66
Аспандағы ай мен жұлдыздар төбеден төніп, бәрін байқап
тұрған сияқты. Рысқұлға кінәлай қарайтын да тәрізді.
Рысқұл білмейтін алдағы сұмдықты ай мен жұлдыздар сезіп,
секем алып: «Әттеген-ай, бекер болды-ау!» деп, үндері жоқ,
тек іштен тынып қалғандай (42).
Бұл – кейіпкердің ішкі психологиялық күйінің символы.
«Бекер болды-ау!» деп іштен тынып тұрған – әрине, ай мен
жұлдыз емес, Рысқұлдың ар-ұждан толғанысы.
«Қызыл жебені» оқып отырғанда, ғажап бір сезімге ие
боласың: қарағайлы, шыршалы
қырқалардың иығынан асы-
лып, қылтиып тұрған тым биік шыңдарды (70) көз алдыңа
келтіріп тұрсаң, ол – шың емес, түрмеден қашқан әкесін күтіп,
алма ағаштың ашасына мініп отырған Тұрар баланың күй-
қалпы, алыс үміті екен; «талдардың басындағы бұлт бір кез-
де созбақталып барып қызыл бояуға малынғанын» көз алдыңа
елестетіп, табиғат көрінісін тамашалап отыр екенмін десең,
жазушының мұраты – бұл тамашаға кенелту емес, Тұрар
баланың жүрегін дүрс-дүрс соқтырған Қызыл жебе екен.
Кәрі болыс Саймасайға ұзатқалы жатқан жас қыз Нүкетай
«Көлсайдың бетіне түскен көгілдір аспанды, зүмірет шырша-
ларды, зүбәржат есіл дүниені түгел көріп тұр» (83)
деп мәз
болсаң, жоқ, қыз бұларды емес, көгілдір аспандай, зүмірет
шыршалардай, зүбәржат дүниедей оң жақтағы қайран бостан
шағын, қор болғалы тұрған тағдырын көріп тұр екен.
Жазушы әңгімені «ол ағаштар әлдеқашан шіріп кеткен»
(99-100) деп бастаса, тіпті оны екі-үш рет қайталаса, айтайын
дегені – бұдан отыз жыл бұрын көшіп кеткен Тау-Шілмембет
адамдарының ата жұртында қалған кәрілерінің өліп біткенін
баяндау екен.
Достарыңызбен бөлісу: