Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет98/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128
Сөз құдіреті

дә. Уә бунден соң бұ йылғы Хиуа барған сафарымыздан сағ 
саләмәт қайтып келугі һәр сөзләрімізні Жарастан сұрап 
білерсіз. Уа һәм сізләрні өзім де көруге бек интізар болсам 
да жұртның жайсызлығы бірлән өзімнің артқы жағымның 
жайсыз ашуғышығы уәзәре бара алмадым. Уа һәм өзім де бұ 
халықтың ішінде тұра алмаймын. Қайтып тез заман ғаскер 
алдындан барып, ханға жолығамын. Нешік те болса бұ йыл 
келмейінше қалмас. Әгәрде өзләріңізнің жайларыңыз келсе
Сәли старшинаны бәңә жіберіп алыңыз. Бән һәм сізләрнің 
хабарыңызны күтіп алсам кирек. Ушан халықларының ішінде 
һәрнечік Хиуадан әскер балмай-дүр деп ойламаңыз. Әгәр орыс 


230
қазақтан қысанлық болса, бері қарап көшіңіз. Бір малыңызға 
да назар халқы ғайри уәлият тия қылмас. Һәрнечік орыс төрәгә 
хор болмаңыз. һәм бүгінде Ғайбала ханның қолыңда біраз
әскер бар. Адай, табынның тентекләрін тиып, зәкәтлерін 
алатурған һәм де өзләріңіз де біліп тұрғансыз. һәм бұ йыл 
барған алашалар молла Жарылғас білән Ошырты бинің барған 
елінден Аллақұли хан бажы һәм зәкәт бірісін де алмады. һәм 
ошан күз алачадан алынамыш икі үйні қырғыз Қиуадан батыр-
лар ауып кетіп еді, шул малларны да Аллақұли кіші йумшап 
алдыруға ниетленген ерді һәм Тілеу халықлары да малның ал-
дын алып келіп берді. Орыстан чығып барған халық хадірсіз 
ермәс. һәм сіз халықның да біздің бірлен бір болғаныңызны 
да айтулы Аллақұли хан бек хош уақ болды. Бөтән гайры не 
язайын? Язгушы ініңіз Мұхамед Утоміш ұғлы дейур біләсіз. 
Мұхамет.
Сәли бірлән Йармұқанбет достым, уақытыңыз болса, бізге 
бек мұқтаж шәй, шекер алып беріп иіберсәңіз, бек ұлуғ марха-
баттан болар еді».
Сөздер, грамматикалық тұлғалар, оларды таңбалау тәртібі 
сияқты тіл элементтерін пайдалану жағынан хат иесі – 
Махамбеттің ақын Махамбеттен өзгеше түсіп тұрғанын текстің 
курсивпен теріліп берілген тұстары көрсетеді.
Әсіресе өткен ғасырдың I жартысынан бастап қазақ қо- 
ғамында эпистолярлық стиль үлгілерінің едәуір орын алғанын 
жоғарыда талданған Махамбет Өтемісұлының (1839), Шоқан- 
ның әкесімен, інісімен жазысқан хаттары (1857-1860), Шыңғыс 
Уәлиханов пен М.В.Ладыженскийдің бір-біріне жазысқан хат-
тары (1840), Н.И.Ильминскийдің қазақша жазылған хатта-
ры (1859), С.Шорманов пен Г.Н.Потаниннің хаттары (1887), 
Құнанбайдың, Абайдың Халиолдаға жазған хаттары (1866) т.б. 
көрсетеді.
Әзірге біздің қолымызға түскен алғашқы қазақша эписто- 
лярлық үлгілердің өзіне тән стильдік белгілері жоқ емес. 
Олар: 1) орта ғасырлардан бермен қарай түркі жазба әдеби 
дәстүрінде қалыптасқан хат жазу стилінің кейбір белгілерінің 
орын алуы. Мысалы, хат жазушының адресатқа құрмет 
көрсете білдірген қаратпа сөздерден басталатындығы, ол 
сөздердің алдында хұрматлу, ғизатлу, меһрбанлу сияқты араб-


231
ша эпитеттердің болуы; 2) ортағасырлық түркі әдеби тілдеріне 
тән кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдер мен жеке сөздердің 
орын алуы; шығыс септіктің -дың/-дің варианты, көсемшенің 
-дейур тұлғасы, еді, емес деген көмекші етістіктердің ерді, 
ермәс болып келуі т.б.;  жұрнағының орнына -ғу тұлғасының 
(барғучы) қолданылуы, түркілік емле тәртіптерінің орын алуы 
(сөз басында ж-ның орнына й-дің келуі, қазақша ш дыбы-
сы мен келетін сөздердің ч-мен жазылуы, қосымшалардың 
сингармонизм заңына бағындырылмай, бір вариантта жазы-
луы т.т.), уа, һәм, бірлән, білән, ләкин сияқты шылаулардың
йоқса (әйтпесе), емді (еңді), һаммасы (барлығы) сияқты 
сөздердің жиі қолданылуы, жеке сөздерден ошбу, нечук, оғул, 
сөзләштім, есімдіктің алар/анлар, мәңе сияқты тұлғалары 
т.б.; 3) орыс сөздерінің көп кездесетіндігі (әсіресе Шоқанның, 
Шормановтың, Ладыжинскийдің, Потаниннің хаттарында);
4) жіктеу есімдіктері мен етістіктердің сыпайы тұлғаларының 
қолданылуы (мыса лы, Шоқан інісі – Жақыпқа сіз деп жазады; 
5) арабша қыстырма сөздердің (иншалла, алхамдалла, уа филъ-
ахид сияқты) жиі кездесетіндігі.
Бірақ бұл стильдің тілдік негізі қазақтық болды.
Сондай-ақ қазақтар қолданған шежіре стилінің де өзіне
тән белгілері болды және бұл стильдегі үлгілер тілі біркелкі 
болған жоқ. Бұдан бұрынғы еңбектерімізде қазақша жазбаша 
шежіре үлгілерін біз жартылай ғылыми стильге жатқызған 
едік. Онда негізінен XVI ғасырдың соңғы кезінде жазылған 
Қадырғали бидің (Жалайыридің) «Жами ат-тауарих» атты жыл-
намасын, сондай-ақ Құрбанғали Халиди, Ш.Құдайбердиев, 
Н.Наушабаев, Ақыт Ұлымжыұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Жан- 
төрин, Ниязов, М.Тынышбаев қалдырған шежіре үлгілерді, 
соңғы жылдарда шежіре тақырыбына қалам тартқан кейбір 
ғалымдар (С.Толыбеков т. б.) пайдаланған жазбаларды көз- 
деген болатынбыз. Бұл – шынында да, ғылыми (тарих ғылы- 
мына) әдебиетке өте жақын тұрған – жазба үлгілер
40
. Ал шежі- 
ренің қазақ қауымында ауызша таралғандығын да, көпшілігі- 
нің құрылымы мен лексика-грамматикалық сипаты жағынан 
ерекшеленіп тұратындығын да ескеріп, жалпы әдеби тіліміздің 
ауызша да, жазбаша да түрінде ата-бабаларымыздың рулық-
40 
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы, 1993. - 114-131-беттер.


232
тайпалық құрамдарымызды тарқататын үлгілерді өз алдына 
стильдік жүйе қатарында қарастыруға болар ма еді деп пікір 
ұсынып отырмыз. Бұл үлгілердің тілін стильдік белгілерін 
анықтап, жеке зерттеу ісі алдымызда тұр. Сөйтіп, қазақ 
әдеби тілін пайдаланған шежіре үлгілері жеке өз алдына 
функционалдық стиль құрай ма әлде ғылыми-публицистика- 
лық стильдің бір тармағы бола ма – қайткен күнде де өзіндік 
тілдік-стильдік нышандары бар әдебиет екенін айтуға болады.
Ал XIX ғасырдың II жартысынан, әсіресе соңғы ширегінен 
бермен қарай қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің едәуір 
қалыптасып, дами түскені, оның функционалдық стильдері 
айқындала түскені мәлім. Ең соңғы ескертетін жайт: функ- 
ционалдық стильдерді зерттеуде, сірә, мәселеге екі тұрғыдан 
келу керек болар: бірі – функционалдық стильдердің белгілі 
біреуіне тән тілдік элементтерді анықтау, яғни тіл құрал- 
дарының белгілі бір функционалдық стильге жататын үлгілерге 
тән болып келуін зерттеу, екіншісі – тілдік элементтердің 
белгілі бір функционалдық стиль тезіне түсіп жұмсалуын тал-
дау. Функционалдық стилистика бойынша зерттеулердің дені 
тек қазақ тіл білімінде емес, өзгелерде де негізінен бірінші 
аспектіден жүргізіліп келеді, яғни талдаулар мен тұжырымдар 
«мынадай әдеби тілдің мынадай-мынадай функционалдық 
стильдері бар, олардың бір-бірінен айырым белгілері (не месе 
өзіне тән) мынадай-мынадай» деген сияқты әңгіме төңірегінде 
болып отыр. Ал тілдік элементтердің (мейлі олар бейтарап 
болсын немесе бір стильге тән болсын) белгілі мақсаттық 
стиль үлгісінің тілінде сол стильдің тезіне түсіп жұмсалу уәжі 
(мотиві), заңдылықтары (нормалары), активтігі т.б. жайында 
жүйелі түрде, яғни теориялық негізде зерттелмей отырғанын 
айту керек. Әрине, бұл жерде әнгіме жеке-жеке фактілер 
жайындағы ізденістер жөнінде емес (олар бар), тәртібімен кел-
ген тілдік құбылыстар (қолданыстар) туралы болуға тиіс.


233


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет