Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлық превенциясы .
Британ қоғамында ағылшын шіркеуі әділ және адал мінез-құлық идеалдарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды таратуда маңызды рөл атқарады. Басты өзегі інжілдік өсиет «ұрлама» болып табылатын діни этиканың негізін Біріккен Корольдіктің бастауыш және орта білім жүйесінің басым бөлігін құрайтын елдің ағылшындық және католик мектептері бала кезден британдықтардың миына құя білді. Дегенмен Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім бағдарламалары ведомстволық деңгейде іске асырылады. Мысалы, арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар Ұлыбританияның СІМ қызметкерлері, сондай-ақ сауда және өнеркәсіп министрлігінің шетелдегі өкілдері үшін курс бағдарламасына енгізілген. Аталған семинарлар барысында британ бизнесінің қатысуымен көзіне түскен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы дереу хабарлау міндеті түсіндіріледі. Семинарларға ірі британ және трансұлттық компаниялардың қызметкерлері шақырылады. Ұлыбританияның халықаралық даму министрлігінің және сауда және инвестициялар агенттігінің бірлескен жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлық фактілерін танып-білу бойынша арнаулы оқулық шығарылды, ол міндетті түрде сауда өкілдіктеріне және шет мемлекеттердегі елшіліктерге жіберілді. Әскери полиция (МОD Police Fraud Squad, Азаматтық полиция қызметі Қорғаныс министрлігінің қарамағына жатады) елдің полицейлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздеріне оқытады. Соңғы жылдары Әскери полицияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшесі Ұлыбританияның өңірлік полиция басқармаларында білім беру бағдарламаларының санын көбейтті. Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі органы – ірі көлемді алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (SFO, Serious Fraud Office) – өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру күш-жігерінде британ бизнесіне негізделеді және Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ауқымды науқанды іске асыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы алдын алу мақсатында әңгімелесу өткізеді. Лейбористік партия қалыптастырған Ұлыбританияның алдыңғы үкіметі кәсіподақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімге ерекше көңіл бөлген. Премьер-министр Г. Браунның нұсқауы бойынша Ұлыбританияның СІМ-і кәсіподақ ұйымдарының басшылығы мен қатардағы мүшелері үшін тұрақты түрде арнайы тренингтер өткізіп отырған, тиісті ақпараттық материалдар басып шығарған. Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғам институттары ерекше орын алады. Ұлыбританияның халқын сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардар ету деңгейін арттыру міндетін парламент, коммерциялық компаниялар, БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар атқарады. Британдықтардың бұқаралық санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы басымдықтарды тарату мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аса тиімді тәсілі мен азаматтық белсенді ұстанымның көрінісі ретінде сөз жеткізудің жағымды келбетін қалыптасады.
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлықты ғаламдық түп-тамырымен жою жөніндегі идеясын жақтаушылардың қатарына мыналар жатады: «Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы», «Transparency International», «Кедейшілікке қарсы инженерлер», «Ғаламдық инфрақұрылымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық» және басқалар. Ұлыбританияда превентивті шаралар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын екі негізгі мемлекеттік ведомство бар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство және Ұлыбританияның жария саласының стандарттары бойынша комитет . Жоғарыда аталған екі құрылымдық элемент Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі субъектілері болып табылады. Оларға тән ерекшелік – бизнес-қоғамдастыққа бағдарлану болып табылады. Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жауапты құрылымдары өз жұмысында превентивтілік қағидаттарын басшылыққа алады. Жария тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің этикасын дамытуға, сондай-ақ оларды оқытуға екпін беру өте маңызды, себебі этикалық стандарттар мен нормаларға сәйкес шенеунік өзінің бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа теріс қарай бастайды, кейіннен жоғары мінез-құлық стандарттарының қалыптасуына әкеледі, оған мемлекеттік саланың басқа өкілдері бағыттала бастайды. Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен жария сала стандарттары жөніндегі комитеттің қызметі бизнес сектор мен мемлекеттік басқаруда превенция шараларын іске асыруға бағытталған.
Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру
Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы практика Еуропалық Одақ бастаған жоба енгізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асырудың салдары болып табылады. Латвия – мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің дамыған жүйесі бар, сонымен қатар жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәндерді оқытуда табысты мысалы бар елдердің бірі. Білім беру шаралары жүйенің ашықтығымен қатар жүреді, бұны Латвия тәуелсіз оқу орталығының мысалынан көруге болады. Еуропалық Одақтың қолдауымен орталық сот жүйесінің ашықтығын дамытуға және оны азаматтардың, оның ішінде оқушылардың қабылдауына бағытталған бағдарламалар циклын әзірледі. Бағдарламалар сот қаулыларын жариялауға, куәгерлікті пайдаланудың сот жұмысында және сот жүйесіне интернеттік қолжетімдігіндегі маңыздылығына назар аударады. Жоғарыда аталған тармақтардан бөлек оларды әзірлеуге қатысқан сарапшылар танымал істер мысалында азаматтық және қылмыстық процестерде құқық қолдану туралы пікірталастар, сондай-ақ олардың талдауы жүргізуді ұсынды. Бағдарламалардың мақсатты аудиториясы – мектептің орта және жоғары сыныптарының оқушылары болды. Білім беру циклы дәрістерді, пікірталастарды, сот істерін көрініс түрінде көрсету және оларды талдауды қамтиды. Сонымен қатар Латвия орта мектептері оқушылардың арасында адалдықты насихаттауға және олардың сыбайлас жемқорлықтың және парақорлықтың зиянын түсіну және оларды азаматтық бақылауға дайындауға бағытталған жобаға қатысады. Жобаға Латвияның барлық өңірлерінен үш жүздей мектеп тартылып, үш санаттарға – 1-4, 5-9 және 10-12 сыныптарға бөлінген жас шамасы әртүрлі топтардың бір мың жүздей оқушысы қатысты. 1-4 сыныптың оқытушылары оқушыларға тәртіпсіз қылық туралы ертегі айтып, оны балалармен талқылап, әңгімені бекітіп, өз жұмысын конкурсқа жіберуі тиіс. Орта және жоғары сыныптардың оқушылары жоба ұйымдастырушылары ұсынған 14 жобаның бірін таңдауы тиіс (немесе өз тәжірибесіне қарап, оларды өз бетінше ойлап табуы тиіс). «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге» слоганымен арнайы оқу материалдары әзірленіп, мектептерге жіберілді. Бағдарламаның қатысушы сарапшыларының пікірі бойынша сыбайлас жемқорлықтың жайылып кету себептерінің бірі – бұл осы салада жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың жетіспеуі, Латвияда тек бір ғана Transparency International бөлімшесі жұмыс істейді. Оның қызметкерлері жыл сайын жеті ірі Латвия қалаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлардың ұйымдастырушылары болады, оның шеңберінде сыбайлас жемқорлық мәселесін ықтимал шешімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тәжірибесі мен оның нәтижелері талқыланады. Семинарлық оқу әдетте, нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді құру, мысалы, Лиепаядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік және Латвиядағы алғашқы мамандандырылған веб-сайт жасаумен аяқталады. Латвияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Бюро (KNAB) жүзеге асырады. KNAB 2002 жылдың қазанында құрылды және Министрлер кабинетінің қадағалауындағы мемлекеттік мекеме болып табылады. KNAB негізгі міндеттері болып табылады: – мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қызметіне және оларда көзделген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына бақылау жасау; – лауазымды тұлғаларды «Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмау туралы» Заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту; – саяси партияларды қаржыландыру, сондай-ақ сайлау алды үгітнасихатқа шектеу ережелерінің сақталуын бақылау; – «Саяси ұйымдарды (партияларды) қаржыландыру туралы» және «Сайлау алды үгіт-насихат туралы» Заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тарту; – мемлекеттік бюджетке заңсыз алынған немесе жұмсалған қаражатты төлеу туралы шешім қабылдау. KNAB консультациялық кеңесі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін біріктіреді, өз пікірлерін және ұсынымдарын жұмыс топтарында, жария пікірталас барысында білдіреді. Жалпы алғанда, Латвияны табысты елдің мысалы ретінде Еуропалық Одақтың қолдауымен барлық кезеңдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру практикасы кеңінен қолданылды. Сонымен қатар заңның көмегі мен жұртшылықтың қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оған қарсы күрес жөніндегі Бюро сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жан-жақты ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |