Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы



Дата25.02.2016
өлшемі91.86 Kb.
#20412
Р.Т. НАРАЛИЕВА, М.Ш. ТОЙҒАНБЕКОВА

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы
М.Тиесов – балалар әдебиетінің шебері
Мақала авторлары қазақтың көрнекті жазушыларының бірі Мағзұм Тиесовтің балаларға арнап жазған шығармаларының өзіндік ерекшелігін қарастырады. Мақалада жазушының суреткер ретінде шеберлігі, шығармаларының көркемдік ерекшелігі көрнекті сыншылар мен белгілі әдебиеттанушы ғалымдардың сын-пікірлеріне сүйене отырып зерттеледі. Сонымен қатар М.Тиесовтің балаларға арнап жазған ертегілерінің қазақ балалар әдебиетінде алар орны мен маңызы, идеясы зерделенеді.
Тірек сөздер: балалар әдебиеті, М.Тиесовтің шығармалары, ұлттық проза, көркемдік ерекшелігі, мазмұны, идеясы
Таңдаған тақырыбын жалпы адамзаттық көркемдік құндылықтар аясында қарастыра білген суреткер өзіндік көзқарасы, өзгешелеу зерделеу- талғамымен қашан да айрықша назар аудартады. Осы орайда, жазушылық шеберлік мәселесі – әдебиеттану ғылымында қай кезде де өте маңызды әрі теориялық мәні ерекше сала ретінде қарастырылады. «Көркемдік әсіресе тіл шеберлігі шығарманың жаны, жазушы талантының өлшемі (Ги Мопассан). Сондықтан да осы бір күрделі мәселені дарынды суреткер Мағзұм Тиесовтің шығармашылығымен байланыстыра отырып зерттеу өте орынды. Мағзұм Тиесов – ұлттық әдебиетімізге өткен ғасырдың отызыншы жылдары келіп қосылған, өзіндік келбеті мен дара болмысы бар жазушыларымыздың бірі. Дәл осы кезеңдегі қазақтың прозасы мен поэзиясы әдебиетіміздің ең озық жанрына айналумен бірге, қаламгеріміздің сүбелі еңбектері бір-біріне тәжірибе, әрі түрткі болып, жақсы мағынасындағы бәсекелестік сезімді тұтата алатын дәрежеге жетті. Нақ осы қазақ көркемсөзінің биігіне көтерілген Ғабдол Сланов, Мұқан Иманжанов, Жәрдем Тілеков, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, С.Шаймерденов т.б. бір топ қарымды қаламгерлер прозаға ұлттық прозаға жаңа тақырыптар мен идеялар, алып келген жоқ, сонымен қатар оның көркемдік көкжиегін де барынша кеңейтті. Мағзұм Тиесов әдебиетте әуел баста ақын ретінде танылды. «Жаңа әдебиет» басылымында 1928 жылдары «Не қызық?», «Еңбек анам», «Көктомпақтың бұлағы» атты өлең- сықақтары жарияланды. Сонымен қатар «Жаңа мектеп» басылымында(1929,6) «Мұным дұрыс па?», «Мынадай болсам», «Менің көзім ашылды», «Тойыңды тойлап мейрамда»,(Әйел теңдігі,1928ж,3,58бет), «Жұмыскер»(Жыл құсы»,1928 жыл,2,78бет), «Трактор айдағанда», «Еңбек ән»,1930жыл,(41-42бет) деген өлеңдері жарық көрді. Алайда қаламгер шығармашылық жолын өлең жазудан бастағанымен уақыт өте келе оның суреткерлік қарымы прозада танылды. Мағзұм Тиесовтің проза саласындағы алғашқы елеулі еңбегі – «Жиделібайсын жерінде» атты әңгімелер мен очерктер жинағы. Қаламгер әрбір шығармасының мазмұн-мәніне үлкен көңіл бөледі. «Мазмұндауында ой тиегін ағытқан сияқты айтатайын деген пікірдің бәрін айтылады. Мазмұндау – шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры, онсыз шығарманың мазмұны болмайды. Мазмұнның қоыртуында мазмұндауды айтылған пікірдің қорытылып, маңызы шығады [1, 20]. Эстетикалық мазмұн белгілі жанрлық қалыпта құйылып шығып, көркемдік элементтердің тұтастығын, логикасын сақтап, диалектикалық бірлік, гармониялық келісім табады [2, 10].

Қаламгер бұл еңбегінде әдемі әсер иесі, жан- жағына сергек қарап, серпіле ширығып, елжірей алатын сезім иесі екенін аңғартты. Тілдің мінезін ғана емес, көркем ой, көркем сурет, бейнелі зерденің мінез- құлқын білу жағынан да ешкімнен ақыл сұрай қоймайтындай. Демек, әдебиет Мағзұм Тиесовтің жай әншейін машығы емес, көптен бергі аңсары, асығы. Оның алғашқы тырнақ алды шығармалары баспасөз бетін көргелі де көп жыл, көп заман өтті. Автор қанша жыл өз-өзін қақпайласа да, алайда кейінгі жылдары прозаға мықтап ден қойды. Ол әдебиетіміздің Ғабит Мүсірепов сынды үздік сөз шеберлерінің жылы лебізіне ие боп та үлгерді. Ғабең бір топ қаламгердің шығармаларына баға бере келіп: Қарағанды облысында бірнеше қабілетті жазушылар барлығын айта кетуім керек. Аллажар Теміржанов, Мағзұм Тиесов, ақын Игенсартов бұлар қаламы ұшталған, шындап кіріссе, үлкен шығармалар бере алатын, белесіне жеткен, піскен ақын-жазушылар. Мағзұм Тиесов жолдасты алайық. Мағзұм әдебиетке ертерек араласып, он жылға үзіліс жасап, соғыстан кейін қайта оралды. Бұл оралғанда, көп ойланған, көпті қорытып келген жазушы қатарында, елеулі еңбекпен келді. Мен әдебиеттен бірдеме ұғынатын болсам, Мағзұмның «Орыс ормандары» деген повестісі, алғашқы әкелген күйінде де бір өңдеумен түзеліп кететін және өмірлі шығармалардың қатарына қосылатын еңбек еді»,– деп ақиқатын айтты (Суреткер парызы,1970). Ал, белгілі жазушы Дүкенбай Досжан: «Мағзұм Тиесовтің қаламынан туған «Ақпанда», «Сөз сүйектен өтеді», «Сөйлесем десең аттан түс», «Көктем лебі»– өз заманының сөзбен салынған суреті, жанды бояуы. Қаламгер прозасының біз білетін екі ерекшелігі бар. Бірі – нені жазса да зерттеп, қазып, арғы-бергі тегін қопара, астарын ашып, қалам тербейтіні. Көз – көңілдің лупасына көп нәрсе сыйғызуға құлшынады. Жазушының екінші ерекшелігі – елдегі оң өзгерістерді елден бұрын сезетіні, көре білетіні, түйе жүретіні. Ең бастысы, баланың дүниені қабылдауын, тануын, түсінуін құп үйлестіріп, құйып қойғандай тігісін жатқызып көркемдеп беру тәсіліне- бұрын-соңды балалар әдебиетінде Мағзұм Тиесов қана қол жеткізді. Оның сөзбен салынған суретін басқа жазушымен еш шатастыра алмайсыз. Асып-таспай, қамырдан қыл суырғандай байыбына жеткізе баяндау машығы – Тиесов қаламгердің қолтаңба машығы»,- деп әділ баға береді.

Адам үшін өмірдегі ең қымбат бала болғандықтан, әдебиеттегі ең құрметті – балалар әдебиеті. Ал сол қызметіңді балалардың өзі жоғары бағаласа, өнер адамы үшін одан үлкен бақыт бола бермес.

Әдебиет әлеміне келіп, шынымен жазушы атанған қаламгерлердің ұмтылуы мүмкін емес. Өз уақытында тиісті бағасын алып үлгермей кететін қаламгерлер жеткілікті.

М.Тиесовтің «Дала перзенті» повесі – оның балаларға арналған еңбектерінің ең шұрайлысы. Мұнда Еркебұлан атты жас баланың көзқарасымен танымдық, тәрбиелік мәні бар біраз жайттар қозғалады. Олардың ең негізгісі – ел мен жер қасиеті, соны білу, қастерлеу. Мәселен, жайдақтау айтылады дегеннің өзінде де: «Қорғалжын ауданында үлкенді- кішілі жүз отыз бір көл бар,»- деген мәліметтердің жас оқырманға белгілі дәрежеде әсер етері сөзсіз. Ал: «Ол көлдер- жер жүзіндегі құстардың ең жақсы, ең жайлы жайлауы. Қорғалжын көлдеріне жыл сайын екі жүз елу екі түрлі қанатты керуен келеді,»- деген пікір туған жерге қатысты мақтаныш сезіміңді де үрлейді

Малды ауылдың тіршілігін, қиындығы мен қызығын жас Еркебұлан әкесі мен шешесінің, әжесінің тағы басқа үлкен кісілердің әрекеттері арқылы сезіліп отырады. Балаларға арналған әдебиетте балаларды ата-ананың қалай тәрбиелеу қажеттігі де айтыла береді. Ондай әдіс әлемдік әдебиеттерде әуелден бар.

«Дала перзенті» атты повесі жеті жасар бала Еркебұланның ел мен жер туралы ұшқыр ойын жазушы үлкен шеберлікпен суреттеген. Ең бастысы- балаға тән тілмен жазылғандығы. Бұл повесі бұрын қазақ тілінде екі рет, орыс тілінде (Москва, «Детская литература», 1982) бір рет басылған. Жазушы Бексұлтан Нұржекеев былай дейді: «Дала перзенті» атты повесі мен бір топ ертегілері бар жазушы Мағзұм Тиесов (1904-1973) қаламы жүйрік журналист еді. Ол 1932 жылдан 1960 жылға дейін мерзімдік баспасөз орындарында қызмет еткен. «Советтік Қарағанды», «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған. Сол тұстарда көкейтесті мәселелерді көтерген очерктері «Жиделібайсын жерінде» деген атпен жеке жинақ болып шыққан.

Әсіресе, автордың халық арасынан молынан сақталған аңыздар мен шешендік сөздерді жинап, тиісті орындарға ұсынып, арнайы мақалалар жариялағанын да айта кеткен орынды сияқты».

Мағзұм Тиесов – көркем прозада да өзіндік орны бар қаламгер. Оның «Шопан ата,(1965), «Дала перзенті»(1980), «Бақытты бозторғай»(1974), «Қаз дауысты Қазыбек»(1979) тәрізді жинақтары оқырманын тапқан, сүбелі дүниелер.

Көркем шығарма үшін талант қандай қажет болса, дүниетаным да сондай қажет. Қаламгер өмірді өзінше көре біледі, көргенін терең қорытып, әлдебір ақиқатқа көзіңді жеткізеді. М.Тиесов дүниетанымының үлкен бір ерекшелігі – образбен ойлайды. Көп нәрсені сезім, ой елегінен өткізіп, әлдебір кездейсоқ шөп- шаламды ағыс бетінен алып тастап, құбылыстың шын сырын ұғып, көп фактінің, оқиғаның ішкі байланысын білу, қоғам пікірін, оның көңіл-күйінің, ой-өрісінің беталысын аңғару – міне, бұл орасан әзірлік жұмыстарының барлығын типтендіру, тип жасау міндеттеріне бағындырылады.

Әдеби мұрасы, шығармашылық еңбегі, азаматтық өмір жолы өзінен кейінгілерге өнеге, халық қазынасын, даналық тағылымдарын ел игілігіне айналдыру барысында қыруар жұмыс атқарған, тып-тыныш тындырған ісі замандастарын қуантар ырысты қалам иелерінің бірі – Мағзұм Тиесов. Ойлы көкірек, атамекен қойнауы жылдар жотасымен көлегейлей, әр тұстарда сұқ пейіл, сұғанақ көздерден мейлінше құпия сақтаған қыруар байлықты- біразымыз күні кешеге дейін есімдері мен азын- аулақ жыр толғаныстарын ғана еміс-еміс естігеніміз болмаса жете біле бермейтін айтулы би-шешендердің өлмес мұраларын- теңіз тұңғиығынан інжу- маржан сүзгендей ғұмыр- бақи тынымсыз ізденіп, ұрпақ жадында қайта тірілткен осынау еңбекқор жанның жаратылысы қашан да қызыға, құрметпен қарауға лайық-ақ.

Белгілі жазушы Дүкенбай Досжанов: « Қаламгердің қуаты таймаған еді, жазары мол болатын. Көше қиылысында, жазушылар одағында ұшыраса кетсе-ақ: «О, әлгінде ғана іссапардан оралдым, дәптерім сықасқан дерек пен дәйек, аңыз бен әфсана,»- дер еді. «Ертегі елін аралап келдім,

Негізінен, халық ертегілерінде баланың кенжесі немесе тазша бала бүкіл қиындық атаулыға төтеп беріп, талай мехнатты сапарларға шыдап, ақырында барша мұрат- мақсатына жетеді. Қазақ қана емес, күллі түркі халықтарының ұғымында таз болу қор болу ғана емес, оның күлкісі қоса жүреді. Ал күлкісіз өмір тұл. Таз қазақ фольклорындағы ең сүйікті образдың бірі. Таз негізінен жолы болғыш я ақылы асқан дананың о бастағы дұшпан көзі үшін алдамшы бет пердесі. Тазша бойындағы ...ер балаға тән қасиеттер мадақталып, ерлік, ептілік, батырлық дәріптеледі[3, 62]. Күтімі табылса, таздықтан құтылу қиын емес, ол үшін ол құлдықтан құтылса, маңдайына нұр жауса болғаны. Ертегідегі таз – бақытты таз, себебі ол ең алдымен буыны қатып, бұғанасы бекімеген тазша бала, солай атанғаны тұлдыр жетімдігінен, жетім көрсең жебей жүр деп дүние таныған халық тазша баланың бағын жандырып, оны асқан қамқорлыққа бөлеп қоятыны тегін емес, ол оның адамсүйгіш мейірбан пейілінен болса керек.

Жыртық үйдің құдайы бар дейді қазақ, сөйтіп тазшаға мейірін төгеді. «Входе развития сюжета все «низкое» неприглядное вокруг героя и внем самом превращается в «высокое», но и в ином смысле, чем в превобытном фольклоре.Превращение низкого ввысокое в результате демократической народной идеализации обездоленного является «эстетическим законом волшебной сказки. Сказки типа «Золушки оказали влияние на легенды о скрывающемся» святом. «Низким» героем является и «лысый паршивец» в сказках тюркских и монгольских народов». Сказка, с одной стороны, изображает превращение низкого в высокое- превращение бедного, простоватого, некрасивого, грязного т.п. в богатого, знатного, красивого; с другой стороны, под низкой видимостью грязнушки, золушки, бедняка и т.п. показывает истинно героические качества, красоту, высшую мудрость». Е.М.Мелетинский. «Низкий» герой волшебной сказки».

Демек, юморлық кейіпкерлерге айналдырып жіберетін де халықтың тазша балаға деген ерекше жұмсақ, ыстық пейілінен. Тазша баланың бойынан кейде Алдар көсе, кейде Қожанасыр, кейде данышпан Лұқпан хакімнің қасиеті табылып жататыны сол себептен. Өйткені, жығылған үстіне жұдырық жұмсауға халық қарсы, ол – бір әке-шешеден айырылған бейбақ, күтімі болса, мәуелі көк өрім тал шыбықтай жас өрім ұлан.

Міне, Мағзұм Тиесов осы қағидалардың бәрін ескере отырып, «Ананың асыл арманы» ертегісінде барлық үмітті жесір ананың кенже ұлы Сырбайға артады. Басты қаһарман ертегінің соңында бұл үмітті толықтай ақтап шығады. Қазақ ертегілерін жан-жақты талдап, терең зерттеулер жүргізген көрнекті ғалым С.Қасқабасов қазақ ертегілеріндегі бала бейнесінің балалық деңгейден бірден жоғары дәрежеге көтеріліп, басты қаһарманға айналуының және оған табиғаттың тылсым күштерінің, тіпті жануарлардың да көмектесуінің, бұл мотивтің этнографиялық негізі тереңде жатқанын, көне дәуірдегі мифтік санадан бастау алатындығын, екінші жағынан көне заманғы ырымдармен, тотемдік нанымдармен байланысты[4, 217], деп көрсеткен болатын. Қалай дегенмен де танымдық мәні бар нәрселерді жас оқырманға әдеби ертегілік шығарма арқылы ұсынудың көп пайдасы бар. Ол үшін ақын- жазушы аса білімдар, ғалым, табиғат сырларынан мол хабары бар суреткер болуы тиіс. Сондықтан да болар, М.Тиесовтің балаларға арналған ертегілерінің негізгі өзегі –биік адамгершілік, яғни нағыз ұлт қаһармандарына ұқсап өмір сүруге жас буынды жастайынан баулуға ат салысу. Бүгінгі балалар әдебиетінде қиял-ғажайыпты поэзияның кеңінен өрістеуіне мүмкіндік мол. Өйткені бүгінгі ұрпақ ерекше оқиғаларға, таңғажайып құбылыстарға айрықша ықыласты. Бұл тұрғыда балалар ақындары алдындағы шығармашылық міндет – талғамы мен танымы алға озып бара жатқан өз оқырманының тілегінен табылар көркем де тағылымды шығарма ұсына білу[5, 60]. Қорыта айтсақ, еңбек сүйгіштік, білім құмарлық, қаһарман ата- бабалар өткен жолды ардақтау, солардың ерліктеріне еліктеу, туған жер, Отанды сүю, жаһандағы жалғыз анамыз – Отанды қорғауға әзір болу, дүние жүзі халықтарымен ынтымақта өмір сүріп, олардың бәрін бауыр тұту М.Тиесов шығармаларының негізгі идеясы болып табылады.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Алаш, 2004. –20-б.

  2. Нұрғалиев Р. Айдын//Қазақ драматургиясының жанр жүйесі: Монография.–10-б.

  3. Әуесбаева П. Ертегі сюжетіндегі негізгі мотив мәні.//Ақиқат, №9, 2009.–62-б.

  4. Қасқабасов С.А. Ел зерде. – Алматы, 2008.– 217-б.

  5. Аманжол Әлтай. Балаларға арналған қиял-ғажайыпты поэзия.//Ақиқат, №9, 2009. 60-б.


REFERENCES

1. Baytursynov A.B. Adebiet tanytkhyzh.– Almaty: Alash, 2004.–P.20.

2. Nurgaliyev R. Aidyn//Kazakh dramaturgiyasynyn janr guiesy: Monografya.–P.20.

3. Ayesbaeva P. Ertegy syujetyndegy negyzgy motyv many.//Akikat, №9, 2009. –P.62.

4. Kaskhabasov S.A. El zerde.–Almaty, 2008.–P.217.



5. Amanjol Altai. Balalarhga arnalhgan kiyal-hgajaiypty poezya.// Akikat, №9, 2009. –P.60.

Наралиева Рахила Турсыновна, Тойганбекова Майра Шодановна, преподаватели КазНУ имени аль-Фараби. М. Тиесов – мастер детской литературы.

Авторы статьи рассматривают творчества выдающегося казахского писателя М.Тиесова. М.Тиесов известен, как писатель детской литературы. Авторы статьи рассматривают стиль писателя, новаторство, мастерство, и художественные особенности его произведении.

Ключевые слова: детская литература, произведения М.Тиесова, национальная прозя, художественные особенности, содержание, идея
Naraliyeva Rakhila Tursynovna, Toyganbekova Mayra Sһodanovna

senior Lecturers Al-Farabi Kazakh National University.

In the article authors about discusses the work of Magzum Tiesov, which is known as the writer of children's literature. The autours considers that the children's literature, flso examines the writer's style, innovative, as master, craftsmanship, idea and artistic features of his prose's work.

Keywords: children's literature, product M.Tiesov, national prose, artistic features, content, idea

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет