ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 05 наурыздағы №185 Қаулысымен бекітілген



Дата24.02.2016
өлшемі82.91 Kb.
#16767
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы

05 наурыздағы № 185

Қаулысымен бекітілген

«Мем.тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан

жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды

есепке алу және кезекке қою,

сондай-ақ жергілікті органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»
ХҚКО , Egov арқылы жүзеге асырылады.
Мем.қызмет алушылар: (Тұрғын үйге мұқтаж, тиісті елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын жеке тұлғаларға) және


  1. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына;

  2. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

  3. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер, оралмандар, толық емес отбасылар;

  4. Өтініш жасаудың алдында соңғы 12 ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, әлеум.жағынан әлсіз топтары (тегін) Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды.

  5. Мем.қызметшілерге, бюдж.ұйымдардың қызметкерлеріне,әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мем.органдардың қызметкерлеріне ж/е мем. сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

  6. Жалғыз тұрғын үйі ҚР-ның заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.



Қажетті құжаттар:


  1. Өтініш (1 қосымша);

  2. Жеке куәлік немесе паспорт көш;

  3. Неке қию, некені бұзу, қайтыс б.т.к., әкелікті анықтау т.к., туу т.к., ф.4 т.б. көш.

  4. Әлсіз топқа жататын азаматтар (жетім балалар, ана-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және мүгедек балаларды қоспағанда) соңғы 12 ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы тур.анықтама;

  5. Мем.қызметшілер, бюдж.ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мем.органдардың қызметкерлері және мем.сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтама; Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер ҚР-ның Үкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;

  6. Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасын;

  7. Отбасы тұратын үй санит.және техникалық талаптарға сай келмеген н/се жапсарлас, оқшауланбаған үйлерде 2 және одан да көп отбасы тұрып жатса, немесе отбасында созылмалы аурудың ауыр түрімен ауыратын науқастар болып, бір үйде олармен тұру мүмкін болмаған жағдайда тиісті органның анықтамасын;

  8. МЖА түпнұсқа;

  9. Ф.6 түпнұсқа;



Орындалу мерзімі:

Тапсырған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн; (тапсыру күні кірмейді, нәтижесі 1 кун бұрын ұсынылу керек)



Мем.қызмет: тегін

Аяқталу нәтижесі:
Кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама, н/се 10 тарм.көзделген жағдайлар және негіздер б/ша бас тарту тур.дәлелді жауап.(эл.нысанда)

Әлеуметтік жағынан осал топтары:


  1. Көп балалы отбасылар;

  2. Толық емес отбасылар;

  3. Төтенше жағд.салдарынан үйінен айырылғандар; (экол.зілзала, табиғи және техногенді сипаттағы)

  4. Оралмандар;

  5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 ж.толмаған жетім балалар;(Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады)

  6. Созылмалы аурудың ауыр түрімен ауыратын адамдар;

  7. Мүгедек балалары бар н/се оларды тәрбиелеуші отбасылар;

  8. 1-2 топ мүгедектер;

  9. ҰОС мүгедектері мен қатысушылары ж/е оларға теңестірілгендер;

10. Жасына байланысты зейнеткерлер;

11. Мем.міндеттерін, (әскери қызметін орындау кезінде, ғарышқа ұшуды жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.

     


Тұрғын үйге мұқтаж деп танылатындар:


  1. Есепке қойған кезде, тұрғын үй берілген сәтте олардың ҚР-ның аумағында тұрғын үйі болмаса;

  2. Есепке қойған кезде, тұрғын үй берген кезде осы елді мекенде меншігінде тұрғын үйі болмаса;

  3. Олардың осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйі болмаса;

  4. Отбасы тұратын тұрғын үй санитариялық ж/е техникалық талаптарға сай келмесе;

  5. Жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда 2 және одан да көп отбасы тұрып жатса;

  6. Отбасында созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауыратын науқастар болып, 1 үй-жайда олармен бірге тұру мүмкін болмаса;



ҚР Үкіметінің 2014 жылғы

05 наурыздағы № 185

Қаулысымен бекітілген

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
ХҚКО, Egov арқылы жүзеге асырылады.
Мем.қызмет алушылар:

Жеке тұлғаларға: Аталған жерде тұрақты тұратын, тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға тегін көрсетіледі.


Қажетті құжаттар:

1.Өтініш;(1 қосымша)

2. Баланың туу т.к. көш;

3. Ж/к көш;

4. Отбасының табысын растайтын құжаттар /2 қосымшаның 1,5,6,7 тармағынағы, 8 тармақтың 2-ші тармақшасында және 10 тармағында көрсетілген отбасылар үшін/ (жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды);

5. Коммуналдық қызметтер төлемдері туралы шоттар;

6. Тіркелгенін растайтын құжат (МЖА);

5. Отбасының табысын растайтын құжат (2 қосымшаның 2,3,4-тармақтарында, 8 тармақтың 1-ші тармақшасы және 9 тармақта көрсетілген отбасылар үшін);

6. Тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар;;
Орындалу мерзімі:

Тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 10 күн (қабылдау күні кірмейді нәтижесін мерзімі аяқталғанға дейін 1 күн бұрын ұсынылады);


Мем.қызмет: тегін
Аяқталу нәтижесі:

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не осы стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап. (эл.нысанда)



«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша     
Отбасының табысын растайтын құжаттар тізбесі





Талап

Ұсыну түрі

1

Еңбекақы түрінде алынатын табыстар

Көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтама

2

Әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар

Ұсыну талап етілмейді, ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар

Ұсыну талап етілмейді, ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

4

Балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер түріндегі табыстар

Ұсыну талап етілмейді, ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

5

Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан

Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беру мен сату туралы көрсетілетін қызметті алушыдан еркін нысандағы түсініктеме

6

Жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған

Сатып алу-сату туралы шарттың көшірмесі

7

Ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) түрінде

Жинақ кітапшаларының көшірмесі

8

Білім алушылардың стипендиясы

1) Жоғары оқу орындарындағы білім
алушылар үшін - анықтаманы ұсыну
талап етілмейді, ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
2) Орта оқу орындардағы білім алушылар үшін — стипендиядан алынатын табысты растайтын анықтаманың көшірмесі

9

Азаматтың жұмыссыз мәртебесін растау

Ұсыну талап етілмейді, ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

10

Жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс

Жеке қосалқы шаруашылық - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылық туралы жергілікті атқарушы органнан анықтама


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет