Р. К. Миньяр-Белоручевтің айтуынша, мәтін графикалық немесе дыбыстық белгілердің реті ғана емес, түрліше ақпаратты жинақтаған тілдік белгілердің жүйесі. Сондықтан да аудармашы мәтіндегі ақпаратты коммуникативтік



жүктеу 35.19 Kb.
Дата13.06.2016
өлшемі35.19 Kb.
Мұсалы Л.Ж.,

ф.ғ.к., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті


МӘТІНДІ АУДАРМАҒА ДЕЙІНГІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ.
Мәтінді аудармаға дейінгі талдау (бастапқы мәтінге аудармашылық интерпретация) – аударма мәтін жасауға дейін өткізілетін аударма доминантын анықтауға арналған бастапқы мәтінді талдау. Аударматанушы ғалымдардың бұл бағыттағы пікірлері қарастыратын болсақ, мәтінді аудармаға дейінгі талдаудың бірнеше аспектілерін бөліп көрсетуге болады. Зерттеуші И.С.Алексеева мәтінді аудармаға дейінгі талдау кезінде келесі мәліметтерді анықтау керектігін айтады:

  1. Мәтін туралы сыртқы мәліметтер жинақтау

  2. Ақпарат құрамы

  3. Ақпарат тығыздығы

  4. Коммуникативтік міндеті

  5. Тілдік жанры

Ғалымдар М.П. Брандес және В.И. Провоторов аудармашы аудармаға кіріскен кезде, мәтіннің тілдік ерекшелігін зерттеп, мынадай маңызды мәселелерді анықтап алу қажет: 1) мәтін қандай тілдік жанрда орындалған; 2) мәтін функционалды стильдің қай түріне жататындығы

Р.К.Миньяр-Белоручевтің айтуынша, мәтін – графикалық немесе дыбыстық белгілердің реті ғана емес, түрліше ақпаратты жинақтаған тілдік белгілердің жүйесі. Сондықтан да аудармашы мәтіндегі ақпаратты коммуникативтік құндылығына қарай мынадай түрлерге ажыратып анықтап алуы керек: бірегей немесе басты ақпарат; қосымша ақпарат; нақтылаушы ақпарат; қайталанатын ақпарат; нөлдік ақпарат

Л.Л.Нелюбин аудармашылық интерпретацияны бастапқы мәтінге өзге тіл мен өзге мәдениет өкілінің көзімен қарау ретінде сипаттайды. Мәтінді аудармаға дейінгі талдау аудармашыға мынадай маңызды жайттарды анықтауға мүмкіндік береді: аудару кезінде дұрыс бағдар ұстау; аудармашылық стратегия; аудармадағы басты нәрсені, яғни аударма доминанты; мәтіннің қандай типімен жұмыс істейді және оның ішкі, сыртқы белгілері көрінетін типтік құрылымы қандай;

аудармада міндетті түрде берілуге тиісті, ерекше назар аударылуға тиісті түрлі тілдік сипаттар; аудармада тілдік құралдарды таңдау, қандай сөздер мен синтаксистік құрылымдарға ерекше мән беру керек; мәтін бөліктерінің ақпараттық құндылығы; аудару кезінде жол беруге болатын және болмайтын жағдайлар;

Мәтінді аудармаға дейінгі талдау (МАдТ) – аударма үдерісінің бірінші кезеңі ретінде өте маңызды, түпнұсқаны толық түсініп, талдап, пайымдаған аудармашыға аудару қиынға түспейді. МАдТ үдерісінің өзін бірнеше кезеңге бөлуге болады және әр кезеңнің өз міндеттері болады. Зерттеушілер МАдТ үдерісін 3 кезеңге бөліп жүр. Төменде осы үш кезеңнің әрқайсысына тоқталып өтеміз. Мәтінді аудармаға дейінгі талдаудың бірінші кезеңінде мындай міндеттер қойылады:

1.Мәтінді семантикалық блоктарға бөлу қажет. Бұл үшін мәтінді түрлендіру бойынша мынадай іс-әрекет кешенін орындау керек: жеке фактілерді біртұтас мағыналық тұтастыққа жинақтау, мәтіннің жоспарын жасау, семантикалық блоктарды бөлу.


2.Мәтіннің негізгі тақырыбын табу керек. Мұнда мәтінді түрлендіру бойынша мынадай іс-әрекет кешені атқарылады: баяндау пәнін мүшелеп бөлу, негізгі тақырыптың формалды белгілерін табу
3. Ойдың баяндау тәсілін анықтау қажет. Бұл үшін композициялық-тілдік формалардың формалды белгілерін бөліп көрсету, олардың мәтінде көріну тәртібі және өзара ықпалының сипатын анықтау.
2-кезеңнің міндеттері:

1.Баяндаудың тема-ремалық тізбегін құру. Бұл үшін студент мәтіннің тема-ремалық құрылымын бағдарлау бойынша келесі ақыл-ой әрекеттерін меңгеруі тиіс:

жеке семантикалық блоктардың темасы мен ремасын анықтау,

бүкіл мәтіннің және жеке бөліктердің тема-ремалық тізбегін құру.

2. жеке семантикалық блоктардың және олардың өз ішіндегі байланысу тәсілдерін анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай іс-әрекет кешенін атқару керек: абзац ішіндегі сөйлемдердің байланысу тәсілдерін анықтау, мәтіндегі семантикалық блоктар мен абзацтарды, мәтіннің түрлі мағыналық бөліктерінің арасындағы заттық және логикалық қарым-қатынастарды біріктіру

3-кезеңнің міндеттері:

1.Мәтіннің негізгі идеясын анықтау;

2.Автордың коммуникативтік ниетін және коммуникативтік ықпалын анықтау.

Бұл үшін мәтінде көтерілген мәселелерді талдау, семантикалық блоктардың тақырыптық мазмұны және баяндау тәсілдерінің сипаты туралы мәліметтерді жинақтау, мәтіндегі авторлық пайымдау мен бағалау, авторлық қарым-қатынас көрінетін лексикалық құралдарды бөліп алу керек.

3. Тілдік жағдаят параметрлерін бөліп алу. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай іс-әрекет кешенін атқару керек: тілдік жағдаяттың типін, жіберушінің әлеуметтік мәртебесін және реципиентті хабарламаны жіберу каналын анықтау мақсатында талдаудың алғашқы екі кезеңінде анықталған мәтіннің ерекшелігін талдау және жалпылау;

4.Мәтін жанрының типін анықтау. Бұл мақсатқа жету ұшін материалды баяндау тәсілі және мәтіннің лексико-синтаксистік ерекшелігі туралы мәліметтерді жинақтау қажет.


Әдебиеттер:

1.Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика. – СПб,2008.


2.Миньяр-Белоручев Р.К. Теория и методы перевода. – М.,1996.
3. Нелюбин Л.Л. Толковый переводоведческий словарь.– М.,2003.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет