79-кесте. Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны Сынып
|
Тоқсандар бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
10 сынып ҚГБ
|
2
|
1
|
1
|
1
|
11 сынып ҚГБ
|
1
|
1
|
2
|
1
|
10 сынып ЖМБ
|
2
|
1
|
1
|
1
|
11 сынып ЖМБ
|
1
|
2
|
2
|
1
|
1. Қалыптастырушы бағалау нәтижелері кҥн сайын электрондық/қағаз журналға балл тҥрінде қойылады. Бағаланатын бала санын педагог ӛзі анықтайды.
2. Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл – орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей.
3. Мұғалім күн сайын журналда білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін келесі саралауға сәйкес балл түрінде белгілейді:
1 балл-10% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды, ӛткен материалды білмейді;
2 балл – 20% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді,тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды;
3 балл – 30% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, қателіктерін түзетуге тырысады, сабақта кейде белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің/ата-ананың/құрдастарының қолдауын қажет етеді;
4 балл - оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателіктер жіберді, қателерді түзету кезінде кӛмек қажет, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
5 балл - 50% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, бес қате жіберді, мұғалімнің кӛмегі қажет, сабақта әрдайым белсенді бола бермейді, кейде мүмкін болатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
6 балл - оқу тапсырмаларының 60% - на дейін орындады, 4 қате жіберді, мұғалімнің кӛмегі қажет, сабақта ынталы, орташа күрделі тапсырмаларды ӛз бетінше орындай алады;
7 балл - 70% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 3 қате жіберді, қателіктерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
8 балл - оқу тапсырмаларының 80% - на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді, Белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды; 9 балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қателермен жұмыс істейді, Белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;
10 балл-оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді, белсенді, дербес жұмыс жасай алады, өз жауаптарын түсіндіре алады, негіздей алады.
Достарыңызбен бөлісу: |