Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет126/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер:  
1.  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  // 
мақала. 21  сәуір 2017ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 


277 
 
 «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ 
ГЕОГРАФИЯСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКСПЕДИЦИЯ 
     
Аубакиров Бауыржан Сердалиевич 
Астана қаласы, №21 орта мектебі  
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
    
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру» атты мақаласы ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер айқын жолын 
көрсеткен  тарихи  құжатқа  айналды.  Сана  сезімі  биік,  дүниетанымы  мол, 
парасаттың,  мәдениеттің,  салт-дәстүрдің  құндылығын  түсінген  адамға  бұл 
мақалада  ұлттың  алдағы  кезеңдегі  жүріп  өтер  бағыт  жолы  айқындалған. 
Рухани  мәселе  адамның  санасын  күрт  өзгерту,  сайып  келгенде,  қоғам 
жаңғыруының ең күрделі, ең қиын саласы. 
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіз  мемлекет  мәртебесіне  ие  болуы, 
білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы 
жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан 
Республикасының  орта  білімді  дамыту  тұжырымдамасында  «Тәрбие 
үрдісінде  қазақстандық  патриотизм,  гуманизм,  адамгершілік  идеяларын 
қалыптастыру  негізінде  құру  керек»  деп  баса  көрсетті.  Бала  бойына 
адамгершілік  тәрбиесін  сіңіру  мақсатында  жалпы  педагогтардың  іс-
тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі 
жаһандану  үрдісінде  елімізде  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу  басты 
назарда  болып  отыр.  Ал  адамның  жан  қазынасын,  адамгершілік  болмысын 
қалыптастыруда  кей  адамдардың  түрлі  жағдайлармен  бір-бірін  түсінбеуі  де 
сіз бен бізді толғандырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның 
мүшесіміз.  Иә,  бұның  бәрі  шындық  десек  артық  болмас.  Бәсекеге  қабілетті 
ұрпақты  жан-жақты  қылып  тәрбиелеу  үшін  алдымен  жан  қазынасының 
негіздерінің  бірі,  сенімділік  пен  шындықтың  бастауына  үңілу  керек  шығар. 
Оқыту,  білім  беру,  тәрбиелеу  -  баланың  ішкі  жан  –  дүниесінің  біртіндеп 
дамуына  әсер  ететін,  түрткі  болатын,  жағдай  жасайтын,  оларды  іске 
асыратын  сыртқы  факторлар  екені  анық.  Еліміздің  ертеңі,  ұлтымыздың 
болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім.    
Олардың  қамын  ойлау  баршамыздың  парызымыз.  Кез-  келген  мектептің 
мақсаты  мен  мұраты  өркениетті  елдердің  қатарынан  көріну,  жер  мен  су 
байлықтарын  ысырапқа  салмай  игере  білетін  ұрпақ  тәрбиелеу.  Ол  үшін 
бүгінгі  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  бере  отырып,  елдің 
өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін 
етене  таныстыру  қажет.  «Тәрбиесіз  берілген  білім  адамзаттың  қас  жауы, 
келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие» - деп 
Әл-Фараби  айтқандай,  педагогика  ғылымының  зерттейтін  негізгі 
мәселелерінің бірі - тәрбие. 
      
Елбасы  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласында 
«Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы»  жобасын  жүзеге  асыруды 


278 
 
жүктеген  болатын.          Осыған  байланысты,  «Қасиетті  Қазақстан»  ғылыми-
зерттеу орталығында үлкен жобаны жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобы мен 
сараптамалық кеңесі құрылып, жұмыстар атқарылуда.
 
Сарапшылар кеңесінің 
ғалымдары  мен  өлкетанушылардың  пікірлері  негізінде  «Қазақстанның 
жалпыұлттық қасиетті орындары» жобасына республика бойынша 100 нысан 
енгізілді. 
     
 Жоғарыда  аталған  жобаны  іске  асыру  мен  үшін  үлкен  мәртебе.  Ұстаз 
ретінде  аталған  жоба  тәрбие  процесіне  тікелей  байланысы  бар  екендігін 
сезіне отырып мектеп оқушыларымен үлкен жұмысты бастадық. 2017 – 2018 
оқу  жылының  жазғы  демалыс  уақытында  Астана  қаласы  әкімдігіне  қарасты 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  туризм  және  өлкетану  орталығының 
қаржыландыруымен  қаламыздың  14  мектебінің  оқушыларынан  құралған 
экспедициялар  Қазақстанның  түпкір  –  түпкіріне  тарих  сырларын  біліп  тану 
мақсатында  экспедицияға  аттандық.  Осы  мақсатты  көздеп  9  –  19  шілде 
аралығында  №21  Орта  мектебінің  оқушыларынан  құралған  «Мәңгілік  Ел» 
экспедициялық 
тобы 
«Рухани 
Жаңғыру» 
бағдарламасы 
аясында 
«Қазақстанның  қасиетті  жерлерін  –  киелі  жерлеріне»  атты  қасиетті  мекен 
Маңғыстау  облысына  экскурсия  жасады.  Экспедицияның  мақсаты: 
Елбасымыздың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  іске 
асыру, елдің, өлке тарихын түсіндіру, ұғындыру, зерттеу, рухани азық алып, 
тарихи  білімдерін  жетілдіру,  ішкі  туризмді  дамыту,  елге,  Отанға  деген 
патриоттық  сезімдерін  қалыптастыру.  Экспедиция  құрмында:  5-9  сынып 
оқушы  аралығындағы  8  оқушы  және  топ  жетекшілері  балалар  мен 
жасөспірімдер  туризм  және  өлкетану  орталығының  әдіскері,  тәрбие  ісі 
жөніндегі орынбасары Маңғыстау өңіріне аттанған болатынбыз.  Маңғыстау 
өңірінен  «Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясына»  15  нысан  енген 
болатын.  Олардың  қатарында  Шопан-ата,  Шақпақ-ата,  Масат-ата,  Қараман-
ата,  Сұлтан-үпі  орта  ғасырлық  жерасты  мешіттері,  Бекет-атаның  мешіттері, 
кіші жүздің батырлары, билері мен ру басылары жерленген пантеон - Сисем-
ата қорымы, «Адай-ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені, ЮНЕСКО-ның 
алдын-ала  есепке  алу  тізімінде  тұрған  орта  ғасырлық  «Қызылқала 
қалашығы»,  Форт-Шевченко  қаласындағы  Т.Г.Шевченконың  мемориалды 
кешені.  
  
   Қорыта  келгенде  экспедиция  тобы  алға  қойған  мақсатына  жетті. 
Маңғыстау  өңірімен  танысу  біз  үшін  ұмытылмас  үлкен  әсерін  тигізді. 
Өңірдің тарихын, мәдени кешендерін зерттеу және танысу жасөспірімдердің 
алғы  шарттарының  бірі  болып  табылады.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласы  мектептегі  оқу  –  тәрбие 
процесіне өз ықпалын тигізді.   
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет