225
Функционалдық стиль дегеніміз – тілдің қолданысына,
дәлірек айтсақ, тілдің қандай мақсатта, кімге арнап жұмсала-
тындығына қатысты құбылыс болғандықтан, оның қызметтік
сипатын ескерудің мәні зор деп табамыз. Ол
қызметтердің
түрлерін зерттеушілер былайша көрсетеді: мысалы, А.А.Леон-
тьев «1) қарым-қатынастық қасиеті (коммуникативтік қызметі),
2) ойлау құралы ретіндегі қызметі, 3) адамзаттың әлеуметтік
тарихи тәжірибесін меңгеру құралы ретіндегі қызметі, 4) ұлт-
тық мәдени саладағы қызметі, 5) таным құралы ретіндегі
қызметі»
деп бөледі; В.А.Аврорин тіл «1) коммуникативтік
(қатынас құралы ретінде), 2) экспрессивтік (ойды білдіру
құралы ретінде), 3) конструктивтік (ойды қалыптастыру
ретінде), 4) аккумулятивтік (тәжірибе мен білім жинау) қызмет-
терін атқарады», – деп санайды.
Сірә, қайталап айтсақ, функционалдық стильдерді жіктеуге
келгенде, тілдің әлеуметтік қызмет түрлерін (си патын) ескерудің
мәні бар болса керек. Әрине, ол қызметтерді қалайша атасақ
та (Леонтьевше қарапайым түсіндірме мәнермен немесе Авро-
ринше ғылыми терминдермен), санын азайтып не көбейтсек
те, негізгі-негізгі түрлерін анық
білеміз және ол қызметтері
бір нәрсені өзгелерге (не кейінгілерге) хабарлау, өзгелермен
қарым-қатынас жасау және оқырман мен тыңдаушыға әсер
ету мақсаттарын көздейтіңдігі тілдің қолданыстағы жіктелуін
ажыратуға әбден көмектеседі. Мүмкін, сондықтан да қазіргі
көптеген әдеби тілдердің мақсаттық стильдер жүйесі бір-біріне
ұқсас түсіп жатқанының бір себебі – осында болар. Дегенмен
әрбір ұлттық әдеби тілдің даму барысында оның қоғам өмірінде
қолданылу
ерекшеліктеріне, яғни экстралингвистикалық
факторларға қарай өзгешеліктері болуы да мүмкін.
Тегі, функционалдық стильдердің пайда болып қалып-
тасуында және әрі қарай баяу не интенсивті дамуында тіл қоз-
ғалысының өз заңдылықтарынан тыс тұратын жағдайлар –
ғылымда «экстралингвистикалық фактор» дегендер басты
рөл атқарады, анықтаңқырап айтсақ, тілдің әлеуметтік қызмет
өрісі функционалдық стильдердің қалыптасуына не өшуіне
тікелей ықпалын тигізеді. Мыса лы,
белгілі бір тілде ғылым-
ның көптеген салалары дамымаған болса, ол тілдің ғылыми
стилінің болуы мүмкін емес. Айталық, орыс тіл маманда-
226
ры XVIII ғасырдың ортасына дейінгі орыс тілінің ғылыми
стилін сөз етуге болмайды дегенді айтады
38
. Қазақ тілінің де
публицистикалық, жартылай
ғылыми стильдерінің алғашқы
үлгілері жайында XIX ғасырдың соңғы ширегінен бастап ауыз-
ға алуға тура келеді. Ресми құжаттар мен кеңсе-іс қағаздары
стилі қазақ қауымында XVII-XIX ғасырларда едәуір қолданыл-
ғанын білеміз. Бұған 1940 жылы проф. М.П.Вяткин жариялаған
«Материалы из истории Казахской ССР» (Т. IV, М.- Л., 1940)
деген кітаптағы қазақ хандарының, сұлтандарының, билерінің,
тархандарының, старшындарының өзге әкімшіліктермен, орыс
империясы кеңсесінен, көрші хандықтармен жазысқан қағаз-
дары толық дәлел бола алады. Ол қағаздар түпнұсқада «ғарыз-
нама» (прошение), «хат» (письмо), «мағлұмнама» (уведомле-
ние), «ағламнама» (до несение), «ғарыз хал» (прощение) деп ата-
лып, бәрі де ресми-іс қағаздары ретінде танылады. Бірақ XVIII-
XIX ғасырлардағы бұл жазбалар қазақтың таза ұлттық тілінде
емес, түркі халықтарының мәдени-әлеуметтік өмірінде, соның
ішінде қазақ қоғамында да ертеден келе жатқан «ортаазиялық
түркі жазба (шағатай) тілі» дәстүрін сақтаған үлгілер болды.
Дегенмен бұл жазбаларда қазақ тілінің де элементтері орын
алғандықтан және жазушылар, дәлірек айтсақ, жаздырушылар
қазақтар болғандықтан, бұлардың қазақтың ескі жазба тілінің
кеңсе-іс қағаздары стилін танытатын үлгілер деп атауға бола-
ды. Бұл
стиль де жан-жақты талданып, зерттелген емес, тек
алғашқы ізденістер ғана бар
39
.
Таза ғылыми стильді, ұлттық әдеби тілдің ресми-іс қағаз-
дары стилін үстіміздегі ғасырдан бастап сөз етеміз. Ал бұлар-
дың орнына бұрын, тіпті ертеректен бастап қазақ әдеби тілі-
нің ауызша
шешендік стилі, ауызша шежіре стилі деген
қосалқы тарамдары болды дей аламыз. Шешендік сөздер мен
ата тегін тарату үлгілерін функционалдық стиль дәрежесінде
танып, талдау жұмыстары әлі жүргізілген емес. Ал
бұндай
ізденістер өте қажет, өйткені мақсаттық стильдер – бір-
біріне қатты әсер ететін, бір-біріне ауыс-түйіс жасап жататын
38
Достарыңызбен бөлісу: