Қр ст 615-2-2011 Қазақстан республикасының мемлекеттік стандарты



бет1/4
Дата24.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#156644
  1   2   3   4

ҚР СТ 615-2-2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ





Өрт қорғау құралдары және заттары

2-Бөлім. Болат құрылымдарға арналған өрт қорғау құралдары

Жалпы техникалық шарттар




Енгізілген күні 2012.07.01

1 Қолданылу саласы

Осы стандарт болат құрылымдарға арналған өрттен қорғау құралдары мен заттарына (бұдан әрі мәтін бойынша – өрттен қорғау құралдары), сондай-ақ оларды сынау әдістеріне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

Осы стандарт өртке төзімділігі шегін арттыру мақсатында болат құрылымдардың өрттен қорғалып өңделуі үшін қолданылатын Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылатын отандық және шетелде өндірілген өрттен қорғау құралдарына қолданылады.

Осы стандарт өрттен қорғау өңдеуден өткен құрылыс құрылымдарының отқа төзімділігін анықтау бойынша сынақ әдістеріне қолданылмайды.

Стандарттың ережесі өрттен қорғау құралдарын өндіру және қолдану, өндіріске өнімді әзірлеу және жеткізу кезінде қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер

Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтеме нормативтік құжаттар қажет:



«Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302-ІІ заңы

«Лак-бояу материалдар мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 Қаулысымен бекітілген)

«Сәйкестігін растау процедурасы» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпанындағы № 90 Қаулысымен бекітілген);

«Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі және олардың дұрыс түсірілуіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 Қаулысымен бекітілген).

«Өндірістік объектілерде сигнал түстеріне, белгілерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 Қаулысымен бекітілген).

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 Қаулысымен бекітілген).

«Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 Қаулысымен бекітілген).

ҚР СТ 2.4-2007 Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшеу құралдарын тексеру. Ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

Қ
Ресми басылым

Р СТ 2.21-2007 Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшеу құралдарының типіне сынақ өткізу және бекіту тәртібі.


ҚР СТ 2.30-2007 Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестация өткізу тәртібі.

ҚР СТ 2.75-2009 Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Сынақ жабдығын аттестаттау тәртібі.

ҚР СТ 615-1-2011 Өрт қорғау құралдары мен заттары. 1-бөлім. Ағаштар мен оның негізіндегі материалдарға арналған өрттен қорғау құралдары. Жалпы техникалық шарттар.

ҚР СТ 12.0.002-2010 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымда еңбекті қорғаумен басқару жүйелері. Қауіп-қатерді бағалау және басқару нұсқаулығы.

ҚР СТ 1088 -2003 Өрт қауіпсіздігі. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 1185 -2006 Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты. Құрамы, әзірлеу және қолдану тәртібі..

ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 Сынау және калибрлеу зертханасының құзырлығына қойылатын жалпы талаптар.

ГОСТ 12.0.004-90 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру. Жалпы ережелер.

ГОСТ 12.0.230-2007 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғаумен басқару жүйелері. Жалпы талаптар.

ГОСТ 12.1.004-91 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.

ГОСТ 12.1.007-76 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Зиянды заттар. Жіктеу және жалпы қауіпсіздік талаптары.

ГОСТ 12.2.003-91 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік жабдық. Жалпы қауіпсіздік талаптары.



ГОСТ 12.4.011-89 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмысшыларды қорғау құралдары. Жалпы талаптар және жіктеу.

ГОСТ 12.4.021-75 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Желдету жүйелері. Жалпы талаптар.

ГОСТ 427-75 Өлшегіш металл сызғыштар. Техникалық шарттар.

ГОСТ 4204-77 Реактивтер. Күкірт қышқылы. Техникалық шарттар.

ГОСТ 4765-73 Лак-бояу материалдары. Соққы кезінде беріктігін анықтау әдісі.

ГОСТ 6616-94 Термоэлектрлік түрлендіргіштер. Жалпы техникалық шарттар.



ГОСТ 6709-72 Тазартылған су. Техникалық шарттар.

ГОСТ 6806-73 Лак-бояу материалдары. Иілу кезінде үлдірдің иілгіштігін анықтау әдісі.

ГОСТ 7502-98 Өлшегіш металл рулеткалар. Техникалық шарттар.

ГОСТ 8239-89 Ыстықтай иленген болат екі таңба. Түржиын.

ГОСТ 9980.1-86 Лак-бояу материалдары. Қабылдау ережелері.

ГОСТ 9980.2-86 Лак-бояу материалдары. Сынаққа арналған сынамаларды іріктеу.

ГОСТ 9980.3-86 Лак-бояу материалдары. Буып-түю.

ГОСТ 9980.4-2002 Лак-бояу материалдары. Таңбалау.

ГОСТ 9980.5-2009 Лак-бояу материалдары. Тасымалдау және сақтау.

ГОСТ 12026-76 Зертханалық сүзгіш қағаз. Техникалық шарттар.

ГОСТ 13646-68 Нақты өлшеулерге арналған шыны сынапты термометрлер. Техникалық шарттар.

ГОСТ 15140-78 Лак-бояу материалдары. Адгезияны анықтау әдістері.

ГОСТ 15150-69 Машиналар, құралдар және басқа да техникалық бұйымдар. Әр түрлі климаттық аудандарға арналған орындаулар. Сыртқы ортаның климаттық факторлары әсерлері бөлігінде пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары, санаттары.

ГОСТ 16504-81 Өнімді мемлекеттік сынау жүйесі. Өнім сапасын сынау және бақылау. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

ГОСТ 18481-81 Ареометрлер мен шыны цилиндрлер. Жалпы техникалық шарттар.

ГОСТ 20448-90 Коммуналды–тұрмыстық тұтынуға арналған сұйытылған көмірсутекті жанармай газдары. Техникалық шарттар.

ГОСТ 23789-79 Гипстік тұтқыр. Сынау әдістері.

ГОСТ 25336-82 Зертханалық шыны ыдыстар мен жабдық. Типтері, негізгі параметрлер мен өлшемдер.

ГОСТ 26020-83 Параллель сөрелі ыстықтай иленген болат екі таңба. Түржиын.



ГОСТ 26871-86 Гипстік тұтқыр материалдар. Қабылдау ережелері. Буып-түю, таңбалау, тасымалдау және сақтау.

ГОСТ 29329-92 Статикалық өлшеуге арналған таразылар. Жалпы техникалық талаптар.

ГОСТ 30247.0- 94 Құрылыс құрылымдары. Отқа төзімділігін сынау әдістері. Жалпы талаптар.



ГОСТ 30247.1-94 Құрылыс құрылымдары. Отқа төзімділігін сынау әдістері. Тасымалдау және қоршау құрылымдары.

ГОСТ 30333-2007 Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты. Жалпы талаптар.

ГОСТ 31387-2008 Гипстік тұтқыр негізіндегі тегістеу құрғақ құрылыс қоспалары. Техникалық шарттар.

ҚР СНжЕ 2.04-05 -2002 Табиғи және жасанды жарықтандыру.

ҚР СНжЕ 4.02-42 -2006 Жылыту, желдету және кондициялау.
Ескертпе Осы стандарты пайдалану кезінде үстіміздегі жылдың берілген «Қазақстан Республикасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың көрсеткіші», «Стандарттау бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткіші», «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік – техникалық актілер тізбесі» жыл сайын жарық көретін ақпараттық көрсеткіші бойынша және үстіміздегі жылы жарияланған тиісті ай сайын жарық көретін ақпараттық көрсеткіштер бойынша сілтеме құжаттардың қолданылуын тексеру керек. Егер сілтеме құжат ауыстырылған (өзгертілген) жағдайда, онда сілтеме берілген ережеде осы сілтеме жатпайтын бөлігінде қолданылады. Егер сілтеме құжат ауыстырылмай алынып тасталған жағдайда, онда сілтеме берілген ережеде осы сілтеме жатпайтын бөлігінде қолданылады.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде, ҚР СТ 615-1, ҚР СТ 1088 және ГОСТ 16504 белгіленген терминдер, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен бірге мынадай терминдер қолданылады:

3.1 Өрттен қорғау объектісі: Өрт қауіпсіздігін төмендету және (немесе) отқа төзімділігін арттыру мақсатында, өрт қорғау құралымен өрттен қорғалып өңдеуден өткен металдан жасалған материал, құрастырылым немесе бұйым.

3.2 Өрттен қорғалып өңделу: Отқа төзімділігін арттыру және (немесе) өрт қауіпсіздігін төмендету мақсатында өрттен қорғау объектісінің бетіне өрттен қорғау құралын орналастыру (құрастыру).

3.3 Өрттен қорғау құралдары: Өрттен қорғау тиімді және болат құрастырылымды өрттен қорғауға арналған құрамдар, заттар (заттар қоспасы) немесе материалдар.

3.4 Өрт қорғау тиімділігі: Өрттен қорғау жабыны бар металл құрастырылымының стандарттық үлгісінің өрт сынағының басынан бастап сыни температураға (500 °С) дейінгі минуттардағы уақытпен сипатталатын өрт қорғау құралының салыстырмалы көрсеткіші.

3.5 Келтірілген металдың қалыңдығы: Металл құрастырылымының көлденең қимасының ауданын оның қыздырылатын периметріне қатынас.



4 Жіктеу
4.1 Өрттен қорғау құралының құрамы (заттар қоспасы) және негізгі қасиеттеріне байланысты өрттен қорғау құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:

а) өрттен қорғау объектіде туындайтын органикалық емес қоспалары болатын термотөзімді толтырғыштардан тұратын суспензияны білдіретін өрттен қорғау бояулары:



- қалыңдығы 4 мм артық емес жабын қабатын (қабаттарын) өрттен қорғау өңдеу кезінде;

- жылу оқшаулаушы көбікті (көбік коксы қабаты) 200 °С артық температурадағы өрттен қорғау жабынына әсер ету кезінде;

б) өрттен қорғау объектісінің жабын қалыңдығы 6 мм – 20 мм дейін, әр түрлі жанбайтын толтырғыштары болатын силикатты «сұйық» шыны негізінде жылу оқшаулау композицияны білдіретін өрттен қорғау пасталар және мастикалар;

в) өрттен қорғау объектісінің жабын қалыңдығы 20 мм артық құрылыс гипсі, глиноземді цемент, толтырғыштар (вермикулит, перлит, диатомит, трепел, жанартау пемзасы, жанартау туфтары) және талшықты толтырғыштар (каолин мақтасы және басқа да минералды талшықтар) негізінде жылу оқшаулау композицияны білдіретін өрттен қорғау сылақ құрамдары;

г) өрттен қорғау материалы (жанбайтын плиталар, талшықтар немесе маталар) құрастыратын өрттен қорғау жабынды білдіретін өрттен қорғау құрастырылған құралдар;

д) нақты түрдегі өрттен қорғау құралына арналған стандарт, нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келетін өзге де өрттен қорғау құралдары;

4.2 Пайдалану шартына байланысты өрттен қорғау құралдары пайдалануға арналған мынадай түрлерге бөлінеді:

а) ашық ауада немесе аспада (осы макроклиматтық ауданға арналған климаттық факторлардың әсері рұқсат етілетін жерде немесе ашық ауада тербелістен болымсыз ерекшеленетін температура тербелісі және ауаның ылғалдығы және сыртқы ауаның салыстырмалы еркін кіріс бар);

б) жабық жылытылмайтын бөлмеде (климаттық жағдайдың жасанды реттелетін көзі болмайтын жерде, бұл ретте, температура тербелісі және ауаның ылғалдығы ашық ауадағыдан аз);

г) жабық жылытылатын бөлмеде (жоғары температураны және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 70 % астайтын климаттық жағдайдың жасанды реттелетін көздері болатын);

д) өзге де арнайы айтылған шарттарда.

4.3 Агрессивтік орта әсеріне төзімділігіне байланысты өрттен қорғау құралдары агрессивтік орта әсеріне төзімді немесе төзімсіз болып бөлінеді.
5 Жалпы талаптар
5.1 Өрттен қорғау құралдарын таңдауға қойылатын талаптар

5.1.1 Өрттен қорғау құралдары «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Лак-бояу материалдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, «Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, осы стандарт және өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келуге тиіс.



Өрттен қорғау құралдарына арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарда олардың қолданылу саласын сипаттайтын техникалық көрсеткіштер туралы ақпарат, өрт қауіпсіздігі, бетті дайындау тәсілі, топырақ түрлері мен маркалары, қорғалатын бетке түсірілетін тәсіл, кептіру шарттары, осы құралдардың өрттен қорғалу тиімділігі, жағымсыз климаттық әсерлерден қорғау тәсілі, өрттен қорғау жабынын пайдалану шарттары мен мерзімі, сондай-ақ өрттен қорғау жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары болуға тиіс.

5.1.2 Өрттен қорғау құралдарын таңдау:

а) құрылыс құрастырылымы, жабдық немесе коммуникация (бар болса) типі, орналасуы, сондай-ақ өрттен қорғау объектісінің отқа төзімділігіне немесе өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды;

б) өрттен қорғау құралының түсірілу технологиясын, өрттен қорғау жабынының пайдаланылу және ауыстырылу мерзімін;

в) механикалық әсерлер және өрттен қорғау объектісінің дірілі болуы мүмкін жағдайда оны қолдану кезінде өрттен қорғау құралын пайдалану сипаттамалары;

г) температуралық – ылғалды режимін және суық ортаның әсерін;

д) өрттен қорғау жабынының салмағы есебінен өрттен қорғау объектісінің құрастырылымына жүктемені арттыру;

е) эстетикалық талаптар;

ж) техникалық экономикалық негіздемені ескере отырып жүргізілуге тиіс.
5.2 Өрттен қорғау құралдарын қолдануға қойылатын талаптар

5.2.1 Қазақстан Республикасы аумағына қолдануға «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Лак-бояу материалдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне талаптарына сәйкес келетін және осы стандарт, «Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті талаптарына сәйкес өткен өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келетін өрттен қорғау құралдары рұқсат етіледі.



Өрттен қорғау құралдарының сәйкестігін растау тәртібі мен процедурасы «Сәйкестікті растау процедуралары» техникалық регламенті талаптарына сәйкес келуге тиіс.

5.2.2 Қолданар алдында тікелей дайындалатын өрттен қорғау құралдарының сапасы өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес өрттен қорғау жұмыстарды орындаушы (мердігер) анықтайды.

5.2.3 Өрттен қорғап өңдеу белгіленген түсіру шарттарын қамтамасыз ете отырып, нормативтік және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес өрттен қорғау объектісінің дайындалған бетіне ғана өндірілуге тиіс.

5.2.4 Түсірілген қабаттың қалыңдығы өрттен қорғау құралын түсіргеннен кейін анықталады, сондай-ақ жабынның қалыңдығы өрттен қорғау құралының барлық қабаттары кепкеннен кейін анықталады. Жабын қалыңдығы өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келуге тиіс.

5.2.5 Өрттен қорғау құралдарының өмірге қабілеттілігі өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттамаларда белгіленген уақыт ішінде оларды түсіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

5.2.6 Өрттен қорғау жабынына сәндік түрін немесе жағымсыз климаттық әсерге тұрақтылығын қамтамасыз ететін қосымша жабын түсіруге рұқсат етіледі, бұл ретте өрттен қорғау жабынының өрттен қорғау тиімділігі өрттен қорғау объектісіне түсірілген барлық жабын қабаттарын ескере отырып анықталады.

5.2.7 Өрттен қорғау құралдарын олардың жағдайын кезеңді бақылау, ауыстыру немесе қалпына келтіру мүмкіндігін болдырмайтын жерлерде қолдануға рұқсат етілмейді.

5.2.8 Өрттен қорғау жұмыстары аяқталысымен орындаушы (мердігер) комиссия құрады, оның құрамына:

а) өрттен қорғау жұмыстарын орындаушының (мердігердің), комиссия төрағасы;

б) объект (тапсырыс берушінің);

в) өрт қауіпсіздігі саласында уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;

г) өнімді дайындаушы – кәсіпорнының (қажет болған кезде).



Комиссия мына тексерістерді:

а) өрттен қорғау құралына арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттаманың болуы;

б) өрттен қорғау жабынның жағдайы (ақаулар, бұзылған жерлер, сызаттар, және қатпарлардың болуы);

в) өрттен қорғау құралын түсіру технологиясының сақталуы;

г) өрттен қорғау құралдарының нақты түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттамаларда қарастырылған өзге де талаптардың сақталуы жүзеге асырылады.

9.4.7 тармақта келтірілген әдіс бойынша өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі сапасын анықтау жөніндегі бақылау сынақтары жүргізіледі.

Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша акт құрады, онда комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Акт мазмұнымен келіспеген комиссия мүшелері аталған актіде жеке бөлім ретінде өзінің «ерекше пікірін» жаза отырып қол қояды.

Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша акт құрылады, онда комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуін пайдалануға берген қабылдау – тапсыру актінің нысаны А қосымшасында келтірілген.

Актіде өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі сапасын анықтау жөніндегі бақылау сынақтарының хаттамасы қоса беріледі, оның нысаны Б қосымшасында келтірілді.

Бақылау сынағы аяқталысымен алынған нәтижелері кері болса комиссия өрттен қорғау жабынды жөндеу туралы немесе өрттен қорғау объектісінің барлық бетіне өрттен қорғау құралдарын қайта түсіру туралы шешім қабылдайды.

Өрттен қорғау құралдарының басқа түрлері мен маркаларын қолдана отырып, өрттен қорғау объектісінің барлық бетіне өрттен қорғау құралдарын қайта түсіру олардың үйлесімділігіне оң зерттеу нәтижелері кезінде, өрттен қорғау, пайдалану қасиеттері, сыртқы түрі және өрттен қорғау жабынының қызмет көрсету мерзімі сақталған кезде рұқсат етіледі.

5.2.9 Өрттен қорғау жабынының қызмет ету мерзімі аяқталысымен және (немесе) өрттен қорғау қасиеттерінің жоғалуы кезінде өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі қайта орындалуға тиіс.


5.3 Тағайындау талаптары

5.3.1 Өрттен қорғау құралдары өрттен қорғау әсеріне ие болуға тиіс.

5.3.2 Өрттен қорғау құралдарының өрттен қорғау әсері тобы өрттен қорғау объектісінің шекті жағдайына түскенге дейін өрттен қорғау жабынының сынақ нәтижелері бойынша анықталады.

Өрттен қорғау объектісінің шекті жағдайы деп 500 °С тең сыни температураның орташа мәнінің тәжірибелі үлгісін металға жетуін айтады (ГОСТ 6616 талаптарына сәйкес келетін үш термоэлектрлік түрлендіргіштер көрсеткіші бойынша).

Өрттен қорғау әсерінің бірінші тобына өрттен қорғау жабыны өрттен қорғау объектісінің шекті жағдайына жеткенге дейін көрсеткіш 150 мин және одан жоғары болатын өрттен қорғау құралы жатады.

Өрттен қорғау әсерінің екінші тобына өрттен қорғау жабыны өрттен қорғау объектісінің шекті жағдайына жеткенге дейін көрсеткіш 120 минуттан бастап 149 минутқа дейін қоса алғандағы шегінде болатын өрттен қорғау құралы жатады.

Өрттен қорғау әсерінің үшінші тобына өрттен қорғау жабыны өрттен қорғау объектісінің шекті жағдайына жеткенге дейін көрсеткіш 90 минуттан бастап 119 минутқа дейін қоса алғандағы шегінде болатын өрттен қорғау құралы жатады.

Өрттен қорғау әсерінің төртінші тобына өрттен қорғау жабыны өрттен қорғау объектісінің шекті жағдайына жеткенге дейін көрсеткіш 60 минуттан бастап 89 минутқа дейін қоса алғандағы шегінде болатын өрттен қорғау құралы жатады.

Өрттен қорғау әсерінің бесінші тобына өрттен қорғау жабыны өрттен қорғау объектісінің шекті жағдайына жеткенге дейін көрсеткіш 45 минуттан бастап 59 минутқа дейін қоса алғандағы шегінде болатын өрттен қорғау құралы жатады.

Өрттен қорғау әсерінің алтыншы тобына өрттен қорғау жабыны өрттен қорғау объектісінің шекті жағдайына жеткенге дейін көрсеткіш 30 минуттан бастап 44 минутқа дейін қоса алғандағы шегінде болатын өрттен қорғау құралы жатады.

Өрттен қорғау әсерінің жетінші тобына өрттен қорғау жабыны өрттен қорғау объектісінің шекті жағдайына жеткенге дейін көрсеткіш 15 минуттан бастап 29 минутқа дейін қоса алғандағы шегінде болатын өрттен қорғау құралы жатады.

Егер нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкес түсірілген оның жабыны құрал өрттен қорғау объектісінің шекті жағдайына жеткенге дейін көрсеткіш 15 минуттан кем болса өрттен қорғайтын құрал болып табылмайды.


Ескертпе Өрттен қорғау құралы өрттенқорғау объектіге түсірілген өрттен қорғау жабыны қалыңдығына байланысты өрттен қорғау тиімділігінің әр түрлі топтарына ие.
5.4 Сыртқы әсерлер тұрақтылығына қойылатын талаптар

5.4.1 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары ылғалдың сіңуіне төзімді болуға тиіс.

5.4.2 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары адгезияға төзімді болуға тиіс.

5.4.3 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары бүгілу кезінде иілгіш болуға тиіс.

5.4.4 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары механикалық әсер кезінде берік болуға тиіс.
5.5 Сенімділік талаптары

Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындары өнімді өндіруші белгіленген қызмет ету мерзімі ішінде өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғау тиімділігі сақталуға тиіс.
5.6 Жинақтылық

5.6.1 Жеткізу жинақтылығына:



- қымталған орауыштағы (ыдыстағы) өрттен қорғау құралы;

- белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамаларды қамтуға тиіс.

5.6.2 Нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамаларда мынадай мәліметтер болуға тиіс:



- дайындаушы – кәсіпорынның атауы және оның заңды мекенжайы;

- өнімнің шартты белгісі;

- жинақтылығы;

- өрттен қорғау құралдарыныңтүрі мен құрамы ;

- өрттен қорғаудың тиімділік тобы;

- өрттен қорғау құралдарының шығыны, кг/м2;

- жабынның қалыңдығы, мм;

- өрттен қорғалып өңделуге өрттен қорғау құралдарын дайындау технологиясы;

- қорғау объектісінің бетін дайындау шарттары;

- өрттен қорғау объектісіне өрттен қорғау құралдарын түсіру технологиясы;

- өрттен қорғау жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары;

- өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғау жабынын кептіру шарттары;

- уыттылығы, қауіпсіздік класы;

- пайдалану шарттары мен жұмыс температурасының шарттары;

- өнімді өндіру, қолдану және пайдалану жағдайында негізгі параметрлер мен сипаттамаларды бақылау кезеңділігі;

- сақтау мерзімі, жыл;

- қызмет ету мерзімі, жыл;

- дайындалған айы мен жылы.
Ескертпе Өрттен қорғау құралдары үшін 4 а), б) бойынша ГОСТ 4765 бойынша соққы кезінде өрттен қорғау жабынының беріктік және ГОСТ 6806 бойынша өрттен қорғау жабынының иілгіштігі мәндері көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет