154
Осылай кете береді. Бұл жерде диалогтің келте-келте
сөйлемдермен (көбі
толымсыз деп аталатын бастауыш, ба-
яндауыш немесе өзге сөйлем мүшелері түсіріліп айтылған
конструкциялармен) берілуі, біріншіден, тоңып, берекелері
қашып отырған адамдар үшін
нанымды болса, екіншіден,
әңгімелесушілердің бірі журналист (келте сұрақтар қойып, ин-
тервью алып үйренген) болғандығына байланысты.
Енді кейіпкердің ойын беруге келгенде, жазушы өзгеше әдіс
ұстанады. Мысалы, «Қар қызы» повесіндегі үш кейіпкердің
әрқайсысының «сеңдей сіресіп қаттанған қардың» үстінде,
«ербең етер тіршіліксіз салқын
бедірейген шикі таулардың
ішінде» адасып жүріп, қар астында жа тып, өткен шақтарының
«ғажап бір дүниесін» көз алдарына елестете ойлаған ойлары
ешбір нүкте қойылмастан, кітаптың үш-төрт бетінде тұтас
берілген («Ән салады шағылдар», Нұржанның ойы 36-39-бет-
терде, Нұрдың ойы – 40-42-беттерде, Жандікі 43-48-беттерде).
Сырт қарағанда, текст – бір ғана сөйлем тәрізді. Шындығында
да, әрқайсысы үш-төрт бетке созылған әр жігіттің ойы –
синтаксистік тұтастық деп
аталатын конструкциялардан
тұратын текст. Синтаксистік тұтастық (немесе оны период деп
те атап жүр) бірнеше сөйлемнен құралады. Бұл сөйлемдер өлең
шумақтарындағы компоненттердің өзара қиюласқанындай, бір-
бірімен жымдасып, топтасып келеді. Мыса лы, Нұржанның ой-
ынан: алғашқы үш құрылым (сөйлем)
ма, ме, па, пе, ба, бе шы-
лауларымен келген сұраулы сөйлемдер (орын алмас үшін көп
нүкте қойылған жерлерде мысалдарды қысқартып келтірдік):
...
күннің еңкейгенін... сонымен бірге бүгінгімен бақилыққа
қоштасқанымды... оңаша күйімді сағынатынымды байқадым
ба сонда, ой дегенің – сол аспан, сол көкжиек сияқты түпсіз
де, шетсіз емес пе, ендеше... бір рет қарағаным ғанибет емес
пе...
Демек, бұлар – бір топ. Келесі сөйлемдер өткен шақ есім-
ше тұлғаларының біркелкілігімен жымдасқан: әмбе мынау
көктем... жүрегіңнің нәзік қылын
шерткен, ... қыр гүлі, ... жас
қайың... таудың ерке бұлағы... шаршаған жанымды
жаңғырт-
қан. Одан кейінгі топ-шумақ
білмейді, тербейді, қытықтай-
ды деген шақтық тұлғалары біркелкі етістіктер арқылы топта-
сып тұр. Енді бірсыпыра сөйлемдерді басында келген
ал сөзі
біріктіреді: