Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет118/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БӨБЕКЖАЙДАН БАСТАЛАДЫ 
 
Убишева Айжан Султановна 
№ 49 «Ақ Ниет» бөбекжайы МҚКК директоры 
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы  
 
Мақсатқа  жету  үшін  біздің  санамыз 
ісімізден  озып  жүруі,  яғни  одан  бұрын 
жаңғырып отыруы тиіс.   
                                             Н.Ә.Назарбаев 
 
  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Рухани  жаңғыру: 
Болашаққа бағдар» атты бағдарламасында  «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ 
басты.  Біздің  мақсатымыз  айқын,  бағытымыз  белгілі,  ол  –  әлемдегі  ең 
дамыған  30  елдің  қатарына  қосылу.  Мен  еліміз  мықты,  әрі  жауапкершілігі 
жоғары  Біртұтас  Ұлт  болу  үшін  болашаққа  қалай  қадам  басатынымыз 
және  бұқаралық  сананы  қалай  өзгертетініміз  туралы  көзқарастарымды 
ортаға салуды жөн көрдім»-деген болатын. [Айқын, 1-бет]  
Білімге  ұмтылу,  жақсыға  үйрену,  жаманнан  жиренуді  ата-бабаларымыз 
айтып  кеткен  болатын.  Бұл  енді  ұлттық  идеологиямызға  айналып  отыр. 
«Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. 
Алға  басу  үшін  ұлттың  дамуына  кедергі  болатын  өткеннің  кертартпа 
тұстарынан  бас  тарту  керек»  деп  мақаласында  қадап  айтты  Мемлекет 
басшысы.  [Айқын,  2-бет]    Ал  ұлттың  рухани  коды  дегеніміз  не?  Ол  –  сан 
ғасырлық  тарихи  тамырымыз,  мирас  болып  келе  жатқан  атамұра  төл 
өнеріміз,  өзге  елден  ерекшелеп  тұратын  салт-дәстүріміз,  әдет-ғұрпымыз, 
тілдік ерекшелігіміз  бен діни ұстанымымыз, білім-ғылымымыз бен қоршаған 
ортамыз.  
 Елбасы халқының тағылымы мен мол тарихын, ұлттық салт-дәстүрлерін 
алдағы  өркендеудің  берік  діңі  ете  отырып,  әрбір  қадамын  нық  басуын, 
болашаққа  сеніммен  бет  алуын    мақсат  қылды.  Бұл  ретте,  тұтас  қоғамның 
және  әрбір  қазақстандықтың  санасын  жаңғыртудың  бірнеше  бағытын 
дайындады. Атап өтетін болсақ: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет