Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет91/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

“Тәрбие басы – тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей 
өсиет еткен. 
Жеке  тұлғаны  ұлттық  құндылықтар  арқылы  тәрбиелеуде  алдымен 
төмендегідей мақсаттар қойдым. 
-    Өз  халқы  оның  мәдениеті  мен  дәстүрлерін  мақтаныш  тұтатын 
Қазақстан азаматын тәрбиелеу. 
-    Жалпы   адамзаттық  негіздер  мен  құндылықтарды  құрайтын  саналы 
көзқарастары мен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу. 
-   Қазақстан  Республикасының  азаматын  тәрбиелеудің  үлгісіне  сәйкес 
этнопедагогика,этнопсихоголия,  этномәдениет  негізінде  тәрбие  үрдісін 
ұйымдастыру. 
-  
Оқушыларды 
табысты 
іс-әрекетте 
бағыттау, 
олардың 
шығармашылығы мен білім құмарлығын дамыту, қолдау. 
Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеуде, 
халық  ауыз  әдебиетінің  қарапайым  үлгілерін  біртіндеп  күрделенуіне  қарай 
таңдап  алдым.  Тұлғаның  рухани  дүниесіне  әсер  ете  отырып,  ең  алдымен 
әдептілігіне  аса  назар  аудардым.  Өйткені  әдептілік-халқымыздың  ұлттық 
психологиясының  өзегі,  оның  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  барысында 
«әдеп»,  «әдептілік»  деген  түсініктер  төңірегінде  ұйымдастырған  мақал-
мәтелдер  сайысы,  ұлттық  ойындар  игі  нәтижесін  көрсетті.  Тұлға  бойында 
қайырымдылыққа  баулып,  жанашырлық,  аяушылық  сезімдердін  туғызып 
тәрбиелеуде  ертегілер  рөлі  жоғары.  Себебі  ертегі  халық  ауыз  әдебиетінің 
құрылымы жағынан алғанда қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға 
жетпес  аса  қымбат,  көркем  туынды  болып  есептеледі.  Ертегілерді  оқыту 
көріністер  даярлау  арқылы  тұлға  бойында  сөз  байлығының   баға  жетпес 
інжу-маржанын жинап, қиялына қанат бітіріп, өсіп-жетілуіне қажет нәрсенің 
мол  қорын  алдым.  Тіл  білімінің  атасы  А.Байтұрсынов  «Қандай  сәулетті 
сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі 
ән-күй болсын - сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге  болады. Бұл өзге өнердің 
қолынан  келмейді.  Ал  басқа  өнердің  бәрінің  де,  қызметін  шама  шарқынша 
сөз өнері атқара алады» деген. 
  Еліміздегі  бүгінгі  оқушылар  нарықтық  реформа  және  өзгеден 
қоғамдық  қатынастар  жағдайында  өскен  ұрпақ.  Ұлттық  құндылықтар  бұл 
жастардың  құндылық  бағыттылығына  қалай  да  болса  бір  әсерін  тигізеді. 
Қазіргі  ұстазға  қойылған  негізгі  талап  бала  санасында  қай  кезде  де  сапалы 
білім алдыңғы қатарлы әлеуметтік құндылық болып есептелетінін сезіндіру. 
Сапалы  білім  алу  мен  ұлттық  құндылықтарды  сіңіру  арқылы  ғана  өзгеріп 
жатқан  өмір  жағдайларына  дағдыландыру.  Қазақ  халқының  поэтикалық 
өнерінің  бала  бойында  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  қалыптасуына 
ықпалы  мол.  Балалардың  әсемдікке,  сұлулыққа  деген  көзқарасын 
қалыптастыруда  Абай  өлеңдерінің  рөлі  ерекше. «Қуатты  ойдан  бас  құрап, 
еркеленіп  шығар  сөз»  деп  ұлы  ақынның  өзі  айтқандай,  ақынның  өлеңдері 
туған  жердің  сұлу  табиғатын,  қазақ  ауылының  көріністерін,  ақ  көңіл  ауыл 


186 
 
адамдар  бейнесі  сан  алуан  сезімдерімен  ұласып  отансүйгіштік   қасиеттерін 
қалыптастырады. 
 Ендеше,  бүгінгі  таңда  белең  алған  жастар  арасындағы  келеңсіз 
жайттардан  арыламыз  десек,  ұлттық  тәрбиеге  баулитын  салт-дәстүріміз  бен 
әдет-ғұрпымыздың  маңызының  тереңде  екендігіне  көз  жеткіземіз.  Жалпы 
баланы   қадір-қасиетін  жоймаған  салт-дәстүрлермен,  әдет-ғұрыптармен, 
жыраулық қисса-дастандар, шешендік және нақыл сөздермен, эпостық және 
батырлар жырымен, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуге де 
болады. 
Халықтың  мақсат-мүддесінен,  арман-тілегінен,  ізгі  ойларынан,  талап-
тілектерінен  пайда  болған  тәрбие  нақыштары  барша халыққа  ортақ, оларды 
тәрбиелеудегі  бірден-бір  баға  жетпес  құралы  болмақ.  Жер  бетіндегі  әр 
халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл мұралары бар. Ол – халықтың рухани 
қазынасы.  Рухани  қазына  ата-бабамыздың  мұрасы,  тәрбиесі,  бір  сөзбен 
айтқанда жан дүниесіндегі адамгершілік құндылықтары. 
    Қазақстан  Республикасының  жаһандану,  рухани  жаңғыру  сипатын 
дамыту  жолында,  қоғам  алдында  ұрпақты  заман  талабына  сай 
интеллектуалды,  жоғары  мәдениеттілігі  имандылықпен  ұштасқан  ұлтжанды 
етіп  тәрбиелеу  жолын  дұрыс  жолға  қою  міндеті  тұр.  Елбасы  Н.Назарбаев 
«Кешегі  бабамызбен  ғана  емес,  бүгінгі  бағамызбен,  ертеңгі  шамамызбен  де 
мақтана  алатын  ұлт  болуды  ойлауымыз  керек»  - деп нақтылағанындай,  ата-
бабамыздан  қалған  ұлттық  тәлім-тәрбиені  болашақ  ұрпаққа  ұғындырып, 
түсіндіруді мақсат тұтқанымыз жөн. Этномәдени дәстүрлеріміздің өткені мен 
бүгінгісін  саралап,тәрбие  беретін  тиімді  жолдарын  қарастыра,қолға  алуды 
ойластыру  ұлттық  мәдениетіміздің  өркендеуіне  қосар  үлесіміз  болар  еді. 
Ә.Табылдиевтің  сөзімен  айтсақ:  «Ұлттық  тәрбие  ұлттық  мәдениетті 
өркендетудің  бірден-бір  жолы  болып  табылады.  Ұлттық  салт-сананың 
үрдістері  рәсім,  рәміз,  кәде,  жөн-жоралғы,  ырым,  тыйым  тағы  басқа  өмір 
қолданыстары  арқылы  іске  асырылады  да,  ұлттық  болмыс  пен  ұлттық 
мәртебенің  мәдени-рухани  деңгейі  өмірден  көрініс  табады.  Ұлттық  тәрбие 
осылай  өз  нәтижесін  береді»,-деп,  ұлттық  тәрбиенің  қажеттілігіне  түсінік 
береді.  Атадан  балаға  сан  ғасырлар  бойы  мұра  болып  жеткен  салт-
дәстүрлеріміздің  халық  педагогикасында  жастарға  саналы  тәрбие  беруде 
таптырмас  құрал  болатынына  ешкім  де  шүбә  келтіре  алмайтыны  анық. 
Өйткені, туған халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тіршіліктің сан алуан 
қағидалары,  салт-дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптарынан  алыстап  бара  жатқан 
кейбір бүгінгі ұрпақ үшін маңызы айрықша болмақ. 
 Болашақта  гүлденген  Қазақстанның  одан  ары  қарай  қарыштап 
өркендеуінің  негізгі  тұтқасы  болатын  демократиялық  қоғамды  құратын 
парасатты,бiлiмдi  тұлғаларды  дайындауда  жастар  арасында  ұлттық  тәлiм-
тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру  аса  маңызды.  Озық  жетiстiктерге 
негiзделген  бiлiм  нәрiмен  қатар,  ұлттық  тәрбие  құндылықтарын  бойына 
сiңiрген  ұрпақтар  ғана  ұлт  тағдырын  тереңiнен  таразылап,  болашағын 
барынша  болжайтын  тұлға  ретiнде  танылатыны  ақиқат.  Қазақ  елі  –  салтқа, 


187 
 
дәстүрге,  ырым  мен  тыйым,  әдет-ғұрыптарға  өте  бай  халық.  Халқымыз 
олардың әрқайсысының өзіндік орны, ерекшелігі бар екенін ескере отырып, 
қажетіне  қарай  пайдаланған.  Ол  бізді  басқа  халықтардан  оқшаулап, 
айшықтап,  ерекшелеп  тұратын  халықтың  жүрегі,  тамыр  соғысы  тәрізді.  Ол 
тоқтаса  халықтың  өмір  сүруі  де  тоқтайтыны  белгілі.  Дәуірлер  бойы 
қалыптасып,  дамып,  жаңару  үстінде  келе  жатқан  салт-дәстүр,  әдет-
ғұрпымыздың  көмескіленіп,  қолданудан  шыққан  немесе  шыққалы  тұрған, 
жаңадан  енген  тұстарын  ашу  және  заманға  сай  қолданысқа  енгізу  жағын 
қарастыру – өте керек дүние. Сол себепті, ғасырлар қойнауынан келе жатқан 
асыл  қазынамызды  тәрбие  үрдісінде  дұрыс  қолдана  білуде  осы  тәріздес 
тағылымы  мол  тәрбиелік  құралдарды  пайдаланып,мәдени  орындар  мен 
тәрбие беретін оқу орындары да көптеп қолға алса екен деген ой мазалайды. 
Әсіресе,  қазіргі  жаһандану  дәуірі  өрлеп  тұрған  тұста  елдігімізді  сақтап, 
мемлекеттігімізді нығайту, ұлттығымызды көркейту үшін дәстүрге бай қазақ 
халқының  жас  ұрпаққа  ұлттық  рухтағы  тәрбие  беру  мәселесі  қашан  да  ең 
басты  орында  тұруға  тиіс.  Қазақи  қасиеттеріміз  бен  салт-дәстүр,  әдет-
ғұрпымыз  арқылы  жастардың  жүрегін  тербей  отырып,  ой-санасын 
адамгершілікке, парасаттылыққа, адалдыққа, рухани ізгі қасиеттерге баулып 
өсіруге  бағыт-бағдар  беретін  оқу  орындарында  тәрбиелік  орны  ерекше 
болатыны 
даусыз. 
          Жастар – Қазақстанның болашағы десек, яғни, бізді басқа халықтардан 
ерекшелейтін  тектілігін,  дарындылығын,  дархандығын,  қонақжайлығын  ары 
қарай қалыптастыра отырып, жоғарыда талданған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар 
арқылы  сол  құндылықтарды  құрметтеуге,  өз  ана  тілінің  мәртебесін 
арттыруға,  тарихын  тереңнен  біліп,  дінін,  ділін  берік  ұстануға  тәрбиелеуде 
және осы тәріздес халқымыздың асыл қазыналарын сақтауға, сонымен бірге 
қорғауға  үйретуді  біз  тек  сәби,  мектеп  кезінде  ғана  оқытып  қоймай,  ары 
қарай  арнаулы  орта,  жоғары  оқу  орындарында  да  оқытуды  негізге  алуы 
керек-ақ.  Мұндай  қолға  алынатын  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптар  арқылы 
тәрбиелеу  шараларының  нәтижесі  –  қоғамда  қазір  кең  етек  алатын  әр  түрлі 
кінәраттарға тосқауыл жасап, дөрекіліктер мен қатыгездіктен тыйылуға және 
әдептіліктің бойға даруына ынталандыратын тиімді тәсілі болмақ. 
  Ұлттық тәрбиедегі адам баласын тәрбиелеудегі маңызы мен мәні салт-
дәстүрлік 
нақыш 
тұрғысынан 
сараланып, 
тәжірбиелік 
қырымен 
байланыстыра 
талданылады.  Ата-баба 
мұрасындағы 
салт-дәстүрдің 
қолданылу  аясы  мен  пайда  болу  негізін,  тәрбиелік  мәнін  білу  жастарды  өз 
елінің ұлттық қадір қасиетін терең меңгеруге септігін тигізеді. 
      Ұлттық сана-сезімді жастарға өз ұлтының әлеуметтік мәнін түсінуі, 
ұлтаралық  қатынастарда  қандай  жағдайға  ие  екендігін,  жалпы  адамзат 
дамуында қандай үлесі бар екендігін ұғындыра отырып, әрі өзге халықтармен 
бірдей  бостандықта  өмір  сүруін  және  т.б.  жағдайларды  жете  түсіндіру 
қарастырылады.  Сонымен  бірге,  қазір  жаһандану  жағдайында  жастардың 
мінезінде  бұзылу  қаупі  бар,  олардың  бірсыпырасының  әрекеттері  ұлттық 
психологиядан  ауытқып  бара  жатқандары  байқалады.  Сезім  адамның 


188 
 
тіршілік  қажетіне,  өзара  қарым-қатынасына  байланысты  түрлі  формада 
көрінетінін  сезіндіріп,  оның  түрлерін,  ұлттық  сезімді,  адамның  бір-біріне 
деген  сүйіспеншілік  сезімдерін  жастарға  кең  түрде  мағлұмат  бере  отырып 
тәрбиелеу 
қарастырылады. 
             Көңіл-күй  адамның  барлық  толғаныс  тебіреністері  мен  әрекетіне  өң 
беретін біршама ұзақ эмоциялық күй екендігі белгілі. Жалпы, қазақ халқына 
тән  өзіндік  көңіл-күйдің  қыр-сырларына  жете  тоқталып,  оның  басқа 
халықтардан ерекшелеп тұратын қасиеттерін ашып көрсету қарастырылады.        
Жастардың ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғалық 
дамуының  негізгі  параметрлері  –  оның  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға 
бағытталуы,  ізгілік,  зиялылық, белсенділік, жеке  басының намыс  сезімі,  ой-
пікіріндегі  тәуелсіздігі  т.б.  тұлғалық  кәсіби  сапаларды  түсіндірумен  қатар, 
оның әлеуметтік деңгейі мен біліктілігін қалыптастыратын сапалардың мәнін 
ашу.  Әр  адамды  басқалардан  айқындап,  ерекшелеп  тұратын  жеке  болмыс-
бітімінен  бөлек,  тұлғалық  ерекшеліктері  болады.  Ондай  ерекшеліктерге 
сенім,  дүниетаным,  мұрат,  бейімділік,  қызығу,  түрткі,  қабілет,  талғам, 
көзқарас  тағы  басқа  қасиеттер  жатады.  Ұлттық  өзіндік  сана  ұлттық 
дүниетанымға  негізделеді.  Ал,  ұлттық  дүниетаным  дұрыс  таным-түсінік 
арқылы  өріс  жайып,  ұлттық  дәстүр  арқылы  өз  болмысын  танытады.  Өз 
ұлтыңа  деген  құрметтің  көрсеткіші  –  ұлттық  сана-сезімнің  қалыптасу 
деңгейіне байланысты.  Жастарға ұлттық  сана  төмен болса,  халық халықтық 
қасиетінен айрылып, мылқау тобырға айналатынын түсіндіре отырып, оның 
алдын алу жайы және оны болдырмауға тәрбиелеу көзделеді. 
  Бүгінгі  таңда біздің  еліміздің  көркейіп, өркениетті  елдердің  қатарына 
қосылып,  халықаралық  деңгейге  шығуымыз  үшін  ұлтжанды,  отансүйгіш 
ұрпақ  тәрбиелеуіміз  қажет.  Басты  міндетіміз  –  рухани  және  әлеуметтік, 
адамгершілік  дүниесі  бай,  жаңашыл,  шығармашылық  ойлау  қабілеті  мен 
ұлттық  дүниетанымдық  мәдениеті  жетілген  зерделі  тұлға  қалыптастыру. 
Сондықтан 
да, 
Отанымыздың 
болашақ 
дамуына 
үлес 
қосатын 
ұлтжандылыққа,  отансүйгіштікке  тәрбиелеу.  Ұлтжандылық  дегеніміз  – 
адамның  өзінің  араласқан  белгілі  бір  саяси,  мәдени  және  әлеуметтік 
ортасына,  Отанына  деген  аса  терең  сезімі.  Ұлтжандылыққа  тәрбиелей 
отырып,  жастардың  азаматтық  санасын  қалыптастыру,  оқушылардың  саяси 
білімдерін  жетілдіруге,  өз  азаматтық  құқықтары  мен  міндеттерін,  туған 
жердің,  өскен  елдің  табиғатын  аялай  білу  сезімін  қалыптастыра  білуге 
тәрбиелейміз. 
 Отансүйгіштік-азаматтық  санамен  қалыптасатын  қасиет.  Жастардың 
азаматтық  санасын  біліммен  қаруландыра  отырып,  аға  ұрпақтың  қалдырған 
мәдени-тәлім  мұраларынан  сусындаған,  туған  жері  мен  елінің  рухани-
материалдық,  мәдени  құндылықтарын  бойына  сіңіре  отырып,  ақыл  мен 
парасаттылығы  жетілген,  ұлтжанды,  саналы  азаматты  тәрбиелеу  жолға 
қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет