Қр ст 615-1-2011 Қазақстан республикасының мемлекеттік стандарты



бет1/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
#169970
  1   2   3   4   5

ҚР СТ 615-1-2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ





Өрт қорғау құралдары және заттары

1-Бөлім. АҒАШ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН МАТЕРИАЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨРТ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ
Жалпы техникалық шарттар





Енгізілген күні 2012.07.01

1 Қолданылу саласы

Осы стандарт ағаш және оның негізінде жасалған материалдарға арналған құралдар мен заттарға (бұдан әрі мәтін бойынша – өрттен қорғау құралдары), сондай-ақ оларды сынау әдістеріне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

Осы стандарт өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында ағаш және оның негізінде жасалған материалдарға арналған құралдар мен заттарға болат құрылымдардың өрттен қорғалып өңделуі үшін қолданылатын Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылатын отандық және шетелде өндірілген өрттен қорғау құралдарына қолданылады.

Осы стандарт:

- өрттен қорғалып өңделуден өткен құрылыс құрастырылымының өртке төзімділік шегі;

- өрттен қорғау құралымен өңделген құрылыс құрастырылымы бойынша жалынның бөлінуі тобы,

- өрттен қорғау құралымен өңделген құрылыс материалдарының жанғыштығы мен тұтануы тобын анықтау бойынша сынақтарға арналған қолданылмайды.

Стандарт ережесі өрттен қорғау құралдарын өндіру және қолдану, өндірісте өнімді әзірлеу және жеткізу кезінде қолданылады.


2 Нормативтік сілтемелер

Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтеме нормативтік құжаттар қажет:



«Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302-ІІ заңы

«Лак-бояу материалдар мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 Қаулысымен бекітілген)

«Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі және олардың дұрыс түсірілуіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 Қаулысымен бекітілген).

«Өндірістік объектілерде сигнал түстеріне, белгілерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 Қаулысымен бекітілген).

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 Қаулысымен бекітілген).

«
Ресми басылым
Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 Қаулысымен бекітілген).


«Сәйкестігін растау процедурасы» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпанындағы № 90 Қаулысымен бекітілген);

ҚР СТ 2.4-2007 Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшеу құралдарын тексеру. Ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

ҚР СТ 2.21-2007 Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшеу құралдарының типіне сынақ өткізу және бекіту тәртібі.

ҚР СТ 2.30-2007 Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестация өткізу тәртібі.

ҚР СТ 2.75-2009 Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Сынақ жабдығын аттестаттау тәртібі.

ҚР СТ 12.0.002-2010 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымда еңбекті қорғаумен басқару жүйелері. Қауіп-қатерді бағалау және басқару нұсқаулығы.

ҚР СТ 1088 -2003 Өрт қауіпсіздігі. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 1185 -2006 Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты. Құрамы, әзірлеу және қолдану тәртібі.

ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 Сынау және калибрлеу зертханасының құзырлығына қойылатын жалпы талаптар.

ГОСТ 12.0.004-90 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру. Жалпы ережелер.

ГОСТ 12.0.230-2007 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғаумен басқару жүйелері. Жалпы талаптар.

ГОСТ 12.1.004-91 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.

ГОСТ 12.1.007-76 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Зиянды заттар. Жіктеу және жалпы қауіпсіздік талаптары.

ГОСТ 12.2.003-91 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік жабдық. Жалпы қауіпсіздік талаптары.



ГОСТ 12.4.011-89 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмысшыларды қорғау құралдары. Жалпы талаптар және жіктеу.

ГОСТ 12.4.021-75 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Желдету жүйелері. Жалпы талаптар.

ГОСТ 427-75 Өлшегіш металл сызғыштар. Техникалық шарттар.

ГОСТ 745-2003 Буып – түюге арналған алюминий үлдірі. Техникалық шарттар.

ГОСТ 2140-81 Ағаштың көрінетін ақаулары. Жіктеу, терминдер және анықтамалар, өлшеу тәсілдері.

ГОСТ 4204-77 Реактивтер. Күкірт қышқылдары. Техникалық шарттар.

ГОСТ 4765-73 Лак-бояу материалдары. Соққы кезінде беріктігін анықтау әдісі.

ГОСТ 5106-77 6-сулы азот қышқылы мырышы. Техникалық шарттар.

ГОСТ 6616-94 Термоэлектрлік түрлендіргіштер. Жалпы техникалық шарттар.

ГОСТ 6709-72 Тазартылған су. Техникалық шарттар.

ГОСТ 6806-73 Лак-бояу материалдары. Иілу кезінде үлдірдің иілгіштігін анықтау әдісі.

ГОСТ 6992-68 Жемірілу мен тозудан қорғаудың бірыңғай жүйесі. Лак – бояу жабындары. Атмосфералық жағдайда тұрақтылығына сынау әдісі.

ГОСТ 7164-78 ГСП автоматты теңестіру бақылау құралдары. Жалпы техникалық шарттар.



ГОСТ 9980.1-86 Лак-бояу материалдары. Қабылдау ережелері.

ГОСТ 9980.2-86 Лак-бояу материалдары. Сынаққа арналған сынамаларды іріктеу.

ГОСТ 9980.3-86 Лак-бояу материалдары. Буып-түю.

ГОСТ 9980.4-2002 Лак-бояу материалдары. Таңбалау.

ГОСТ 9980.5-2009 Лак-бояу материалдары. Тасымалдау және сақтау.

ГОСТ 12026-76 Зертханалық сүзгіш қағаз. Техникалық шарттар.

ГОСТ 13045-81 Ротаметрлер. Жалпы техникалық шарттар.



ГОСТ 13646-68 Нақты өлшеулерге арналған шыны сынапты термометрлер. Техникалық шарттар.

ГОСТ 15140-78 Лак-бояу материалдары. Адгезияны анықтау әдістері.

ГОСТ 15150-69 Машиналар, құралдар және басқа да техникалық бұйымдар. Әр түрлі климаттық аудандарға арналған орындаулар. Сыртқы ортаның климаттық факторлары әсерлері бөлігінде пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары, санаттары.

ГОСТ 16504-81 Өнімді мемлекеттік сынау жүйесі. Өнім сапасын сынау және бақылау. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

ГОСТ 20022.1-90 Ағаш қорғанысы. Терминдер мен анықтамалар.

ГОСТ 20448-90 Коммуналды–тұрмыстық тұтынуға арналған сұйытылған көмірсутекті жанармай газдары. Техникалық шарттар.

ГОСТ 25336-82 Зертханалық шыны ыдыстар мен жабдық. Типтері, негізгі параметрлер мен өлшемдер.

ГОСТ 29329-92 Статикалық өлшеуге арналған таразылар. Жалпы техникалық талаптар.

ГОСТ 30333-2007 Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты. Жалпы талаптар.

ҚР СНжЕ 2.04-05 -2002 Табиғи және жасанды жарықтандыру.

ҚР СНжЕ 4.02-42 -2006 Жылыту, желдету және кондициялау.
Ескертпе Осы стандарты пайдалану кезінде үстіміздегі жылдың берілген «Қазақстан Республикасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың көрсеткіші», «Стандарттау бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткіші», «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік – техникалық актілер тізбесі» жыл сайын жарық көретін ақпараттық көрсеткіші бойынша және үстіміздегі жылы жарияланған тиісті ай сайын жарық көретін ақпараттық көрсеткіштер бойынша сілтеме құжаттардың қолданылуын тексеру керек. Егер сілтеме құжат ауыстырылған (өзгертілген) жағдайда, онда сілтеме берілген ережеде осы сілтеме жатпайтын бөлігінде қолданылады. Егер сілтеме құжат ауыстырылмай алынып тасталған жағдайда, онда сілтеме берілген ережеде осы сілтеме жатпайтын бөлігінде қолданылады.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде, ҚР СТ 1088, ГОСТ 20022.1 және ГОСТ 16504 белгіленген терминдер, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен бірге мынадай терминдер қолданылады:

3.1 Антипирен: Ағаш немесе оның негізіндегі материалға олардың жанғыштығын түсіру үшін қосылатын заттар немесе заттар қоспасы.

3.2 Терең сіңіру: Өрттен қорғау объекті көлемінде антипирен сіңіру мақсатында өнеркәсіптік жағдайда іске асырылатын сіңіру өрттен қорғау құралымен (антипирен еріткішімен) өрттен қорғау объектісін өңдеу.

3.3 Өрттен қорғау объектісі: Өрт қауіпсіздігін төмендету мақсатында өрттен қорғау құралымен өңделуге жататын ағаш және оның негізіндегі материалдар, сондай-ақ олардың дайындалған құрылыс құрастырылымдары.

3.4 Өрттен қорғау құралы: Өрттен қорғау тиімділігінің қажет етілетін тобына ие және өрттен қорғау объектілерінің өрттен қорғалып өңделуі үшін арнайы арналған құрам (зат).

3.5 Өрттен қорғау тиімділігі: Ағаш және оның негізіндегі материалдардың жанғыштығын түсіретін өрттен қорғау құралының қабілеттілігін сипаттайтын сынақ кезіндегі үлгі салмағының шығын көрсеткіші.

3.6 Өрттен қорғап өңдеу: Өрттен қорғау құралының бетіне сіңіру, бояу, жағу, бүрку және (немесе) өту тәсілімен өрттен қорғау объектісінің көлеміне терең сіңіру тәсілімен өрттен қорғау құралын түсіру.

3.7 Өрттен қорғау жабыны: Өрттен қорғау объектісінің бетіне қабатты (қабаттарды) өрттен қорғалып өңделу нәтижесінде алынған жабын.

3.8 Беттік сіңіру: Өрттен қорғау беттік қабатты құру мақсатында сіңіру өрттен қорғау құралымен (антипирен еріткішімен) өрттен қорғау объектісінің бетін өңдеу.

3.9 Өрттен қорғау жабынының қызмет ету мерзімі: Өрттен қорғау тиімділігі мен өрттен қорғау жабынының жағдайы нормативтік және (немесе) техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келетін кездегі пайдалану мерзімі.

3.10 Өрттен қорғау құралының сақтау мерзімі: Дайындаушы – кәсіпорын өрттен қорғау құралының нормативтік және (немесе) техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келетініне кепілдік беретін мерзім.

3.11 Тозуға төзімділік: Қоршаған орта факторлар әсерінде өрттен қорғау жабынының өрттен қорғау тиімділігін сақтау қабілеттілігі.


4 Жіктеу
4.1 Өрттен қорғау құралының құрамы (заттар қоспасы) және негізгі қасиеттеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

а) өрттен қорғау объектісіне жіңішке мөлдір үлдір туғызатын еритін антипирен пластификаторлары, қатайтқыштар, еріткіш бояулар мен басқа да заттар болатын органикалық немесе су негізіндегі үлдір жасаушы заттардың ерітіндісін (эмульсиясын) білдіретін өрттен қорғау лактары;

б) өрттен қорғау объектісінде мөлдір емес үлдірді туғызатын толтырғыштар, еріткіштер, пластификаторлар, қатайтқыштар және басқа да заттар болатын үлдір жасаушы заттарда пигменттер мен антипирендердің біртекті суспензияны білдіретін өрттен қорғау бояулары;

в) өрттен қорғау объектісіне өрттен қорғау лактары мен бояуларына қарағанда қалың қалыңдықты туғызатын, толтырғыштар мен антипирендердің паста туғызғыш консистенциясы мен айтарлықтай ірі дисперсиямен ерекшеленетін, құрауыш құрамы ұқсас бояу бойынша композицияны білдіретін өрттен қорғау пасталары, сылақтары;

г)- беттік сіңіру тәсілімен орындалған беттік өрттен қорғау қабатының өрттен қорғау объектісінде туындауын;

- «қыздыру – суық ванна» немесе»сулау» тәсілімен орындалған ішкі өрттен қорғау қабатының өрттен қорғау объектісінде туындауын;

- терең (автоқалау) сіңіру тәсілімен орындалған ағаш көлеміне өрттен қорғалуды қамтамасыз ететін үлдірді туғызбайтын, органикалық және органикалық емес сұйықтықта антипирен (антипирендер және антисептикалар) ерітінділерін білдіретін өрттен қорғау (өртбиоқорғау) сіңіру құрамдары;

д) екі немесе одан көп өрттен қорғау құралдарынан тұратын кешен білдіретін өрттен қорғау қиыстырылған құрамдар, олардың әрқайсысын өрттен қорғау объектісі бетіне түсірілу жүйелеп іске асырылады.

4.2 Өрттен қорғау құралдары пайдалану шарттарына байланысты пайдалануға арналған мына түрлерге бөлінеді:

а) ашық ауада немесе аспада (осы макроклиматтық ауданға арналған климаттық факторлардың әсері рұқсат етілетін жерде немесе ашық ауада тербелістен болымсыз ерекшеленетін температура тербелісі және ауаның ылғалдығы және сыртқы ауаның салыстырмалы еркін кіріс бар);

б) жабық жылытылмайтын бөлмеде (климаттық жағдайдың жасанды реттелетін көзі болмайтын жерде, бұл ретте, температура тербелісі және ауаның ылғалдығы ашық ауадағыдан аз);

г) жабық жылытылатын бөлмеде (жоғары температураны және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 70 % астайтын климаттық жағдайдың жасанды реттелетін көздері болатын);

д) өзге де арнайы айтылған шарттарда.

4.3 Агрессивті орта әсеріне төзімділігіне байланысты өрттен қорғау құралдары агрессивті орта әсеріне төзімді немесе төзімсіз болып бөлінеді.

4.4 Сіңіру өрттен қорғау құралдарын түсіру тәсілдеріне байланысты өрттен қорғау объектісінің беттік және (немесе) терең (автоқалау) сіңіру құрамына бөлінеді.



5 Жалпы талаптар
5.1 Өрттен қорғау құралдарын таңдауға қойылатын талаптар

5.1.1 Өрттен қорғау құралдары «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Лак-бояу материалдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті және «Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, осы стандарт және өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келуге тиіс.



Өрттен қорғау құралдарына арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарда олардың қолданылу саласын сипаттайтын техникалық көрсеткіштер туралы ақпарат, өрт қауіпсіздігі, бетті дайындау тәсілі, топырақ түрлері мен маркалары, қорғалатын бетке түсірілетін тәсіл, кептіру шарттары, осы құралдардың өрттен қорғалу тиімділігі, жағымсыз климаттық әсерлерден қорғау тәсілі, өрттен қорғау жабынын пайдалану шарттары мен мерзімі, сондай-ақ өрттен қорғау жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары болуға тиіс.

5.1.2 Өрттен қорғау құралдарын таңдау:

а) құрылыс құрастырылымы типі, орналасуы, сондай-ақ өрттен қорғау объектісінің отқа төзімділігіне немесе өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды;

б) өрттен қорғау құралының түсірілу технологиясын, өрттен қорғау жабынының пайдаланылу және ауыстырылу мерзімін;

в) механикалық әсерлер және өрттен қорғау объектісінің дірілі болуы мүмкін жағдайда оны қолдану кезінде өрттен қорғау құралын пайдалану сипаттамалары;

г) температуралық – ылғалды режимін және агрессивті ортаның әсерін;

д) өрттен қорғау жабынының немесе антипирен ерітіндісінің беттік қабатының салмағы есебінен өрттен қорғау объектісінің құрастырылымына жүктемені арттыру;

е) эстетикалық талаптар;

ж) техникалық экономикалық негіздемені ескере отырып жүргізілуге тиіс.
5.2 Өрттен қорғау құралдарын қолдануға қойылатын талаптар

5.2.1 Қазақстан Республикасы аумағына қолдануға «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Лак-бояу материалдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне талаптарына сәйкес келетін және осы стандарт, «Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті талаптарына сәйкес өткен өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келетін өрттен қорғау құралдары рұқсат етіледі.



Өрттен қорғау құралдарының сәйкестігін растау тәртібі мен процедурасы «Сәйкестікті растау процедуралары» техникалық регламенті талаптарына сәйкес келуге тиіс.

5.2.2 Қолданар алдында тікелей дайындалатын өрттен қорғау құралдарының сапасы өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес өрттен қорғау жұмыстарды орындаушы (мердігер) анықтайды.

5.2.3 Өрттен қорғап өңдеу белгіленген түсіру шарттарын қамтамасыз ете отырып, нормативтік және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес өрттен қорғау объектісінің дайындалған бетіне ғана өндірілуге тиіс.

5.2.4 Түсірілген қабаттың қалыңдығы өрттен қорғау құралын түсіргеннен кейін анықталады, сондай-ақ жабынның қалыңдығы өрттен қорғау құралының барлық қабаттары кепкеннен кейін анықталады. Жабын қалыңдығы өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келуге тиіс.

5.2.5 Сіңіру өрттен қорғау құралдарын (антипирен ерітінділері) қолдана отырып, беттік әдісімен өрттен қорғау объектісінің беттік өңделуін орындау кезінде өрттен қорғау жұмыстарын орындаушы (мердігер) өрттен қорғау объектісіне арналған өрттен қорғау құралдарын түсіру біркелкітілігі қамтамасыз етілуге тиіс.

5.2.6 Өрттен қорғау құралдары ерітінділері мен құралдарының өмірге қабілеттілігі өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттамаларда белгіленген уақыт ішінде оларды түсіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

5.2.7 Өрттен қорғау жабынына сәндік түрін немесе жағымсыз климаттық әсерге тұрақтылығын қамтамасыз ететін қосымша жабын түсіруге рұқсат етіледі, бұл ретте ағаш және оның негізіндегі материалдардың өрттен қорғау тиімділігі өрттен қорғау объектісіне түсірілген барлық жабын қабаттарын ескере отырып анықталады.

5.2.8 Өрттен қорғау құралдарын олардың жағдайын кезеңді бақылау, ауыстыру немесе қалпына келтіру мүмкіндігін болдырмайтын жерлерде қолдануға рұқсат етілмейді

5.2.9 Өрттен қорғау жұмыстары аяқталысымен орындаушы (мердігер) комиссия құрады, оның құрамына:

а) өрттен қорғау жұмыстарын орындаушының (мердігердің), комиссия төрағасы;

б) объект (тапсырыс берушінің);

в) өрт қауіпсіздігі саласында уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;

г) Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген меншік нысанына тәуелсіз сынақ зертханалары;

д) өнімді дайындаушы – кәсіпорнының (қажет болған кезде)..



Комиссия мына тексерістерді:

а) өрттен қорғау құралына арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттаманың болуы;

б) өрттен қорғау жабынның жағдайы (ақаулар, бұзылған жерлер, сызаттар, және қатпарлардың болуы);

в) өрттен қорғау құралын түсіру технологиясының сақталуы;

г) өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттамаларда қарастырылған өзге де талаптардың сақталуы жүзеге асырылады.

ПМП-1 кіші габариттік құралдарын қолданып, 9.4.10 келтірілген әдіс бойынша өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі сапасын анықтау бойынша бақылау сынақтары өткізіледі.
Ескертпе Қала, облыс, аудан аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген сынақ зертханалары жоқ болса, 9.4.10 бойынша өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі сапасын анықтау бойынша бақылау сынақтары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген сынақ зертханаларында оқытудан өткен және ПМП-1 құралымен жұмысқа рұқсат етілген өрт қауіпсіздігі саласында уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өкілдері жүргізуге рұқсат етіледі.
Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша акт құрады, онда комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Акт мазмұнымен келіспеген комиссия мүшелері аталған актіде жеке бөлім ретінде өзінің «ерекше пікірін» жаза отырып қол қояды.

Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша акт құрылады, онда комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуін пайдалануға берген қабылдау – тапсыру актінің нысаны А қосымшасында келтірілген.

Актіде өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі сапасын анықтау жөніндегі бақылау сынақтарының хаттамасы қоса беріледі, оның нысаны Б қосымшасында келтірілді.

Бақылау сынағы аяқталысымен алынған нәтижелері кері болса комиссия өрттен қорғау жабынды жөндеу туралы немесе өрттен қорғау объектісінің барлық бетіне өрттен қорғау құралдарын қайта түсіру туралы немесе өрттен қорғау жабынын жөндеу туралы шешім қабылдайды.

Өрттен қорғау құралдарының басқа түрлері мен маркаларын қолдана отырып, өрттен қорғау объектісінің барлық бетіне өрттен қорғау құралдарын қайта түсіру олардың үйлесімділігіне оң зерттеу нәтижелері кезінде, өрттен қорғау, пайдалану қасиеттері, сыртқы түрі және өрттен қорғау жабынының қызмет көрсету мерзімі сақталған кезде рұқсат етіледі.

5.2.10 Өрттен қорғау жабынының қызмет ету мерзімі аяқталысымен және (немесе) өрттен қорғау қасиеттерінің жоғалуы кезінде өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі қайта орындалуға тиіс.


5.3 Тағайындау талаптары

5.3.1 Өрттен қорғау құралдары өрттен қорғау әсеріне ие болуға тиіс.

5.3.2 Өрттен қорғау құралдарының өрттен қорғау әсері тобы сынақ нәтижелері бойынша анықталады.

Өрттен қорғау әсерінің бірінші тобына (І) үлгілері сынақ нәтижелері бойынша салмақ жоғалуының орташа арифметикалық мәні 9 % артық емес болатын өрттен қорғау құралдары жатады.

Өрттен қорғау әсерінің екінші тобына (ІІ) үлгілері сынақ нәтижелері бойынша салмақ жоғалуының орташа арифметикалық мәні 9 % бастап 25 % дейінгі шегінде болатын өрттен қорғау құралдары жатады.

Егер үлгілердің сынақ нәтижелері бойынша салмақ жоғалуының орташа арифметикалық мәні 25 % артық емес болса, онда осы құрал өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалуын қамтамасыз етпейді және өрттен қорғайтын құрал болып табылмайды.


5.4 Сыртқы әсерлер тұрақтылығына қойылатын талаптар

5.4.1 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары өнімді өндіруші белгіленген қызмет ету мерзімі кезінде тозуға төзімді болуға тиіс.

5.4.2 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары ылғалдың сіңуіне төзімді болуға тиіс.

5.4.3 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары адгезияға төзімді болуға тиіс.

5.4.4 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары ылғалдың әсеріне төзімді болуға тиіс.

5.4.5 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары атмосфералық әсерге төзімді болуға тиіс.

5.4.6 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары бүгілу кезінде иілгіш болуға тиіс.

5.4.7 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары механикалық әсер кезінде берік болуға тиіс


5.5 Сенімділік талаптары

Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары өнімді өндіруші белгіленген қызмет ету мерзімі ішінде өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғау тиімділігі сақталуға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет