381
БАЛАНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН
ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Маникеева Асель Сагинтаевна
Алматы облысы, Жамбыл ауданы
«Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп және МЖИ» КММ
мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің
басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап
айтылған. [1] Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі
мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «
Мұғалім көп әдісті білуге
тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы
керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім
беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана
жоғары жетістіктерге жетеді. [2] Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін,
күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе
алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі
және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін,
оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы
іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.
Сондықтан да мектеп алды даярлық топта мен әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-
тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруда
логикалық тапсырмалар пайдаланам.*
Мектеп алды даярлық топ балалардың логикалық ойлауын дамытудың
негізгі кезеңі. Бұл кезде балалардың ойлары нақты – бейнеліден абстрактылы
– логикалық ойлауға қарай дамиды. Логикалық тапсырмалар орындатудың
маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз
бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай - ақ балаларды икемділік пен
шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады. [3]
Баланың жас ерекшелігін ескере отырып сабақта түрлі логикалық
тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың
шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру менің
мақсатым.
«Логикалық тапсырмалар» баланың жас
ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.
Теориялық
білімдерін
кеңейтіп,
оны
практикада қолданылуына ықпал етеді.
Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс
жасауына мүмкіндік береді. Логикалық
тапсырмалар
баланың
интеллектуалдық
деңгейін
көтереді. Оқу
материалын
балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас
ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана,
383
Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын
түрінде ұйымдастыра отырып,
баланың логикалық ойлау қабілеттін
арттыруға жағдай жасау негізгі міндет.
Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып,
білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға
жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп,
орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына
мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние
танымы
кеңейген,
сөйлеу
тілі
жақсы
қалыптасқан,
болашаққа
қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Баланың
ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-
тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету
және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің
дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер
айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма,
сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);
Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел,
логикалық есептер, қалжың есептер).
«Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен
қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы.
Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне
байланысты таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ
оқушылардың ойларын ұштайды.
Достарыңызбен бөлісу: