159
жосылған, жер қайыстырған жылқы... қойдай өріп, жылқыдай
жусайтын момақан елін... сөйткен адамдар қағанаты қарық,
ханға сәлем бермек емес... «құлыны өлген құлыққа тай телісе
– зорлық-ты, ботасы өлген інгенге нар телісе – зорлық-ты,
ақсұңқар қонар тұғырға қарға қонса – зорлық-ты» деген емес
пе бұрынғылар... таңбасыз жатқан тайымды... көзім – көр,
көңілім – жер... қақпанға түскен арландай... басымдағы ба-
зарым... қалыңға соққан қырандай... жетесіз ұрпақты жел-
кеме мінгізіп, санаменен сарғайып, қайғы жұтып қартайып
жатқаным... алты сан алаш... өлі арыстаннан тірі тышқан
артық,... жарыған. жалаң аяқтар... құйрығын теріске салар
жат... ақ балтамен қара тасты қақ жарған сұрапыл күш...
Құдай жолы... т.т.
Мұнда Шыңғыс хан тұқымы, Қытайға қашқан, Сібірден
қашқан, «заманы озып, дәурені тозған»
Сарқынды шал осы-
лайша зар илейді, өкінеді, қайтпаған кегін жоқтайды. Оның
теңеулері де өткен заман суретінен, кекке шабар кездегі қару-
жарағы да «исфахан қылыш, кіреуке, көз сауыт, қозы жаурын
оқ» болып келеді. Сарқындының өзі – «қақпанға түскен арлан»,
жиені Қаршығалар – «жетесіз ұрпақ, жары ған жалаң аяқтар,
жетілген жетімдер».
Дәл осы мазмұндас ойды Қаршыға да ойлайды,
нағашы
атасының осынау ішқұстасы барын ол да тап басады, бірақ
мұның ойын берген тұста автор жоғарыдағыдай образдардың
бірде-бірін ұсынбайды.
Қысқасы, көркем сөз теориясын жақсы білетін жазушы
сол білімді іске асырды ма әлде
суреткерлік интуициясының
күштілігінен бе – әйтеуір, бұл тұста үлкен шеберлік байқатқан.
Жалпы Оралхан – автор-кейіпкер болып сөйлеуге келгенде
ізденетін және таба алатын жазушы.
Қаламгер өрнегін салып тұрған тағы бір амал-әрекетке
тоқталсақ. Ол – жазушы тілінің сөз байлығы жайында.
Соңғы 20-30 жылда көркем әдебиет дүниесінде қалам тар-
тып келе жатқандардың бірқатарында, соның ішінде біз тілін
әңгіме етіп отырған Оралхан Бөкеевте де,
қазақ тілінің сөз
мұрасын сарқа пайдалану тенденциясы айқын сезіледі. Осы
ниетпен сирек сөздерді, мағынасы күңгірт тартып, ұмыт бола
бастаған көне сөздерді, қолданылар аймағы тар жергілікті
160
сөздерді және жазушы өзі ұсынар жасанды сөздерді еркін және
молынан кәдеге асырып жатқан әрекет-бағыт байқалады.
Әрине, сирек, көне, жаңа, жергілікті болған соң,
мұндай
сөздердің көпшілігі қалың жұртшылыққа бірдей түсінікті бол-
май, көбінесе бейтаныс, тіпті әдеби тілге жат болып көрінетіні
сөзсіз. Осындай көпшілік оқырманға бейтаныс немесе шала
таныс сөздер қатарынан табылатын бір алуан элементтер
О.Бөкеев тілінде де бар. Олар:
ар-үр секіру, озандаған дауыс,
озандау, лақса, селбесу, аңқос, қоймірет,
ұлы жіңгір, айқұлақ
ерке, айқұлақтана шабу, дәреттену, пәрек, аталақтау, жөш,
аңсырау, бақида, қалаба, ләуқи, қапшағай қимылдау сияқтылар.
Сірә, бұлардың бірқатары:
албаты, лақса, қолаба, әспенсу,
қаңғылестеу, озандау,
ләуқи, аталақтау, асай-мұсай, бәкін-
шукін, ар-үр секілділер – қолданылу өрісі шектеулі жергілікті
сөздер болар, ал
қоймірет, ұлы жіңгір, селбесу, айқұлақ ерке,
Достарыңызбен бөлісу: