Р. Т. Хайруллина М34 Мәшһүр-Жүсіп мұрасы : әдістемелік-библиографиялық құрал / құраст. Р. Т. Хайруллина. Павлодар : Кереку, 2010. 79 б



бет4/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#143222
1   2   3   4   5
Д) Жалған туралы

Е) Пайғамбардың дүниеден өтуі

5 Мәшһүр-Жүсіптің деректі дастаны

А) Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен айтысы

В) Ақыл туралы

С) Бір редакторге

Д) Нүсіпхан

Е) Әменді жоқтау
6 Мұхаммед ізбасарларын бейнелейтін шығарма

А) Күліктің атқамінерлеріне

В) Сараң бай мен Ғалы Арыстан

С) Бұхара сапары

Д) Ағайын

Е) Хор қыздарының хикаясы
7 Мәшһүр-Жүсіптің аңыз-дастаны

А) Жарты нан

В) Ит дүние

С) Төрт асыл, бес береке

Д) Яһуда, Патрос әңгімесі

Е) Салақтық- дерт
8 Мына шумақ Мәшһүр-Жүсіптің қай өлеңінен алынған?

Аманыңда елжіреп, мақтайтын да ағайын,

Алыстамай, айналып, жақтайтын да ағайын.

Ауырыңды жеңіл ғып, жоқтайтын да ағайын,

Еркелетіп бетіңнен, қақпайтын да ағайын.

А) Күліктің атқамінерлеріне

В) Ғалының мырзалығы

С) Момынның әйеліне шығарғаны

Д) Бұл бір түрлі сөйлегені

Е) Ағайын
9 Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығын жан-жақты зерттеген ғалым

А) Иса Байзақов

В) Сәрсенбі Дәуітов

С) Қабдыкәрім Ыдырысов

Д) С.Арғымақов

Е) Сырбай Мәуленов
10 Мына өлең жолдары Мәшһүр-Жүсіптің қай өлеңінен алынған?

Түзу бас, тура жолдан теріс те аспа,

Өнерсіз надандармен араласпа!

Бір істен пайда көрмей, залал тартсаң,

Бой бағып екіншілей аяқ баспа!

А) «Мәшһүр» атты қалай алғандығы

В) Жігіт назы

С) Нәпсіңді атқа мінгізбе

Д) Хал-ахуал

Е) Хор қыздарының хикаясы
11 «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының фольклоршылық еңбегі» диссертациясының авторы кім?

А) А.Қ.Тұрышев

В) Н.Қ.Жүсіпов

С) А.Т.Сапаров

Д) Ж.Р.Шамақайұлы

Е) Б.Д.Тауасарова
12 «Мәшһүр Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері» докторлық диссертацияның авторы кім?

А) Е.Н.Жанпейісов

B) М.М.Малбақов

C) А.Қ.Тұрышев

Д) Г.Н.Смағұлова

Е) Т.Р.Қараманов
13 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 1907 жылы Қазан қаласында басылған кітабы

А) Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз

B) Өлеңдері

С) Аңыздары

Д) Хикаяттары

Е) Қара сөздері
14 Мына жолдар Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай еңбегінен алынған?

«Әдебиет деген кейінгіге үлгі-өнеге үйрететұғын, ғылым-білім беретұғын, құлық-мінез түзететұғын сөз дегені. Рас, бұрынғының өлең, жыр, тақпағы – бәрі әдебиет. Қай-қайсысы болсын, сыртын таңдайды, ішімен, мәнісімен жұмысы жоқ. Егер мәнісін білуші болса, мың кітаптың сөзінен бұрынғының айтқан бір ауыз сөзі асыл».

А) Молда Жүніс сөзі

B) Бұрынғы құдалық әңгімелері

C) Ғылым және дін

Д) Газет-журналдарға сын

Е) «Ана тілі» туралы
15 Мәшһүр-Жүсіптің мына мақаласы қай мәселені арқау еткен – Денсаулық – ғылымның бір тарауы?

А) Ғылым, білім

B) Азықты дұрыс пайдалану

С) Денсаулық

Д) Ауа

Е) Оқуға үндеу
16 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Ауаны таза тұту», «Ауаны жаңарту», «Ауадағы микроб» еңбектері қай жанрды қамтиды?

А) Мақала

B) Хат

С) Эссе

Д) Әңгіме

Е) Сатира
17 Мәшһүр-Жүсіптің қай еңбегінен алынған үзінді: Қазақ сөзі: «Құдайдан қорықпағаннан қорық»-дейді. Құдайдан кім қорықпайды: надан қорықпайды. Наданның қорықпайтындығы бұл «Айтадан» мағлұм болып тұр...

А) Олжабай батыр

B) Қазақ мақалдары туралы

С) Үш нәрсе

Д) Өтеміс абыз

Е) Жылқы дауы
18 «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы шығыс әдеби дәстүрі» кандидаттық диссертациясының авторы кім?

А) Ақышев А.А.

B) Сарбалаев Ж.Т.

С) Базарбеков Қ.О.

Д) Жүсіпов Е. Қ.

Е) Ержанов Н.Т.
19 «Мәшһүр-Жүсіп дастандары» кандидаттық диссертациясының авторы кім?

А) Әзімбаева П.Р.

B) Күмісбаева Р.О.

С) Қыраубаева А.

Д) Ыбыраев Ш.Р.

Е) Жүсіпова Г.Қ.
20 Мәшһүр Жүсіптің дастаны

А) Жұлдыздар туралы

В) Өнер дүниесі туралы

С) Үш нәрсе

Д) Хаятбақшы

Е) Тобықты шежіресі
21 Мына шумақ Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай өлеңінен алынған?

Балалар, жалқау болма, шабан тартып,

Ілгері ұмтыла бас, күн-күн артып.

Арқаны кедейліктің – еріншектік,

Желкеңнен жібермейді мықтап тартып.

А) Иса Шорманұлы

B) Нәпсіңді атқа мінгізбе

С) Жаздың сөзі

Д) Кедейліктің арқаны

Е) Шежіре өлең
22 Мәшһүр-Жүсіптің мысал өлеңі

А) Жарты нан

B) Надан би

С) Сәйгелді, сона, бөгелек

Д) Жігіт назы

Е) Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге
23 Мәшһүр Жүсіптің аңыз хикаяты

А) Ит дүние

B) Жарты нан

С) Шежіре өлең

Д) Хал-ахуал

Е) Адам ата мен шайтан
24 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел берекесін кетірген топшылдық, жікшілдік мәселесін сынға алған өлеңі

А) Бес парыз

B) Қажылық, иман шарттары

С) Партия хақында

Д) Ибраһим

Е) Жұт
25 Мәшһүр-Жүсіпке арналған мына пікірдің авторы кім: «Мәшһүр Жүсіп дегенді білмейтін қазақ зиялыларында жан жоқ. Әрі ақын, әрі ақылгөй жан, ұлы Абайға ілесе шықты да осы данышпан ұстаздың ағартушылық жолын берік ұстанды. Ақындығын да өзіне мұрат етті».

А) Ә.Тәжібаев

B) С.Сматаев

С) А.Тұрышев

Д) Ә.Нұрпейісов

Е) А.Құнанбаев
26 Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын орыс тіліне аударып танытуда еңбек етіп жүрген керекулік ғалым

А) Ғ.Жұматов

B) Қ.Н.Қанапьянов

С) А.Тұрышев

Д) С.Д.Адамбаев

Е) Т.Б.Қараханов
27 Мәшһүр-Жүсіптің публицистік мұралары жарық көрген басылым

А) Заман

B) Серке

С) Азамат

Д) Ұшқын

Е) Дала уалаяты газеті
28 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 1891 жылы жарық көрген «Тұрмыс жайында болған хабарлар» атты мақаласы қай басылымда жарық көрген?

А) Дала уалаяты газеті

B) Серке

С) Азамат

Д) Ұшқын

Е) Айқап

29 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өлеңдері алғаш қай жылы жарық көрді?

А) 1912

B) 1907

С) 1910

Д) 1909

Е) 1908
30 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған ертегілері

А) «Көр ақтарған Жаманбай», «Ер Төстік», «Екі патша»

B) «Қамбар батыр», «Ер Сайын»

С) «Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқа», «Ғибратнама»

Д) «Ұлбике мен Күдері қожа айтысы», «Қайымдасу кімнен басталды»

Е) «Жұт», «Жақсы әйел», «Мұхаммед пен Әбужаһил»
31 Мына өлең жолдары Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай өлеңінен алынған:

Өтті ғой қоршылықпен, ей, өмір жас?!

Жаратқан осылай қып Құдайға бас.

Бір жан жоқ-құрыш, темір, қу сақтаған

Кім нанар дегеніме: «Мен - шақпақ тас!».

А) Мәшһүрдің сөзді киіндіріп, жұрт көзіне түсіргені

B) Шайтанның саудасы

С) Ит дүние

Д) Бұл бір түрлі сөйлегені

Е) Момынның әйеліне шығарғаны
32 Мәшһүр-Жүсіптің мысал өлеңі

А) Ғалының тағылымы

B) Сәйгелді, сона, бөгелек

С) Жаздың сөзі

Д) Кедейліктің арқаны

Е) Шежіре өлең
33 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің айтыс өлеңі

А) Ғалының тағылымы

B) Сәйгелді, сона, бөгелек

С) Жаздың сөзі

Д) Кедейліктің арқаны

Е) Мәшһүр-Жүсіптің қарғамен айтысы

34 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мына өлең жолдары қай өлеңінен алынған:

Үстін табақ, етегін орамал ғып,

Семіртіп әр мүшесін жуандатқан.

Енесі барды-жоқты сөзбен жұптап,

Мейірімсіз, сараң қулар қуаң тартқан.

А) Жарты нан

B) Надан би

С) Сәйгелді, сона, бөгелек

Д) Салақтық - дерт

Е) Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге
35 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мұсылман парызын арқау еткен өлеңі

А) Жарты нан

B) Надан би

С) Сәйгелді, сона, бөгелек

Д) Салақтық - дерт

Е) Ораза туралы
36 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің аңыз-дастаны

А) Шаһарбан мен Хұсайын

B) Сәйгелді, сона, бөгелек

С) Жаздың сөзі

Д) Кедейліктің арқаны

Е) Мәшһүр-Жүсіптің қарғамен айтысы
37 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің хат өлеңі

А) Күліктің атқамінерлеріне

В) Сараң бай мен Ғалы Арыстан

С) Сыздық Мешімбайұлына

Д) Ағайын

Е) Хор қыздарының хикаясы
38 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің сапар өлеңі

А) Күліктің атқамінерлеріне

В) Сараң бай мен Ғалы Арыстан

С) Сыздық Мешімбайұлына

Д) Ереймен сапары

Е) Жаман әйел
39 Мәшһүр-Жүсіптің өзі туралы баян еткен өлеңі

А) Мәшһүрдің сөзді киіндіріп, жұрт көзіне түсіргені

B) Шайтанның саудасы

С) Ит дүние

Д) Бұл бір түрлі сөйлегені

Е) Момынның әйеліне шығарғаны
40 Мәшһүр-Жүсіптің мысал өлеңі

А) Ғалының тағылымы

B) Мәшһүрдің өзін таныстыруы

С) Жаздың сөзі

Д) Кедейліктің арқаны

Е) Шежіре өлең
41 Мәшһүр-Жүсіптің насихат үлгісіндегі өлеңі

А) Қолыма қағаз, қалам алайын да

B) Қажылық, иман шарттары

С) Партия хақында

Д) Ибраһим

Е) Жұт
42 Мына өлең жолдары Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай өлеңінен алынған:

Биязы сөзі жатық, майда болар,

Кеудесі – көңілі зерек – айна болар.

Асылдың асыл затын тануменен,

Өзінде жақсы құлық пайда болар.

А) Жарты нан

B) Надан би

С) Жақсы әйел

Д) Салақтық - дерт

Е) Ораза туралы
43 Мәшһүр-Жүсіптің жерлес қай жазушыға, қалам шеберіне арнап жазған өлеңі:

Әрқашан оқығанда хатыңды алып,

Құмардан бір шығамын, мейірім қанып.

Қайқы қанат, қанды көз, қырандай-ақ,

Жөнелер ой аспанға шырқап алып.

А) Жүсіпбек Аймауытұлына

B) Сыздық Мешімбайұлына

С) Тайшық Ноғайұлы

Д) Хұсайын Боштайұлы

Е) Мұса Шорманұлы
44 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің айтыс өлеңі:

Шабдар ат

«Келдің,-деп, айыптама мені – қайдан?»

Шыққам жоқ жергілікті малды байдан.

Төлеуге Айдаболға келіп тұрмын,

Көк тақым қандыбалақ ұры Алтайдан.

А) Күйеу Мағзұм мен аруақтар

B) Мәшһүр-Жүсіптің Шабдар атпен айтысы

С) Мәшһүр-Жүсіп жауабы

Д) Ғалы Күзембайұлы сөзі

Е) Сүлеймен мен Байғыз
45 Өзінің өмірбаянын арқау еткен Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өлеңі:

Жылым – қой, тауық жылы мен үш жаста,

Кәріплік бұл жалғанда біздің баста.

Айырылып ел-жұртынан көшіп әкем,

Қыстаған Қызылағаш Бұзаутасқа.

А) Иса Шорманұлы

B) Нәпсіңді атқа мінгізбе

С) Жаздың сөзі

Д) Жылым – қой, тауық жылы мен үш жаста

Е) Шежіре өлең
46 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің салақтық пен настық, ұқыпсыздықты сынға алатын өлеңі

А) Салақтық - дерт

B) Надан би

С) Сәйгелді, сона, бөгелек

Д) Жақсы әйел

Е) Ораза туралы

47 Мына шумақ Мәшһүр-Жүсіптің қай өлеңінен алынған:

Жылан айтты:

Сен қайда душарластың?

Жай жатқан сандық едім, ауызымды аштың.

Тірілттің мені қозғап қолыңа алып,

Құйрығын жатқан жылан өзің бастың.

А) Иса Шорманұлы

B) Нәпсіңді атқа мінгізбе

С) Жаздың сөзі

Д) Жарты нан

Е) Шежіре өлең
48 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің дүниеқоңыздықтан сақтандыратын өлеңі

А) Жарты нан

B) Ит дүние

С) Сәйгелді, сона, бөгелек

Д) Жігіт назы

Е) Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге
49 Қазақ халқының атақты балуаны, батыр ұлына арнаған өлеңі

А) Қажымұқан

B) Ит дүние

С) Сәйгелді, сона, бөгелек

Д) Жігіт назы

Е) Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге
50 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай мақаласынан алынған: Надан жұрт надандығымен қыздарын тұтқынлықта қалдырып, ас ішіп-жемейтін арық қылып, қатпа қылып өсіреді.

А) Түркістан шаһары туралы

B) Қыз тәрбиесі туралы

С) Ғылым-білім туралы

Д) Қазақтың түбі

Е) Сөз өнері туралы
51 Мәшһүр-Жүсіптің қай мақаласынан алынған: Ғылым аспандағы күн сықылды жарығы зор дүр. Әркімнің терезесіне қарай сәулесі түседі. Ғылым – ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең дария. Әркімнің ыдысына қарай су құйылады. Ғылым да әдепті, ибалы, мүләйім жақсы мінезді адамға орнығатын болады.

А) Түркістан шаһары туралы

B) Қыз тәрбиесі туралы

С) Ғылым-білім туралы

Д) Ғылым-білім (екінші әңгіме)

Е) Сөз өнері туралы

52 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай еңбегінен алынған: Үркер суға түссе, сиыр да суға түседі. Ақ сиыр бұрын түссе, қыс қарлы болады. Қара сиыр бұрын түссе, қара кешу. Апрельдің жеті жаңасында нұр (шор) бір және енеді.

А) Түркістан шаһары туралы

B) Қыз тәрбиесі туралы

С) Қазақ мақал-мәтелдері туралы

Д) Ғылым-білім (екінші әңгіме)

Е) Жыл мезгілдері туралы
53 Мәшһүр-Жүсіптің қай дастанынан алынған үзінді:

Білемін ақыр бір күн өлмегімді,

Шарасыз тағдырына көнбегімді.

Ғаламның он сегіз мың патшасы – сен,

Жейсің менің Құдай еңбегімді.

А) Гүлшат-Шеризат

В) Адам ата мен шайтан

С) Түн қараңғы

Д) «Ібіліс шайтан хикаясы» туралы

Е) Пайғамбардың дүниеден өтуі
54 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің аралдар, таулар, жанартаулар, өзендер, атақты көлдер, жыныс, ауа, бұғаз, табиғат туралы жазған еңбегінің аты

А) Қазақ тарихы және географиясы деректері

B) Қыз тәрбиесі туралы

С) Қазақ мақал-мәтелдері туралы

Д) Ғылым-білім (екінші әңгіме)

Е) Жыл мезгілдері туралы
55 Төмендегі үзінді Мәшһүр-Жүсіптің қай еңбегінен алынған : Көкшетауда қырық сегіз жыл хандық құрған Абылай хан алпыс кісі жолдаспен бір жорыққа бара жатып жазғытұрым Баянауыл тауына түнепті: елсіз екен, ел жоқ екен.

А) «Абылай аспаған сары бел» - аталған мәнісі

B) Абылай мен Жарылғап

С) Қазақ мақал-мәтелдері туралы

Д) Абылайдың қырғызға жорығы

Е) Абылайдың қырғыз, өзбекке жорығы
56 Мәшһүр-Жүсіп Көпеев мына бір ерекше оқиғаны қай батырға арнаған: Шырт ұйқыда жатқанында жүрегі суылдап, құлағы шуылдап, өне бойы дулап, тамыр-тамыры қыбырлап, ет пен терісінің арасы жыбырлап, тұла бойы шымырлап бара жатқан соң, шошып басын көтермепті.

А) Тұрсынбай

B) Жасыбай

С) Батыр Баян

Д) Олжабай

Е) Абылай
57 Дастанның атауы:

Ұсталар алар қолына,

Қышқаш пенен балғаны.

Кенесары, Наурызбай –

Қырғыз бір болды арманы.

А) Кенесары-Наурызбай


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет