Демографиялық ахуал.
Ел тұрғындарының 26 %-дан астамын 14 – 29 жас аралығындағы Қазақстан жастары құрайды. 2012 жылы олардың саны 4,4 млн. Адамға жақындады. Облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қала тұрғындарының жалпы санынан жастардың ең қомақты үлес салмағы Астана және Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақтөбе облысына тиесілі, мұнда 14 – 29 жас аралығындағы жастар 29 %-ды құрайды. Тұрғындардың жалпы санынан жастардың ең аз үлес салмағы Солтүстік Қазақстан облысына – 22 %, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарына – 24 % келеді. Қазақстан жастарына білім деңгейінің жоғары болуы тән. Жоғары білімі бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есе, арнаулы орта білімі бар жастардың саны 2 есе дерлік өсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны 6 есе, қала жастарының саны 4 есе өсті. Тұтастай алғанда, Қазақстан жастарының 40 %-ының жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта білімі бар.
Жастар ұйымдары.
Соңғы онжылдықта елімізде олардың саны 7 еседен астам өсті. Қазақстан жастар конгресі (2002) және «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты (2008) сияқты бұқаралық ұйымдарға жастардың шоғырлану процесі жалғасуда. 2005 жылы «Қазақстан студенттерінің альянсы» студент жастардың қоғамдық бірлестігі құрылды. 2011 жылдан бастап «Қазақстан жас депутаттарының қауымдастығы», ал республиканың бүкіл өңірлерінде – жастар мәслихаттары жұмыс істейді. 2011 жылы «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа ұйымдар пайда болды, олардың басым міндеті патриоттық тәрбиелеу болып табылады. Бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары: «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға!» іске асырылуда, олар мол қоғамдық оң резонансқа ие.
Жұмыспен қамту.
Еңбек және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік жастар саясаты жастарды жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды дамыту және жастарды кәсіптік даярлық пен біліктілікті жоғарылату курстарында оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады. 2011 жылы 15 жастағы және одан үлкен экономикалық белсенді тұрғындардың саны 8,8 млн. Адамға жетті. Жұмыспен қамтылғандар құрылымының (8,3 млн. Адам) шамамен үштен бір бөлігін (30,5 %) 25 – 34 жастағы адамдар және 14,5 %-ын 15 – 24 жас аралығындағы жастар құрайды. Жұмыспен қамту құрылымында жалдамалы еңбек қала жастарында 78,3 %-ға басым, ауыл жастарында – 40,9 %. Орта мерзімді кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (2005 жылдан бастап) 13,4 – 4,6 % шегінде (жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 8,1 – 5,4 %) болды. 2012 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (4,6 %) көп жылдардан бері алғаш рет жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен (5,4 %) төмендеді. Жастар жұмыссыздығының деңгейі қалаларда жоғары. 2011 жылы ол 5,6 %, ал ауылда – 3,8 % болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік жастар саясаты қоғам өмірінде тұрақтандырушы рөл атқарды, жастарға көп кездесетін өмір ағымының қиындықтарын жеңілдетуге мүмкіндік берді, жастардың әлеуметтенуіне жағдай жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |