Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру Атеева Аида Зейноллаевна Мұстафа Шоқай атындағы «№51 мектеп-гимназия»



бет6/7
Дата14.03.2024
өлшемі54.09 Kb.
#495490
1   2   3   4   5   6   7
Атеева А.З. Астана№51мг

Қара қалпақ. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетінің жағымсыз жақтарын немесе шығарманың жағымсыз жағын айтыңыз./Қатира, аудан әкімдері, халық/
Жасыл қалпақ -(тапқырлық, соны шешім, креативтік, жаңа идея, ұсыныс) Ләйләні ренжітпеудің қандай жолдары бар еді? Оның өліміне жол бермеудің қандай жолы бар еді?
Көк қалпақ - шолу. Қазіргі өмірде Ләйлә сияқты ішкі жан дүниесі бай, бірақ өздері кемтар болып туылған жандар бар ма? Ондай жандардың жан айқайын кім түсінеді? Олар қалай өмір кешіп жүр? Шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасайды.
«Дананың кілттері» әдісі көбіне топтық жұмысқа арналады. Оқушылар бірнеше кілттерге тән тапсырмалар орындайды. Тапсырмалар қолдану, талдау, жинақтау, бағалау, салыстыру деңгейлерінде құрылған. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырады, сыни ойлау арқылы мәселені жан-жақты талдауға, сынауға, бағалауға үйренеді. [1, 57б.]
Қиыстыру” кілті – Шығарма оқырманға қалай әсер етеді? Шығармадағы Ләйлә мен Қатира бейнесіндегі ортақ мәселені үйлестіріңіз.
Кемшіліктер” кілті –Шығармадан қандай кемшілік байқадыңыз? Қай эпизодқа келіспейсіз? Немесе драмадағы кемшіліктер қандай?
«Егер де» кілті – Егер де сіз автор орнында болсаңыз шығарманы қалай аяқтар едіңіз немесе қай эпизодқа өзгеріс енгізер едіңіз?
Конструктор” кілті – Шығармада автор ұлт трагедиясын қалай суреттеген? Шығарманың оқырман үшін тәрбиелік мәнін ашыңыз.
Жаңа дизайн” кілті – Шығармадағы автордың жаңашылдығын қалай бағалар едіңіз?
Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасында ойлау дағдыларының бағалау және салыстыру деңгейлеріне сәйкес оқушылар шығарманың тақырыбы мен идеясы, тарихи және көркемдік құндылығы; шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру, жаңашылдығын, шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан бағалай алуы тиіс. Мұғалімдерге де, оқушыларға да қиындық келтіретіні көп жағдайда осы ойлау дағдыларының жоғары деңгейі бағалау және салыстыруда шығарманың жаңашылдығы, өміршеңдігіне, заманауилығына баға беруде қиналып қалып жатамыз. Осы орайда, аталмыш мақсат бойынша іріктелген тапсырмалар оқушыларды қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай жазылған шығарма екенін бағамдай алады. Жаңашылдықпен жазылған шығармаларда бұрынғы дәстүрлік әдіс-тәсілдерді сақтай отырып, жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары арқылы жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғартатын соны бейнелеу құралдары жасалатынын біледі. Р.Мұқанқызының «Мәңгілік бала бейне» шығармасының қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашылдығы басым шығармалар екенін талдай алады. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру арқылы шығарманың жаңашылдығын бағалауға үйренеді. Шығарманың жаңашылдығы (бірегейлігі, қайталанбастығы) мен заманауи құндылығына баға беру арқылы оқушыларымыздың бойында терең гуманизм, адамгершілік, мейірімділік, туған өлкеге деген сүйіспеншілік, ұлттық сана-сезім, ұлтжандылық қасиеттері дамиды. Түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдылары қалыптасады, заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымы дамиды. Жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалай алатын, бейбіт әлемнің белсенді қалыптастырушысы «жаһан азаматы» қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет