Р. К. Керимбаева


Пікірталас және нәтижелері



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата28.03.2024
өлшемі1.18 Mb.
#496714
1   2   3   4   5   6   7
107-Статья для антиплагиата-1038-3-10-20210528

Пікірталас және нәтижелері. Ұлы ақын 
шығармадарында психология ғылымының 
негізі – жан мен тәннің байланасы, адамның 
тұлғалық дамуына тәрбие мен білімнің 
әсері, баланың ішкі болмысы, әлеуметтік, 
ұлттық психология ғылымының өзекті 
мәселелері ерекше көрініс береді. Нақтырақ 
айтсақ, психология ілімі адамның ішкі 
дүние сырларына тереңінен бойлататын 
барлық тіршілігінің ілкі бастауы. Демек, 
адам тек өзін, өзінің ішкі сезімдері мен 
ойларын өз ырқына бағындырып қана 
қоймай, қоршаған айналасын ақыл ойы мен
парасатына сүйене отырып өз қалауынша 
өзгертуге қауқарлы. Мұндағы жетекші идея 
– психология ғылымының адамтану пәндері 
арасындағы 
сабақтастықты 
көрсетеді. 
Осындай тұжырымды М.Әуезовтің мына 
пікірі толықтырады: «Абай сөзінің негізін 
адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-
толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да 
адамгершілік тәрбие екенін танытады»[6].
Абай адам бойындағы адамгершілік
ізгілік пен әділдік сезімдерін барлық
поэзиялық туындылары мен қара сөздерінің 
негізгі моральдық принципі ретінде 
сипаттаған. Ақын «Әсемпаз болма әрнеге» 
өлеңінде:
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.


199
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа,
Алдың – жалын, артың – мұз,
Болар едің қай жаққа? – дей келе
әділеттілік пен мейірбандық жоқ болса, 
асқан ақыл мен құрыш қайрат та, адам 
баласын жақсылыққа жеткізе алмайды деп 
ой түйеді.
Абай өзінің өлең-жырларында ғылым мен 
білімді қатар қосқан адам ақылды, саналы 
болады деп, ерекше бағалаған. Ақыл – 
қайсібір нәрсеге болмасын мизан (таразы), 
ғаламның ғажайып қырларымен ашылмаған 
сырларын танып білуде біліммен қаныққан 
ақылдың мүмкіндігі мол деп санайды. 
Ақынның пайымдауынша «нағыз адамды» 
ақыл, білім, білік, ғылымға құштарлық 
қасиеттері қалыптастырады.
Ойшыл ақын өз шығармаларында ой мен 
сезімді бір-біріне қарама қарсы мағынада 
емес, бірін-бірі толықтыратын қос ұғым 
ретінде келтіреді.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жатыртпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.
Бұл өлең шумақтарынан біз бүгінгі 
таңда үлкен сұранысқа ие болып отырған 
позитивті психологияның «Әр күніңді, әр 
сәтіңді сергек сезіне отырып, саналы өмір 
сүр», «Ақыл-ойың мен сезімдеріңді тең 
ұста» секілді жетекші идеяларын байқай 
аламыз.
Кемеңгер ақын адам жүрек пен сананы тең 
ұстағанда, оның өміріне үйлесімділік орнап 
кемел адамға айналатындығын айтады. 
Мұндағы кемел адам деп отырғанымыз – 
араб тілінде, «инсан-и камил» – толық адам. 
Тамырын тарихтың терең қатпарларынан 
алған бай қазақ әдебиетінде ізгілік идеясына 
сүйенген кемел адам (инсан-и камил) туралы 
ой алыптарынан қалған рухани мұралар 
желісінің іздері: 
1) Алып Ер Тоңаның «Ақи немесе 
жомарттық» ілімі (б.з.д.VII ғасыр),
2) Әл-Фарабидің «парасатты адам» ілімі 
(Х ғасыр),
3) Жүсіп Баласағұнидің «жәуанмәртілік» 
ілімі (ХІ ғасыр),
4) Ясауидің «хәл» ілімі (ХІІ-ХІІІ ғасыр),
5) Абайдың «толық адам» ілімі (ХІХ 
ғасыр соңы),
6) Шәкәрімнің «ар» ғылымы (ХХ ғасыр 
басында).
Осынау терең философиялық мән-
мағына мен даналық ойларға толы теңдесіз 
ізгіліктің өзекті ғылыми негізін қамтыған 
бабаларымыз көреген болған. Бүгінгі таңда 
асыл қазыналар халқымыздың рухани 
жаңғыру жолында жаңа заман адамдарын 
тәрбиелеуде маңызы зор. 
Абай отыз жасында өз ұлтының рухани 
құндылықтарын жетік меңгеріп, Шығыс 
әлемінің әдебиетімен де қаныққан еді. Бұл екі 
алтын бұлақ ойшыл ақынның дүниетанымын 
орнықты қалыптастырды. Үшінші бұлақ 
көзі орыс әдебиеті арқылы жеткен батыс 
ағартушыларының туындылары болды. 
Жан-жақты шет ел әдебиеттеріне қанығып 
өскен Абайдың отыз сегізінші ғақлиясында 
атап көрсеткен «толық адам» ілімі өзіндік 
жеке жүйесі бар дербес таным. Толық адам 
ілімі ұзақ уақытты ізденіс пен зерттеулер 
нәтижесінде, төрт бөліктен құралғаны 
анықталды:
1) Жүрек кілті; 
2) хауас; 
3) жәуәнмәртілік;
4) иманигүл деп аталатын терең ғылыми 
мәні бар ой танымы [7]. 
Ұлы Абай сарқылмас рухани мол 
мұрасының шарықтау шыңы – «толық адам» 
ілімі екені анық. Ал ақынның бұл ілімді 
жасауына түрткі болған дүние, ол отаршыл 
патша үкіметінің қазақ халқын біртұтас етіп 
ұстап тұрған, ұлттық құндылықтарымыз бен 
қадір-қасиеттерімізді жою арқылы ел билеу 
саясаты еді.
Батыс 
Сібір 
генерал-губернаторы 
М.Сперанский сияқты озбыр саясаткерлер 
«қазақ даласында өсетін сексеуіл деген 
ағашты балталасаң да сынбайды, оны тек 
өзіне-өзін ұрып қана сындыруға болады 
екен» [8] деп, осы әдісті қолдануы себебінен 
бұрынғы рухани тұтас халықтың арасына 
іріткі түсіп, алауызданып, мінез-құлқы 
бұзылған, бәлеқор, арызқой, тобырға 
айналды. Осы жағдайды тереңінен түсіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет