Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет67/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   128
Сөз құдіреті

ақсақалдар айтады:«Құдайдың құдіреті...» («Қайдасың... 120). 
Мұнда ақсақалдардың сөзін бір-ақ жерде біріктіріп беруге бо-
лар еді, олай етпей, «ақсақалдар айтады» деген сөйлемді үш-
төрт рет анафора (өлең жолдарының басында қайталап келетін 
элементтер) сияқты етіп ұсыну арқылы автор ақсақалдардың 
сөзінің әрбіреуін даралап көрсетуді көздеп тұр. Прозадағы реф-
рендер, сөз жоқ, поэзиядағыдан өзгешелеу түседі. Өлеңде реф-
рен тармақтар мен шумақтардың әрқайсысында қайталанып 
келетін сөздер болса, прозада авторлық баяндаудың біртектес 
үзіктерінің соңында не басында қайталанып келетін тұтас 
сөйлем не шағын текст болуы мүмкін. Мы салы, «Қар қызы» 
повесінде Айнала аппақ қар, сеңдей сірескен, қасаттана 


157
қатқан суық дүние және әлдеқайдан, ақ таулардың арасы-
нан қыздың сыңсып салған мұңлы әні естілгендей деген екі 
сөйлем оқиға өрісіне орай сәл құбылып, бірнеше рет қайталап 
беріледі. Бұлар – әр кейіпкердің ойын, хал-ахуалын білдіретін 
бөліктердің ара жігін ажыратумен қатар, үшеуінің басына 
түскен жағдайдың, ой-толғаныстың ортақтығын танытатын 
әрі «су айырық», әрі «түйісер төбе», сайын келгенде, стильдік 
құрал.
Сірә, О. Бөкеев прозасы тіліндегі поэзия элементтері деген-
де осындай тұстарды атау керек болар.
Төл сөзді конструкцияларды құрастырудың үшінші түрі 
айтылған сөздің (ойдың) мезгіліне байланысты болып келеді. 
Ертеректе айтылған (көбінесе еске алу үстінде) немесе жол-
жөнекей келтірілген диалогтер мен монологтерді беруде жазу-
шы әуелі пәленше айтты (айтқан, айтатын, ойлайтын) де-
ген авторлық ремарканы беріп алады да, төл сөзді содан кейін 
келтіреді, төл сөзден кейін автор сөзі болмайды. Ал әдеттегі 
тәртіп бойынша пәленше:..., – деп айтқан (айтатын, айтты) 
түрінде болуы ке рек қой. Мысалы:
Анна апасы Нұрланның кіндігін кесіпті. Кейде анасы ай-
тып отыратын: «Дүңк еткізіп турасын айтатын орыс мінезді 
болып барады ұлым. Аннаға кіндігін бекер кестірген екенмін» 
(«Ән салады...», 82). Бұл конструкцияның әдеттегі құрылысы 
былай болар еді: Кейде анасы «...», – деп айтып отыратын. 
Екінші бір мысал. «Мынау аппақ дүние» повесінің бір жерінде 
өткенде (бұрынырақ) болған бір диалогті жазушы былайша 
келтіреді:
Шешесі айтқан: – Осы неміс қызының сиқыры бар-ау 
деймін. Бір сағаттай сөйлесіп еді, Әкім сергіп қалды.
Ал әкесі айтқан әттең, ұлымыздың жасы кіші, әйтпесе келін 
қылып түсіретін әйбәт қыз.
Шешесі айтқан: Қой әрі...
Әкесі күліп айтқан: – Әншейін қалжыңдаймын, әйтпесе 
біздің Нұрлан – әлі бала ғой.
Шешесі айтқан: – Дегенмен... («Ән салады...», 135).
Әдетте бұл диалог шешесі: «...»,– деген болатын; әкесі 
күліп: «...», – деді түріңде құрылар еді.
«Мұзтау» повесіндегі Ақтанның біресе «кісікиік» (адам-
дар ортасынан қашқақтап жүрер тағы мінез «аңшы»), біресе 


158
«кісімәшін» (есі барда) елін табар көптің бірі – Ақтан) болып 
өзімен-өзі айтысқан ойлары:
Ақтан:«...»
Аңшы: «...» түрінде құрылып берілген. Мұнда да ремар ка 
тым келте: деп дәнекері мен айтты, ойлады тәрізді етістіктер 
жоқ.
Қысқасы, деп дәнекеріне көп иек артпау – жазушы қолының 
бір таңбасы тәрізді. Әсіресе ол бұған айтылмаған төл сөзді 
(адам ойын) беруде жиірек барады.
Диалог, монологтерді құруға келгенде, қаламгер шеберлігі 
мен қолтаңбасына қатысты және бір ерекшелігін атауға бола-
ды. Кейіпкерлерді әрқилы сөйлете білу – көркем әдебиеттің 
бір шарты, көркемдікті құрайтын шарты. Кейіпкер сөзі – об-
разды ашатын, шығарманы шындыққа жанастыратын құрал. 
Осыны О.Бөкеев өте жақсы сезінеді. Ол кейіпкерлерін «өз 
тілдерінде» сөйлетеді (не месе ойлантады). Бұған жазушының 
«Қасқа құлында» төрт кейіпкердің монолог-ойын төрт түрлі 
етіп ұсынғаны әдемі мысал бола алады. Қаршыға атты жас 
жігіттің, «көненің көзі», тіпті көненің өзі – Сарқынды шалдың, 
«бір ұлы – ойда, бір ұлы – қырда» Бөкеш әкенің қасқа құлынын 
жоқтаушы бас кейіпкердің монологтеріне зер салып көрелік.
Қаршығаның ойы (бір беттен астам текст) біздің 
заманымыздағы жас адамның әдеттегі тілімен, келте-келте 
сөйлемдермен беріледі (52-53), ұзақ ойын « Соғыстан кейінгі 
жылдар қандай ауыр еді» деп бастаған Бөкеш әке де өз заман-
дастарынша қарапайым сөздермен ойлайды, онда жасанды 
тілмарсу жоқ, мақалдатып-мәтелдетпейді де. Бас кейіпкердің 
ой-монологі оның көрген түсі ретінде беріледі. Түс болған 
соң, мұнда аллегория бар. Бұл түс-монологте аппақ сөзі об-
раз жасайды: аппақ селеулі дала, аппақ қозы, аппақ сақалды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет