беруден бас тартуға құқылы екендігі ескертіледі. Бұдан басқа жағдайларда куә жауап беруге міндетті және жауап беруден бас тартқаны немесе көрінеу жалған жауап бергені үшін ҚК-тің 352-бабы бойынша жауаптылыққа тартуға жатады.
Куәнің жауабы дәлелдемелердің жиі қолданылатын түрі болып табылады. Яғни, әрбір қылмыстық іс бойынша тергеу (анықтау) жүргізу кезінде және басты сот талқылауында куәлардан жауап алу және олардың жауабын дәлелдеме ретінде қолдану қажет болады.
Куә жауабының негізін тікелей оның өзі көрген не естіген жағдайлар немесе басқа адамнан естіген немесе құжаттардан білген мәліметтер мен фактілер құрайды. Егер куә істің мән-жайлары жөнінде басқа адамнан хабардар болса, онда ол адам туралы мәліметтерді хабарлауы тиіс. Өйткені, мұндай жағдайда куәнің жауабы туынды дәлелдемеге жататын болғандықтан, оған сүйене отырып алғашқы дәлелдеменің өзін табу қажет. Егер куә өзінің хабардарлығының көзін көрсете алмаса, ол хабарлаған мәлімет дәлелдеме бола алмайды (ҚІЖК 119-бабынын, 6-бөлігі).
Куә жауабын тексеріп бағалағанда қылмыстык іс жүргізу органы куәнің жеке басын сипаттайтын деректерді және оның іске мүдделі болуы мүмкіндігін ескеруі керек. Мәселен, куәнің айыпталушымен немесе жәбірленушімен туысқандық не достық қарым-қатынастарда болуы, немесе жұмыс орны жағынан куә оларға бағынышты болуы мүмкін. Осындай жағдайларға байланысты куә жауабының шындық болмауы қылмыстық іс жүргізу тәжірибесінде кездеспейді емес. Сонымен қатар, іске мүдделі адам-дардың куәға әр түрлі қысымшылық жасауы арқылы оны жалған жауап беруге көндіретін жағдайлардың да болатындығы жоққа шығарылмайды.
Куә жауабын бағалап қолданғанда жоғарыда айтылған жағдайлармен қатар оның жауабының қалыптасу психологиясын да ескеру қажет. Психологиялық тұрғыдан алғанда, куә жауабының қалыптасуы мына кезендерден тұрады деп қарастырылады:
—болған оқиғаны, фактілерді, мән-жайларды куәнің өзі көріп, естіп қабылдауы;
—өзі көріп, естіп қабылдаған жағдайларды куәнің есінде сақтауы;
—ол жағдайлар мен фактілер туралы мәліметтерді куәнің жауап бергенде айтып жеткізуі.
Осы кезеңдердің барысында әр түрлі объективтік және субъективтік себептер болып, олар куә жауабының қалыптасуына және сапасына әсерін тигізеді. Мәселен, болған оқиғаны куәнің қабылдау сапасына мынадай жағдайлардын әсер етуі мүмкін: куәнің жеке басының қасиеттері (оның байқағыштығы немесе немқұрайдылығы, көзінің өткірлігі немесе кемістігі және т.б.), оқиғаның қандай табиғи жағдайда болғандығы (уақыт мезгілі: күндізгі немесе кешкі не түнгі уақытга; ауа райының құбылыстары: ашық күні, жаңбыр немесе қар жауу болған кезде), болған оқиға мен оны көрген адамның бір-бірінен ара қашықтығы. Осындай және басқа да әр түрлі жағдайларға байланысты болған оқиға туралы бірнеше куәлардың жауаптарынын, арасында айырмашылықтардың болуы ықтимал. Сонымен бірге, куә ретінде жауап беретін адамдардың есте сақтау қабілеттері де бірдей болмайды. Болған жағдайларды куәнің есінде сақтауы — ол жағдайлар болған кезден жауап алуға дейін қанша уақыт өткеніне де байланысты болып келеді. Бұл уақыттың ұзақтығы ұлғайған сайын куә білетін фактілер мен істің мән-жайларының оның есінде сақталуы біртіндеп көмескілене береді. Сонымен қатар, куә ретінде жауап беретін адам өзі білетін іске маңызы бар фактілер мен мән-жайларды әр түрлі себептерге байланысты сөзбен толық және дәл жеткізе алмауы да мүмкін. Сондықтан мұндай куәлардан жауап алу кезінде тергеуші немесе сотга тараптар қосымша сұрақтар қою арқылы куә білетін мән-жайларды дәлірек анықтау қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |