2-ші сабақ
Мақсаты– даусыз өзара әрекет жасай білуге тәрбиелеу, «ата-ана - бала» жүйесіндегі қатынастардың үйлесімділігі.
Міндеттері:
Жанасу арқылы сезінуді дамыту.
Көру арқылы қабылдауды дамыту.
Коммуникциялық дағдыларды дамыту.
Психофизикалық қысымды төмендету.
Құралдар: құмсалғыш, майда ойыншықтар жиынтығы, қылқалам.
Сабақ барысы
Кіріспе бөлімі
Әлеуметтік маман: «Сіздермен құмсалғыштағы тәртіп ережесін еске алайық» (ата-ана бала кезекпен ережелерді есіне түсіреді).
«Құм жасырынбағы» жаттығуы
Әлеуметтік маманата-анадан ойыншықтар арасынан үшеуін таңдауын сұрайды. Бала көзін жұмып тұрғанда, анасы құмға ойыншықтарды тығады. Содан кейін анасы: «Көзімізді ашқанда, ойын басталады» дейді, сонан соң бала жасырылған ойыншықтарды табу керек (саусағымен қазып алуға, қылқалам қолдануға, құмды үрлеуге болады). Ата-ана мен бала орындарын ауыстырады (бала ойыншықтарды жасырса, ата-ана іздеп табады ).
Негізгі бөлім
Әлеуметтік мамананасы мен баласынан сұрайды: «Сіздер сыйлық алғанды жақсы көресіздер ме? Ал, сыйлық жасағанды? Біз бүгін Сіздермен бір-бірімізге сыйлық жасаймыз және бізге құмсалғыш пен ойыншықтар көмектеседі. Құмсалғышты тең екіге бөлесіздер, әрқайсыңыз өз жағыңызда бір-біріңізге тосынсый дайындаңыздар. Мүмкін бұл ертегі елі, сурет және т.б. бәрін дайындап қоймайынша, бір-біріңізбен сөйлесуге рұқсат берілмейді. Сыйлықты дайындағаннан кейін, әрқайсымыз не істегеніміз жайлы айтып береміз, ал келесі адам сыйлық ұнағаны/ұнамағаны жайлы айтады».
Қорытынды бөлімі
Бір-біріңізге жасаған сыйлықтарыңыз ұнады ма? Ал, қабылдаған ұнады ма?
Осы ойын кезеңінде қандай сезімдер туындады?
Соңында әлеуметтік маманқұмдағы суреттемені ретке келтіріп, ойыншықтарды орнына қойып, құмның бетін тегістеп, қолдарын жууды сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |