Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру Атеева Аида Зейноллаевна Мұстафа Шоқай атындағы «№51 мектеп-гимназия»



бет2/7
Дата14.03.2024
өлшемі54.09 Kb.
#495490
1   2   3   4   5   6   7
Атеева А.З. Астана№51мг

«Айналмалы бекет» стратегиясы шығармада көтерілген өмірлік мәселенің маңыздылығын, құндылығын ашып, талдауға бағытталған. Мақсаты – басқа біреулердің идеяларын білу, тақырыпты немесе сұрақты белсенді түрде толықтай талқылау, толықтыру, жаңа идеялар ұсыну.[1, 23б.]
Ұйымдастыру: Оқушылар шығарманы оқып болғаннан кейін, топтық жұмыс жасайды, әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап болған соң, бекеттерді аралап, басқа топтардың жауабын тыңдайды және толықтырулар жасайды, бағалайды немесе жаңа идеялар ұсынады. Бекеттерді айналып орындарына келген соң, алған білімі бойынша дәптерге конспект жасайды. Тапсырма
1-бекет. Шығармада көтерілген басты мәселені (тақырып, идея) анықтайды. Неліктен автор бұл мәселені көтерді? Драма күллі қазақ халқының ғасырлық қасіретіне айналған Семей полигоны тақырыбына арналған. Көтерілген мәселе - атом сынақтардан зардап шеккен полигон құрбандарының ғана өмірін емес, күллі адамзаттың қасіретін бейнелеу.
2-бекет. Шығарма оқиғасындағы тартыс кімдердің арасында өрбиді? Шығармадағы тартыс атомдық сынақтар жасалған жарылыс даласының дәл кіндігінде — Қарауылда туған зағип қыз Ләйлә мен оның аянышты халіне көз жұма қарайтын қатігез тәтесі Сәлима деген әйел және жергілікті халықтың қайғы-мұңын өз мүдделеріне пайдаланбақшы болған көрші ауданның басшы азаматтары арасында өтеді.
3-бекет. Көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып, 1-2 дәлел келтіреді.
4-бекет. Автор позициясы мен көтерген мәселенің қазіргі заман талабына сай маңыздылығын ашады. Автордың көздеген мақсаты: жекелеген адамдардың өмірлік құндылықтары туралы өзіндік көзқарас позициясынан қоғамға зер салу. Шығарма оқиғаларының тізбегі XX ғасырдың соңындағы — тоқсаныншы жылдардағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік жағдайын шынайы суреттейді. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары депутаттыққа үміткер азаматтар соңынан шашпауын көтеріп, сөзін сөйлер нөкерлерін ертіп, ауыл-аймақты аралауды «дәстүрге» айналдырғаны белгілі. Қайтсе де көп дауыс алуды көздеген топ жергілікті халықтың қайғы-мұңын өз мүдделеріне пайдаланбақшы. Осы мақсатта Ләйләні «бетке ұстап», митинг өткізуді бұлар үгіт-насихаттың таптырмас әдісі деп табады.
5-бекет. Шығарманың құндылығы мен жаңашылдығы неде деп ойлайсыздар? Шығарманың жаңашылдығы – адам баласының жалпы психологиялық-эмоционалдық ахуалын зарлы, шерлі түрде сипаттай алуы, адам жанының диалектикасын ашуы. Дәлірек айтқанда, кейіпкердің ішкі рухани әлеміне үңілу, жан сарайына психологиялық талдау жасау саласына аса мән беруі.

Бағалау критерийі

Дескрипторы

Шығармада көтерілген өмірлік мәселенің маңыздылығын, құндылығын анықтайды, мәселенің заман талабына сәйкестігін табады.

Шығармада көтерілген мәселені талқылайды, тақырып пен идеяны анықтайды;

Шығарма оқиғасындағы тартыс кімдердің арасында өрбігенін анықтай алады;

Көтерілген мәселені өмірмен байланыстырады, дәлелдейді;




Автор позициясы мен көтерген мәселенің қазіргі заман талабына сай маңыздылығын ашады

Шығармадағы кейіпкер үні, оның жан дүниесіндегі қасиеттер: материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру арқылы шығарманың жаңашылдығына баға беру тапсырмалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет