Қр тжм шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті қызметі бойынша 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына талдау анықтамасы



жүктеу 102.1 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі102.1 Kb.


ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті

қызметі бойынша 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына талдау анықтамасы

Есеп беру мерзімінде облыста 939 төтенше жағдай және оқиғалар тіркелді және ол 2013 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 19%-ға артқан (2013 жылы - 763). Олардың ішінде ТЖ 72 жағдайды құрады, ол 2013 жылмен (71 жағдай) салыстырғанда 1,4% артқан. Онда 46 адам қаза болды, 2013 жылдың (63 адам) салыстырмалы кезеңінен 27% кем. Сонымен қатар 9 бала қаза болды, ол 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 жағдайға артқан.

Облыста ТЖ мен оқиғалардың басым көпшілігі өрттер болып табылады:

- 835 өрт тіркелді, 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23% артты ( 679 өрт);

- өрттерден келген материалдық шығын 92 млн. 944 мың теңгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,4 азайды (2013 жылы – 222 млн. 919 мың теңге);

- өрт кезінде қаза болғандар саны 25 адамды құрады, ол былтырғы 2013 жылмен салыстырғанда 42 % азайған (2013 жылы - 43 адам);

- жарақаттанғандар саны 39 адамды құрады, ол былтырғы 2013 жылмен салыстырғанда 39 % артқан (2013 жылы - 43 адам);

2014 жылдың 6 айында жауынгерлік іс-әрекеттер кезінше Департамент бөлімшелері 750 өртті жойды, 837 авариялық-құтқару жұмыстарын атқарды, 740 610 мың. теңгенің материалдық құндылықтарын құтқарды. 523 адамды құтқарды, оның 160-ы балалар.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату мәселелерінде Департаментпен қызметтің барлық бағыттары бойынша шаралардың үлкен кешені өткізілді. Бірінші кезекте төтенше жағдайларды жою мен алдын алу бойынша облыстық комиссияның отырысы өткізілді:

2014 жылдың 19 ақпанында күн тәртібінде:



  1. Облыстың мемлекеттік органдары, мекемлері, ұйымдарымен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментін төтенше жағдайлар мен оқиғалар жайлы жедел ақпараттандыру жайлы;

  2. Қалалар мен аудандардың су тасқынына даярлығы жайлы;

  3. Тірек гидроқұрылыстарының жағдайы жайлы;

  4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ғарыштық мониторингісін қаржыландыру мехнизмі.

2014 жылдың 25 сәуірінде күн тәртібінде:

        1. Орман және дала өрттерінен ШҚО аймағын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;

        2. Суға шомылу маусымында облыс суқоймаларындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасз ету;

        3. ШҚО тау-кен өнеркәсібі жағдайы туралы;

        4. Сел қауіпті кезеңге дайындық туралы;

        5. Мало-Ульбинка суқоймасы жағдайы туралы.

- Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Жер-2014» РКШОЖ өткізуді ұйымдастыру жайлы.

Бүгінгі күні ТЖ алдын алу мен жоюдағы мәселелі сұрақтар бойынша үкімет органдары, мекемелер, кәсіпорындларды ақпараттандыру мақсатында Департамент бөлімшелерімен 609 ақпарат, оның ішінде қалалақ және аудандық бөлімшелермен 338 қапарат дайындалды және жолданды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 186 тексеру жүргізілді, оның 5-і кешенді тексерулер. Өткізілген тексерулер кезінде өндірістік қауіпсіздік бойынша 1822 нормативті құжаттар талаптарын бұзушылықтар анықталды.

Қауіпсіздік талаптарын бұзушылыққа жол бергені үшін 62 адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 55 адам 2 289 900 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 206 бірлік жобалық материалдар қарастырылды, өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты 358 ақпарат дайындалды және жолданды, оның ішінде 150 жоғары тұрған органдарға, 24 жергілікті әкімдіктерге.

Өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша 1010 объект тексерілді. Тұрғын секторындағы өрттерді алдын алуға бағыталған шараларды өткізу мақсатында 112 940 жек тұрғын үйлер мен пәтерлерге аулалық тексерулер жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 1108 адам тартылды, оның ішінде 1039 тұлға 13 миллион 142 мың 961 теңге айыппұл төледі.

Нысандардың өртке қарсы жағдайлары жайлы 56 ақпарат мемлекеттік билік органдарына (әкімдік, прокуратура және т.б.) және жоғары тұрған ведомстволарға, шаруашылық субъектілеріне жолданды.

ШҚО ТЖД қызметкерлерімен объектілерді пайдалануға қабылдай бойынша мемлекеттік (қабылдау) комиссияларға 2017 қатысу қабылданды, оның ішінде 1860 қабылдау актілеріне қол қойылды. 329 өрт автоматика жүйесі пайдалануға қабылданды.

Анықтау органдарымен қозғалған істер:

- қылмыстық іс – 0;



  • Қылмыстық іс қозғаудан бас тартулар – 509;

  • Тергеу бойынша берілгендер– 215.

Өрт себебін анықтаумен байланысты даулы болған сұрақтар бойынша, тергеуге дейінгі тексерулер жүргізу барысында 6 өрт-техникалық және электротехникалық сараптама жасалды. ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ өрт сынақ зертханасының мамандарымен өрттер бойынша 91 зерттеулер жасалды.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындау фактілері бойынша бақылау субъектілеріне 20 тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 7 лауазымды тұлға 77784 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО суқоймаларында қайғылы жағдайларға жол бермеу мақсатында 2014 жылдың басынан мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу орындарында, мекемелер мен өнеркәсіптерде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында судағы қауіпсіздік және ережелері бойынша келесі үгіт-насихат шаралары атқарылды:

- әңгімелесулер, дәрістер– 2102, онда 56924 адам қамтылды, оның ішінде мектеп жанындағы лагерьлер мен БСЛ-де 4529 баланы қамтыған 152 әңімелесулер өтті

- судағы демалушылар және балықшылармен 659 нұсқамалар өтті

- Телебағдарламалар - 59

- бейнероликтердің шығу саны мен күні -6/16320

- Радио бағдарламалар – 10

- мақалалар, ескертпелер – 116

- «Суға шомылу кезіндегі ережелер», «Мұздағы қауіпсіздік шаралары» тақырыптарындағы плакаттар/үндеулер тарату - 478/1256 дана;

- Мұздағы, судағы қауіпсіздік шаралары бойынша бейнематериалдар -66

- ата-аналар жиналыстарына қатысу

- оқу орындарында балалардың судағы қауіпсіздігі бойынша – 67

Жылдың басынан 49 бірлескен рейдтер өткізілді.

Білім беру басқармасының әртүрлі санаттағы қызметкерлермен әртүрлі жыл мезгіліндегі судағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша 27 нұсқамалық –әдістемелік және семинарлық оқытулар өткізілді.

ШҚО ТЖД құтқару стансалары базасында суға түсу маусымының алдында «Жас құтқарушы» бағдарламасы бойынша оқушылармен тәжірбиелік сабақтар өткізіледі. Жыл басынан 98 тәжірбиелік сабақтар өтті. «Жігер» аула клубтары мүшелерімен осындай оқытулар жыл бойы өткізіледі. Жыл басынан барлығы үйірме мүшелерімен 24 жаттығулар өткізілді.

2014 жылдың 20 мамырына 20 маусым аралығында құрамында қалалық және аудандық комиссия бар Суда құтқару қызметінің мамандарымен суға шомылу маусымына даярлығына демалыс базалары, балалар сауықтыру лагерлері, қоғамдық суға шомылу орындарына тексерулер жүргізілді.

Осы мерзімде Суда құтқару қызметінің жәрдемдесуімен және жетекшілігімен Суда құтқару қоғамы суда демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіретін заттардан жаппай суға шомылу орындарындағы суқоймаларды тексерді және тазалады. Бүгінгі күні барлығы 144/23 тексеру жүргізілді, оның 84/19 дайын, 60/4 дайын емес ( мәнінде бал. сауықт. Лагерьлерінің саны көрсетілген).

Бөлімшені басшылық және жеке құрамымен тәжірбиелік өзара әрекеттесуді және жедел шеберлікті жоғарылату мақсатында жауынгерлік даярлық жоспары бойынша 53 өрт-тактикалық оқу-жаттығу және 670өрт –тактикалық оқытулар өткізілді.

Өрт сөндіру қызметінің Кәсіби даярлау мектебі 190 қызметкерді даярлап шығарды.

ТЖМЖ жүйесіндегі АҚ және ТЖ объектілік және аймақтық құрылымдары, басқарма органдарының даярлығын қолдау үшін келесі тақырыптар бойынша штабтық жаттығулар өткізілді:

- көктем мерзіміндегі ТЖ жою бойынша – 2014 жыл 29 қаңтар;

- табиғи өрттерді жою бойынша – 2014 жыл 27 наурыз;

- террористік лаңкестік кезіндегі ТЖ жою бойынша – 2014 жыл 03 сәуір

Облыс әкімінің бекіткен жоспарына сәйкес, қалалар мен аудандарда оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта барлық өткізілгендер:

Кешенді оқу-жаттығулар – 40

Командалық-штабтық оқу-жаттығулар – 164

Жеке жаттығулар – 152

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар – 128

Сейсможаттығулар – 819

Авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар – 900.

ШҚО ТЖД оқыту орталығында жоспарланған 577 адамның 476 оқытудан өтті, ол 82,5% құрайды.

Семей қаласы ТЖБ насихаттау, даярлау және оқыту бөлімінде жоспарланған 115 адамның 127 адам оқытылды, ол 110% құрайды. Облыс бойынша жоспарланған 692 адамнан барлық оқытылған адамдар саны 603, яғни 87%.

ТЖ мен оқиғалар жайлы ақпаратты жедел және сапалы өңдеу мақсатында ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелерімен және ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелер арасында өзара әрекеттесу ұйымдастырылған және тәулік бойы қамтамасыз етілген.

Мониторинг және болжау жүйесі мемлекеттік мекемелермен және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесу арқылы жүргізіледі. Облыстық болжау қызметтерімен жедел ақпараттық өзара әрекеттесу ұйымдастырылған.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен «ғарыштық зерттеу және технологиялар ұлттық орталығы» АҚ арасындағы 2014 жылдың 04 наурызындағы жасалған жоспарға сәйкес облыс аймағындағы төтенше жағдайлардың ғарыштық мониторингісі өрт жағдайлары бойынша мәліметтері 15 сәуірден бастап түседі.

ТЖ, оқиғалар, апаттар шыққан кезде немесе қаупі төнгені жайлы ақпаратпен жедел алмасу бойынша өзара әрекеттесуді ұйымдастыру үшін ШҚО ТЖД ТЖ шығуы, жою және алдын алу кезінде ақпараттық алмасуды жетілдіру және үйлестіру жайлы 19 екі жақтық келісім, 13 әрекет ету және өзара әрекеттесу жоспары, 12 регламент, 14 өзара әрекет ету нұсқаулықтары бар.

БДКҚБ тапсырылған тапсырмаларды орындау үшін қолдану үшін үнемі дайындық күйінде тәулік бойы қолданатын оргтехникамен, ақпараттарды өңдеу және беру, байланыс, хабарландыру құралдарымен жабдықталған.

БДКҚБ кезекшілік-диспетчерлік құрамының жұмыс орындары қажетті электронды, радио және өткізгіш байланыс ықұралдарымен жабдықталған. Кезекшілік-диспетчерлік қызметкерлер 5 компьютермен, 2 МФУ, 1 принтер, 1 KX-DT-333 жүйелі телефонмен, 4 СТОП телефон аппараттарымен, 3 IP телефония аппаратымен, 2 факсимильдік аппараттармен, 2 УКВ диапазонды радиостанциялармен (сандық және балама), 1 КВ диапазон, ИТ-09Т ақпараттық табломен және 1 теледидармен қамтамасыз етілген. Күштер мен құралдарды тиімді басқаруды жоғарылату үшін барлық жедел әрекет ету қызметтеріне шыға алады.

ТЖ туындаған кезде халықты орталықтандырылған хабарландыру жүйесі арқылы хабарландыру және ақпараттандыру ұйымдастырылған және қамтамасыз етілген. 2014 жылдың 1 жартыжылдығында халықты хабарландыру және хабарландыру жүйелерінің техникалық құралдарының күйін тексеру мақсатында телевизия және радио арналарына 51 рет қосылды. Теле және радио арналарына қосылу кезінде жеке компьютерден хабарландыруларды беру үшін 10 стандартты аудиофайл бар. Есеп беру мерзімінде ұялы жүйе абоненттеріне хабардар ету үшін 36 SMS-хабарландыру жолданды. айдарына 99 хабарландыру дайындалды және орналастырылды. Есеп беру мерзімінде ұялы желі абоненттерін хабардар ету үшін 36 SMS-хабарлама даярланды және жолданды. 2014 жылдың 1 жартыжылдығында «Баршаның назарына!» айдарына 130 хабарлама даярланды және орналастырылды.

Кәсіби шеберлікті, дене даярлығын және қажетті моральді-жігерлік сапасын қамтамасыз ету мақсатында спорттық шаралар маңызды рөл атқарады. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлерінің Спартакиадасында спортшылар жалпыкомандалық 3 орынды иеленді, волейбол бойынша «Динамо» ФСҚ ШҚОФ жарыстарында 2 орынды, шаңғы жарысы бойынша 2 команда қатысып, жалпыкомандалық 2 және 3 орындарды иеленді.

Қарағанды қаласында өткен Шығыс өңірі бойынша ҚР ТЖМ 6-шы қысқы Спартакиадасында жалпыкомандалық 1-ші орынды иеленсе, павлодарда өткен ҚР ТЖМ 6-шы Спартакиадасындағы финалда біздің қызметкерлер жалпыкомадалық 1 орынды иеленді. Павлодар қаласында өткен Шығыс өңірі бойынша ҚР ТЖМ 6-шы жазғы Спартакиадасында 3-ші орынды иеленді. «Казспас-2014» жиын-семинарында сидьялық бригада ретінде қатысты. ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ҚЖ кинологиялық есебі «Казспас-2014» жарысы шеңберінде бірінші орынды иеленді.

ШҚО ТЖД ардагерлер Кеңесі белсене жұмыс атқарады. Ардагерлер ұйымының қатарында 569 ардагер бар, оның 7 Ұлы Отан соғысына қатысқандар, 63- тыл ебеккерлері. 2014 жылдың 6 мамырында Жеңс Күні мен Барыл Күніне арналған Департаменттің барлық бөлімшелерінде ардагерлерді шақырумен мерекелік шаралар өтті.

Шекаралас ТЖ алдын алу мен жою мәселелерінде өзара әрекеттесуді дамыту, көршілес ынтымақтастықты нығайту мақсаттарында 2014 жылдың 17 наурызы мен 21 наурызы аралығында ШҚО ТЖД –да Алтай Өлкесі бойынша Ресей ТЖМ ББ өкілдерімен қызметтік кездесу өтті.

Жұмыс сапары барысында бірлескен құжаттарға келісу мен түзетулер енгізу бойынша жұмыстар атқарылды.

Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу мен жою саласында 2014 жылдың 25 сәуірінде шекаралас сипаттағы орман және дала өрттеріне ден қою бойынша бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

Төтенше жағдайлар саласындағы үгіт және насихат жұмыстарын жүргізу Департамент қызметінің басты бір бөлігі. Барлығы өткен мерзімде 1298 сөз сөйлеу, соның ішінде: радиодан – 543 материал (2013 ж - 755) , телеарнадан – 219 бейнематериал (2013 г - 198), баспасөзден 536 мақала (2013 г - 519).

2005 жылдан ШҚО ТЖ департаментінде ведомстволық веб-сайты www.vkogps жұмыс істейді. 2014 жылдың 13 маусымынан Семей қаласы ТЖБ «Өрт сөндірушімен» бірлесіп ведомстволық «Спасатель Семея» атты газетін шығарды.

2014 жылы ТЖ министрлігінің және облыстық әкімдіктің қолдауымен «Қазақстан-Өскемен» арнасында, сонымен қатар облыстық кабельді жүйесінде (КТВ-6, 31 арна Семей, Алва ТВ, Зырянвск ТВ телеарналарында) маусымды ТЖ алдын алу бойынша бейнероликтерді үнемі көрсету ұйымдастырылды.

ТЖ кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша халыққа арналып 100000 дана «Апатқа қарсы бірлесіп» атты жаднамалар, 3000 дана «ТЖ кезінде хабардар ету» плакаттары, 6000 дана «Бақылау функцияларын анықтау кезіндегі сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтар», «Өрт шыққан кездегі іс-әрекеттер» плакаты 3000 дана, тұрғын секторына арналған ұсыныс-түбіртектері- 2 түрі 200 000 дана.

Twitter мен YouTube аккаунттарында тіркелген. Twitter-ге 465 жазылды және YouTube-қа 77 жазылды, сондай-ақ Mail Ru-агентке 15 журналист тіркелді.

Балалармен жұмыс атқаруға үлкен назар аударылады.

2014 жылдың басынан 12 сабақ ұйымдастырылды. Бір мезгілде орташа облыстың 30 мектебінен 1600 бала қамтылды.

Өскемен және Семей қалаларының ӨТО-мен бірлескен жұмыс белсенді атқарылды. Өткен кезеңде 68 экскурсия өткізіліп, онда 1500 астам адам қамтылды.

Мамыр айында өрт қауіпсіздік тақырыбына флеш-моб жастар жобасын ұйымдастыру мен өткізу бойынша зор жұмыс атқарылды.

«Жас құтқарушылар мектебі» командасы РФ Сочи қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысып жатыр.

Жазғы каникулдың басталуымен балалар арасында ТЖ алдын алу бойынша мектеп және қала сыртындағы лагерьлердегі жұмыстар белсене атқарылып жатыр.



Осылайша, төтенше жағдайларды алдын алу мен жоюға бағытталған жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқарылған шаралар кешені халықтар үшін ТЖ келеңсіз салдарын азайту бойынша стратегиялық мақсатқа жетуіне мүмкіндік туғызды. Облыста ірі және резонансты ТЖ орын алған жоқ, жылумен қамтамасыз ету объектілері апатсыз жағдайда қолданылды, ТЖ мен оқиғалардан адам өлімі мен материалдық шығындардың жалпы азайуына қол жеткізілді.

ШҚО ТЖД



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет