Кожина М.Н. О понятии стиля и месте языка художественной литературы среди
функциональных стилей. - Пермь, 1962. - С. 18.
39
Әбілқасымов Б.XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. - Алматы, 1982;
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы, 1993; Исаев С. Қазақ әдеби тілінің
тарихы. - Алматы, 1996.
227
құбылыстар. Белгілі бір стиль із-түзсіз жоғалып кетпейді не-
месе ғайыптан пайда болмайды. Қазіргі функционалдық стиль
үлгілерінің тілінен бұрынғы стильдік белгілердің ізін таба ала-
мыз.
Сонымен, бұл айтылғандардан байқалатыны – орыс ша
терминді пайдаланып, «функционалдық стиль» деп атап жүрге-
німізді қазақшалай қалсақ, «мақсаттық стиль» не месе «қол-
даныс стилі» деген терминдер дәлірек келер еді, өйткені бұл
– тілдің әлеуметтік қолданысына қарай сөз болатын құбылыс,
ал әлеуметтік қолданыстың мақсаттары біреу емес, бірнеше
болатындықтан, сол мақсатты атай, яғни сол мақсаттарды
көздейтін әдебиет түрлерін: көркем әдеби, публицистика,
ғылыми, іс қағаздары, хат-хабарлар деген сияқты санамалаған
принципті біз де қостаймыз.
Қолданыс (немесе мақсаттық, функционалдық) стильдері
әдеби тілге, қазіргі кезде ұлттық әдеби тілге қатысты сөз
болмаққа керек. Оның үстіне бұл стильдердің жіктелуі, аталуы
экстралингвистикалық (тілдің өзіне қатыссыз) факторларға
тікелей байланысты болғандықтан, та рихи өзгермелі бо-
лып отырады. Біз стильдік жіктеуде сөйлеу тілі стилі және
кітаби-жазба стиль деп бөлу таза мақсаттық (функционалдық)
бөліністен гөрі, тілдік қолданыс түріне (ауызша немесе жаз-
баша) қарай ажырату деп санаймыз. Сондай-ақ «салтанатты
стиль», «ресми стиль», «сыпайы не дөрекі стиль», «әзіл-оспақ
стилі» деген сияқты бөліністер де тілдің функционалдық
(мақсаттық) қолданысына қарай емес, әңгіменің «бояуына»
қарай атау деп білген жөн. Оны неміс зерттеушілері (Э. Ризель)
«стиль» деп емес, «стильдік бояу» деп атауды ұсынады.
«Діни әдебиет стилі» дегенді де шартты түрде, яғни тек
мазмұнына қарай бөлуге болар, әйтпесе қазақ тіліндегі дінге
қатысты жазба дүниелер функционалдық стиль ретінде пуб-
лицистикалық немесе жартылай ғылыми, немесе дидактика-
лық көркем поэзия үлгілері болып танылады. Айталық, Ыбы-
рай Алтынсарин жазған «Шари ат ул-ислам» атты шығарма
ислам негіздерін қазақша баяндаған жазба дүние болса, ол жар-
тылай публицистикалық, көпшілікқолды ғылыми стильдердің
белгілерін қамтиды. Өткен ғасырда миссионерлер тарапынан
христиан дінін уағыздап, қазақша жазылған кітапшалардың
228
тілі де көпшілікке арналған публицистика үлгісінде, ал өлең-
мен мұсылман дінінің канондарымен қазақ жұртын таныс-
тырған «Қырық хадис» сияқты шығармалар немесе Мұхамбет
пайғамбардың «Салсал», «Кербаланың шөлінде» сияқты саха-
балардың өмірін суреттейтін шығармалар – көркем әдебиет
(өлең) стилін пайдалануға ұмтылған дүниелер. Әрине, бұлар-
дың барлығының да өзіндік тілдік ерекшеліктері жоқ емес.
Мүмкін, қолданыс мақсаты (мұсылман не христиан дінін
уағыздау) мен діни тақырыпты сөз еткен мазмұны жағынан
және азды-көпті тілдік ерекшеліктерін (мысалы, араб сөздерінің,
діни терминдердің қолданылуы, кейбір грамматикалық эле-
менттерінің, орфограммасының ортаазиялық жазба дәстүрмен
келуі т.б.) ескерсек, шартты түрде «қазақ тілінің белгілі бір
кезеңдерінде функционалдық стильдер қатарында діни әдебиет
стилі болды» дегенді айтуға болар. Енді мұсылман дінінің
бүгінгі қазақ қоғамы өмірінде жандана бастауына байланысты
қазақ әдеби тілінде нағыз діни-публицистикалық немесе діни-
ғылыми стиль дер ауызша да, жазбаша түрде де қалыптасып
дамуы мүмкін. Дегенмен діни рәсімдердің (ритуалдардың)
дені әлі де қазақ тілінде емес, араб тілінде жүргізілетінін және
бұл тәртіптің көп өзгермейтінін ескерсек, функционалдық
діни стильдің өзге стильдерден тек тілдік емес, өзге жақтардан
айрықша өзгешеліктері болатынын сеземіз. Ол жөнінде нақты
әңгіме осы стильдің қалыптасып, әсіресе жазба түрде етек
алған кезінде болмақ. Дегенмен тілді пайдаланудың бұл са-
ласы да зерттеушілердің назарында тұруын, оны алғашқы
қадамынан бастап бақылауға алудың, материал жинаудың
қажеттігін ескертеміз.
Функционалдық стильдердің тарамдала түсуі (түрлерінің
көбейе түсуі), әбден қалыптасып, бір-бірімен айырым бел-
гілерінің айқындалуы – жазба әдеби тілге, әсіресе ұлттық
әдеби тілге тән құбылыстар. Бірақ белгілі бір әдеби тілдің,
айталық, қазақ тілінің ұлттық жазба дәуіріне дейін де функ-
ционалдық стильдік бөлінісі болған жоқ деуге болмайды.
Әрине, түрлері қазіргіден аз болуы, сипаттама белгілері әлсіз
болуы – заңды. Айталық, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі
XIX ғасырдың II жартысынан бастап қалыптасты десек, оған
дейінгі әдеби тілінде көркем әдебиет, оның өзінде де негізінен
229
көркем поэзия стилі және проза түрінде айтылған ауызша
шежіре стилі, ресми іс-қағаздар стилі, эпистолярлық стильдері
болды дей аламыз. Бұл стильдердің барлығы бірдей ұлттық
(төл) болмауы – тағы заңды, өйткені ресми-іс қағаздар, яғни
қазақ хандарының әкімшілік-кеңсе құжаттары мен өзгелермен
(айталық, орыс империясының әкімшілік орындарымен) жаз-
ысқан хат-хабарлары қазақтың таза өз тілінде жазылмай,
ортағасырлық түркі жазба дәстүріне («шағатай тіліне») негіз-
деліп жүргізілгендіктен, ол жазбалар тілінің ұлттық (қазақтық)
сипаты әлсіз болғанын түсіну қиын емес.
Тіпті қазақ қауымы өкілдерінің өзгелермен, кейде бір-бірі-
мен жазысқан хаттары эпистолярлық стильдің үлгілері бо-
лып табылғанымен, олардың таза ұлттық әдеби тілдік көрінісі
әлсіз болғанын байқаймыз. Мысалы, атақты Махамбет Өтеміс-
ұлының 1839 жылы 19 қаңтарда Жем, Сағыз, Қайнар бойын
жайлаған Әлім-Шөмен руларының беделді адамдарына жазған
хатының тексіне назар аударсақ, өлеңдерін қазақтың дәстүрлі
таза әдеби тілінде шығарған ақынның хат жазуға келгенде,
мүлде басқаша стильді жұмсағанын байқаймыз. Көрнекі болу
үшін хат тексін араб жазуынан қазіргі графикаға көшірілген
түрінен үзінді келтірелік. Үзінді Берқайыр Аманшиннің
«Махамбеттің хаты» деп жариялаған мақаласы бойынша алын-
ды («Қазақ әдебиеті», 1970, 31 июль):
«Дәлудің 19-ында 1839 йылда йолданды. Хурметлу
батырлар Баубек, Нәдірқұл, Сөли, Жармұханбет, Амантай,
баршаларымызға бірдайін сәлемдерімізден соңыра истихфар-
ларың уләңдірсе әл-хамдиллә сізнің дұхагуйләріңнің хәмидін-
Достарыңызбен бөлісу: |