Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет66/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128
Сөз құдіреті

Ал енді ғана мүсіндене бастаған тіп-тік балтыр миуа ор-
мандарда сирек кездесетін қос қайыңның сүмбіл бітіміндей, ал 
тал шыбықтай бұралған талдырмаш бел үп етіп самал тұрса 
майысатындай, ал батар күннің батсайы бояуын жағынған 
тоғжан бет, жібек мойын, баян төс пен қаракөз – менің 
де, сенің де тек түсіңде ғана көріп, жырлардан оқитын... 
теңдессіз сұлулық...
Қысқасы, бұл ой-монолог поэзия құрылымына жақын- 
дастырыла жасалған. Әрине, мұнда өлең сөздегідей ұйқас 
пен ырғақ өлшемі жоқ, бірақ конструкция бөлшектері тұтас 
өлеңдегідей жеке шумақтарға – периодтарға бөлініп, сол пери-
одтардан тұтас бір ой-текст жасалып тұр.
Сөз жоқ, мұндай 3-4 беттік «бір сөйлем» (нүктесі жоқ 
тұтас текст) арқылы ұсынылған тол сөздер көп емес. Бірақ 
әйтеуір бар амал. Тек төл сөздерде ғана емес, авторлық баян-
дау текстерінде де жеке сөздер мен тіркестерді қайталап отыру, 
яғни қайталама тәсілі – Оралхан сүйіп қолданған тәсілдердің 
бірі. Мысалы, мына сөйлемге назар аударалық:
Түн баласында Бұқтырманың сарыны әлдеқайда қатты 
естіледі. Әлгіндегі ат дүбірі сап болды да, маңайды тағы да жым-
жырт, жұмсақ момақан тыныштық басты. Тек Бұқтырманың
сарыны... тек сол ғана жалғыз сәт байырқаламай, асығыс 
ағыспен аласұрып, жөңкіле қашып барады. Тек сол ғана... 
Бұқтырма ғана мәңгі өлмейтіндей, мәңгі суалмайтындай
езуі көпіршіп, менмен мінезбен долдана ағады... Тек сол... 
Бұқтырма ғана түнгі Алтай арудың күміс теңгелі шолпысын-
дай сыңғырлап еркелей бұлаңдайды («Ән салады шағылдар», 
101). Мұнда тек Бұқтырманың сарыны, тек сол ғана деген 
тіркестердің сөйлем сайын қайталануы арқылы автор экс-
прессия жасап тұр: осы қайталамалар тыныштықты бұзып 
тұрған, яғни өзінің барлығын, мәңгілігін көрсетіп жатқан 
Бұқтырманың «рөлін» арттыра түседі, тыныштық (алақандай 
ауылдағы Нұрлан баланың тіршілігі) пен беймазалық (ма-
хаббатын, өмірін ойлап аласұрған жігіт арманы – болашағы) 
беттесіп, полярлық қарама-қарсылық арқылы образ жасалған.
Екінші мысал: Ақсақалдарды тыңдай бергің келеді, бірақ 
олар осы күні аз сөйлеп, тақыстанып алған, кәрі қойдай 
тартыншақ. Осы күнгі шалдар бір түрлі қызық, әрі барған 


156
сайын жұмбақтанып, барған сайын қызымырланып барады
барған сайын азайып барады. Олар барған са йын... («Қайдасың, 
қасқа құлыным», 120). Бұл жерде де барған сайын деген 
үстеудің қайталануы айтылған ойдың экспрессиялық бояуын 
қалыңдатып тұр.
Сөйтіп, стильдік жүк артып бір элементті қайталап оты-
ру – О.Бөкеев тіл өрнегінің бір көрінеу белгісі деуге бо лады, 
өйткені бұл тәсіл бір-екі жерде емес, барлық туындылары 
тілінен табылады. Айталық, «Қасқа құлынның» кейіпкерлері – 
әкесі, баласы, сол әкенің және бір «заңсыз» баласы – үшеуінің 
бір төсекте бас қосып жатқанын суреттегенде, автор біз 
есімдігін қатар тұрған 5-6 сөйлемнің басында келтіріп (және 
әр сөйлемді абзацтан бастап) қайталайды (47). Сол арқылы қос 
ұлын құшағына басқан әке сырын, бауырын аңсап, табысуға 
таянған жас жігіттер халін, яғни «біз үшеуміз, біз бір бүтінбіз» 
деген кейіпкерлер ойын баса айтып, оған логикалық екпін 
түсірген, «Науа» атты эссесінде жазушы 8 абзацты Өскелеңнің 
үстіне шыққанда деген бағыныңқы сөйлемнен бастайды. Науа 
деген жалғыз сөз де – қатар тұрған үш абзацтың анафорасы 
(«Мұзтау», 158 және 164-беттер).
Өлең сөздегі анафора, эпифора, рефрен тәрізді қайталама- 
лар тек жеке сөздер мен сөз тіркестерінің аясында ғана емес, 
сөйлем компоненттері саласында да орын алады. Мысалы: 
Ақсақалдар айтады: «Биыл астықтың шығымы жақсы... та- 
биғат жарықтыққа өкпеміз кәне». Ақсақалдар айтады: «Өліара 
ашық қой әзірше, қазан айы биыл тыныш өтер». Тағы да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет