Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет84/103
Дата10.09.2023
өлшемі3.57 Mb.
#477057
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103
Р. С. Касымова леуметтік педагогты Ж мыс технологиясы о у ра

«Шанхайлықтар» жаттығуы
Материалдар: барлық қатысушыларды бір-біріне біренеше рет тығыз орайтын жіп, ұзындығы: әдетте ол бірнеше метр болуы мүмкін.
Бұл ойын 19 ғасырда орын алып, осы атқа ие болды. Ол кезде кемелердің капитандары қандай жолдармен болмасын әртүрлі айлакерлік қылықтарды қолданып, командаларына теңізшілерді жинауға ұмтылған. Әсіресе шанхайлық порты «алдау» тәсілдерін жиі қолданды. Өз еріктеріне қарсы келетіндей әрекет жасаған теңізшілерді «Шанхайлықтар» деп атады.
1. Ең алдымен, топтан маңызды тұрыстарда тұрғанын сұраймыз. Ол үшін барлығы бір қатардың бойына тізіліп, бір-бірімен қол ұстасып тұрады. Содан кейін бірінші тұрған адам өз осі бойымен айналып бұралады, әрі басқаларды «шиыршық» пайда болмайынша өзіне тартып бұралады, жүргізуші жіппен белдің деңгейінде бір-біріне тақалған қатысушыларды, яғни «шиыршықты» тығыз байлайды.
2. Тапсырма: осы қалыпта қатысушылар белгілі траектория бойынша бірталай қозғалып жүру керек, қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек.
3. Жол бойы әр қатысушы амандасып, өзі туралы ерекше бір нәрсені айтып беруі керек. Қозғалыстың осы тәсіліне қарамастан, әрқайсысы басқалардың не айтқанының барлығын есте сақтауы қажет.
4. Мақсатқа жеткенде – жіп шешіледі. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жетекші қозғалыс барысында естерінде қалған мәліметтерді айтып беруін сұрайды. Бір топ мүшесін көрсетіп және оның қозғалыс барысында не айтқанын баяндайды.
5. Топтың мүшелерінің өзара әрекет контексін қалыптастыру. Қатысушыларға бейнелерді құру бойынша барлық жұмыс сөзсіз жүретінін түсіндіреді.


«Комплекстерден арыламыз» жаттығуы

Мақсат: осы жаттығу релаксацияға бағытталған. Өзін, өзінің ішкі дүниесін және тілектерін жақсы түсінуге, өзіндік бағасын көтеруге, «комплекстер» -ден арылуға жағдай жасайды.

Қатысушылар шеңбер бойына отырып, көздерін жұмады.


  • Ыңғайлана отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар және келесі оқиғаны өз қиялдарыңда бейнелей отырып тыңдаңдар: «Өз үйлеріңнен шығып бара жатқандарыңды елестетіңдер. Сен жол бойы жүріп, ылдиға түсіп бара жатырсың.Сенің көз алдыңа тамаша және тартымды көрініс көрінеді – алда әртүрлі ағаштар, экзотикалық гүлдер, мейірімді жануарлар мен ғажайып әуенмен толы керемет бақ. Сен сұлулықтан, тыныштықтан ләззат аласың. Кенет, үлкен емен есікті байқайсың. Оны ашуға ұмтыласың және ол сенің икеміңе көнеді. Сен оған кіргенде теңіздің жағалауында екеніңді түсінесің. Ылғалды теңіз желін есіп тұрғанын сезінесің. Алыстан толқынның сарқылын және шағаланың дауысын естисің. Сенің алдыңда қайық тұр, оған отырып, жағадан ары қарай жүзуге шешім қабылдайсың. Көгілдір кеңістікке рахаттанып, жүзіп келесің, жүзіп келесің. Бірақ сенің саяхатты жалғастыруңа бір нәрсе кедергі жасап тұрғандай, қайықты теңіздің түбіне тартуда. Қайықта сенің «комплекстер» -ің жазылған ауыр жәшіктерді байқайсың. Олар қанша? Олардың мөлшері қаншалықты? Сен бар күшіңді салып оларды қайықтан лақтырып тастауға тырысып жатырсың... (кідіріс). Борттың сыртына жәшіктер лақтырылғаннан кейін, біз жағалауға оралуға шешім қабылдадық. Құмды жағажайда аяғымызбен жүре келе, сенің жүрісіңде жеңілдік пайда болды, өзіңді еркін сезінесің және қанаттанғандай, жаның күлімдейді. Баққа сен жаңа, сұлу және бақытты оралдың, есікті артынан жап, терең тыныс алып, терең демді шығар. «Осында және Дәл Қазіргі» күйіңді сезін. Жаңа, құштарлы және жақсы көңіл күйдесің!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет