«Өрмекші торы» әдісі бойынша оқушылар кейіпкерлерге (Ләйлә, Қатира, халық) шығармадан дәлел келтіре отырып, мінездеме беру арқылы кейіпкер бойындағы құндылықтарды анықтайды. [1, 34б.]
Ләйлә бейнесі
Ләйлә мінезі: Ол күн батысымен сұғанақ көздерден аулаққа, Тереңсайға жасырынып, көктегі аймен сырласуды әдет қылған. Мүгедектігінен, жетімдігінен жуасып, жасып қалған шарасыз қыз үнемі жұрттан жырақ жүреді. Себебі ертеден қара кешке дейін кекетіп, мұқатқан жұрттың сөзі мен көзінен әбден қажыған,олардың алдында бейшара болудан намыстанады. Өмірге көзқарасы: Ол өмірге құштар, оның жан дүиесі тап-таза. Бірақ, оның ішкі зарын, мұң-наласын Ай ғана құлақ асып тындап, ұғып тұрған тәрізді көрінеді. Мұнда ол өзін бақытты, үріп ауызға салғандай сұлу деп санайды. Себебі мұнда оның сыртқы мешелдігіне көзін сатып, сұқтана қарайтын адамдар жоқ, Жаны сұлу да таза жас қыз өзін осы жерде ғана еркін сезінеді. Арман-тілегі: Рухани, физиологиялық тұрғыда бой жетіп келе жатқан қыздың ішкі дүниесі арманға толы. «Бүгін менің туған күнім. Жиырмадамын, жарық ай! Тұлымшағы желкілдеген жас бала емес, бой түзеген Қарауылдың сұлуы Ләйләмін... Е...е...ей, Ләйлә қызбын. Бозбаланы ынтықтырып, Тереңсайға қашамын»; «Түрім дейсің бе? Түрім әдемі...і...і...і. Кім сияқты дейсің бе? Кім сияқты десем екен? Роза Рымбаева сияқты сұлу...у...у... Сұңғақ бойлы, биік қабақ, аққұба қыз Ләйлә келе жатады... Әдемі ғой,ә!»
Кейіпкердің қорқынышы:- Алапат күннің белгісі ретінде, ел басына қатер тұнған күннің белгісі ретінде. Иә... иә, әйтеуір жақсылықтың емес, жамандықтың тек жамандықтың белгісімін.
Кейіпкер бойындағы рухани құндылықтар: өмірге құштарлық, жан тазалығы, асқақ арман, адамгершілік, намысшылдық, іңкәр сезім, махаббат, рухани жалғыздық, шарасыздық.
Материалдық құндылықтар: табиғат, терең сай, сұлу ай сәулесі.
Қатира бейнесі.
Мінезі:
Өмірге көзқарасы:
Арман-тілегі:
Қорқынышы:
Рухани құндылықтары:
Материалдық құндылығы:
Достарыңызбен бөлісу: |