Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет139/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер:  
1.  Алпысқызы Сара. Өмір әдебі: Әдеби эссе,толғаныстар-Алматы,2003 
2.   «Өзін-өзі  тану»  пәнінің  Қазақстан  республикасы  жалпы  орта  білім  беру 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы – 2006 ж 
3.  Р.Сламбекова «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың кейбір мәселелері. Мектеп 
директоры. 2004.№2. 
4. 
Р.С.Сарсенова  «Өзін-өзі  тану»  бағдарламасы  адамгершілік-рухани 
құндылықтардың  қайта  даму  жолы  ретінде.  Педагогика  мәселелері.  2009 
ж.  №1.
 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ 
ДАМУЫ 
 
Қазыбай Ақдәурен Магаданқызы 
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы 
 Т.Айбергенов атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі 
 
        Адамгершілік  азамат  қоғамының  даму  тарихы  арқылы  қалыптасып, 
әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, жетіледі. Сондықтан 
да  адамгершіліктің  мәнін  абстрактылы  түрде  қарап,  оны  адамдардың 
табиғатымен,  биологиялық  ерекшелігімен  ғана  байланыстыруға  болмайды. 
[3]  
        Азамат 
тарихында  адамгершілікке  байланысты  пайда  болған 
категориялар:  жомарттық,  батырлық,  ерлік,  әділдік,  қарапайымдылық, 


329 
 
кішіпейілдік,  адалдық,  шыншылдық,  ұяттылық,  ар  мен  намыс  т.б.  Бұлар 
сонау  көне  дәуірден  басталып,  күні  бүгінге  дейін  өз  маңызын  жоғалтпаған 
ішкі  рухани  адамгершілік  дүниесінің  негізгі  формалары  –  үміт,  сенім  және 
махаббат үнемі даму үстінде болады. [1] Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған 
көшет  кезінде  көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете 
алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан 
ізгілік,  мейірмділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді 
сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар маңызды роль 
атқарады. Рухани- адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол 
үлкендердің, ата-аналардың ұстаздардың балаларға белсенді ықпалын, екінші 
жағынан-  оқушылардың  белсенділігін  қамтитын  қылықтарынан,  сезімдері 
мен қарым- қатынастарынан көрінеді.  
         Адамгершіліктің  негізгі  мінез-  құлық  нормалары  мен  ережелерінен 
тұрады.  Ол  адамдардың  іс-  қылықтарынан,  мінез-  құлықтарынан  көрінеді, 
моральдық  өзара  қарым-  қатынастарды  басқарады.  Отанға  деген 
сүйіспеншілік,  қоғам  игілігі  үшін  адам  еңбек  ету,  өзара  көмек,  сондай-ақ 
қоғамға  тән  адамгершіліктің өзге  де  формалары,  бұл-  сананың  сезімдерінің, 
мінез- құлық пен өзара қарым- қатынастың бөлінбес элементтеріне, олардың 
негізінде  қоғамыныздың  қоғамдық-  экономикалық  құндылықтары  жатады. 
[2]  
           Баланың  өмірге  белсенді  көзқарасының  бағыты  үлкендер  арқылы 
тәрбиеленеді.  Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу  күнділікті  өмірде, 
үлкендердің  қолдан  келетін  жұмысты  ұйымдастыру  процесінде,  ойын  және 
оқу  ісінде  жоспарлы  түрде  іске  асады.    Руханилық  жеке  тұлғаның  негізгі 
сапалық  көрсеткіші.  Руханилықтың  негізінде  адамның  мінез-  құлқы 
қалыптасады, ар- ұят, өзін- өзі бағалау және адамгершілік саналары дамиды. 
Мұның  өзі  мейірімділікке  шақырады.  Қай  заманда  болмасын  адамзат 
алдында  тұратын  ұлы  мұрат-  міндеттерінің  ең  бастысы-  өзінің  ісін,  өмірін 
жалғастыратын салауатты, сапалы ұрпақ тәрбиелеу.  
          Қазақ  халқының  әлеуметтік  өмірінде  үлкенді  сыйлау  ұлттың  дәстүрге 
айналған.  Халқымыздың  тәлім-  тәрбиелік  мұрасына  үңілсек,  ол 
адамгершілікті,  қайырмдылықты,  мейірбандықты  дәріптейді.  Оқушыларды 
иманлыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірмділік, 
қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық қөрсету, адалдық, ізеттілік сияқты, 
қасиеттерді  бойына  сіңіру  қажет.  Баланы  үлкенді  сыйлауға,  кішіге  ізет 
көрсетуге,  иманды  болуға,  адамгершілікке  баулу  адамгершілік  тәрбиесінің 
жемісі.  
        Қазіргі  кезде  өсіп  келе  жатқан  ұрпақты  тәрбиелеуде  қойылған 
мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор 
бола  білетін,  жан-  жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Осы 
мақсатты жүзеге асыруды «Бөбек» қорының призиденті Сара Алпысқызының 
«Өзін- өзі тану» біздің кәсіптік лицейде пән ретінде енгізілген. Бүгінгі таңда 
мемлекеттік  тілде  және  орыс  тілінде  оқытылатын  топтарда  «Өзін-өзі  тану» 
пәні 
арқылы 
болашақта 
Қазақстан 
Республикасының 
маңызды 


330 
 
инфрақұрылымының  бірі  болып  есептелетін  темір  жол  жүйесінде  қызмет 
ететін  кәсиби  мамандар  даярлап  шығаратын  біздің  оқу  орнымызда  лицей 
қабырғасынан  орталау  және  жалпы  білім  алып  шыққан  оқушыларға 
мамандықпен  қатар  адамгершілік  рухани  тәрбиені  бойларына  сіңірудеміз. 
Себебі:  біздің  түлектер  қоғамның  қайнаған  ортасында  қызмет  етеді.  Яғни 
темір  жол  серігі  немесе  локомотив  жүргізушісі  бойында  жоғарыда  аталған 
құндылықтар табылуы керек.  
         Қазіргі таңдағы білім беру ұйымдарындаға оқушыларды жеке тұлға етіп 
қалыптастыруды адам бойындағы асыл қассиеттердің көзін ашып, қоғамның 
белсенді мүшесі етіп дайындауға, адамгершілік құндылықтардың мәні жүйелі 
пайдаланса  ғана  қазіргі  тәрбиені  өз  дәрежесінде  жүзеге  асырары  сөзсіз.  [2] 
Әр  оқушының  жан  дүниесін,  сана-сезімін,  мінез-құлық  пен  сезімге 
тәрбиелейтін  осындай  құндылықтарға  ерекше  назар  аудару  бүгінді  таңның 
сұранымы.Адамгершілік және рухани құндылықтар тығыз байланысты.  
       Рухани  құндылықтардың  ең  қайнар  көзі  адамгершілікке,  моральдік 
қалыптарда,  жамандықты  жаман  қасиеттерді  жете  білуінде.  Мұндағы  рух- 
табиғи моральдық бастамадан өзгеше,  затсыз идеалды бастаманы білдіретін 
философиялық ұғым; рухани, руханиялық- адамның ой- санасына, ішкі жан- 
дүниесінің  дамуы,  жетілуі,  кеңеюі;  рухтану-  қайраттану,  жігерлену, 
шабыттану, 
белсенділік; 
рухтандыру- 
серпілту, 
құштарландыру, 
жігерлендіру,  тазалау,  жаңаландыру,  қанағаттандыру,  кемелдендіру, 
сүйсіндіру  т.б;  рухтандырғыш-  күшжігер  беруші,  қайраттандырушы, 
шабыттандырушы,  үлгі  көрсетуші  т.б  руханиялық-  ішкі  жан-  дүниесінің 
байлығы, жан- жақты кемелденуі, сана болмысының тазалығы, идеялық үлгі, 
өнеге, тұрақтылық; руханият- ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан- ұрпаққа 
жеткен  сапалы  білімі  мен  ғылымы  және  мәдениеті.    Оқушыларды  рухани 
адамгершілік  тәрбиелеу  мәселесі  әрбір  ата-  ананың,  қоғамның  және  жалпы 
мемлекеттің  алдында  тұрған  негізгі  мәселелердің  бірі,  себебі  қоғамда  жас 
ұрпаққа  рухани  тәрбие  беру  мәселесіне  қатысты  күрделі  проблемалар 
қалыптасты.  Қазіргі  таңда  өскелең  ұрпаққа  арналған  нақты  өмірлік 
бағдарламаның  болмауы,  қоғамдағы  рухани-  адамгершілік  ахуалдың 
төмендеуі, 
балалармен 
бос 
уақыттағы 
мәдени 
жұмыстарының 
әлсіздігі,балалардың физикалық дайындығының нашарлауы және тағы басқа 
мәселелер  өзекті  болып  отыр.  Білім  беру  жүйесі  тұлғаның  рухани  дамуына 
жоғары  деңгейде  кепіл  бола  алмайды,  өйткені  тәрбие  –  бұл  күнделікті 
өмірдегі  адамның  әрбір  адамға  деген  құрметі  мен  сыйластығы  негізіндегі 
басқа  адамдарға  деген  қарым  –  қатынасын  анықтайтын  тұлғаның 
сапасы.Тәрбиенің  негізгі  міндеті—  қоғамның  қажетті  талаптарын  әрбір 
баланың  бойында  борыш,  намыс,  ар-  ождан,  қадір-  қасиет  сынды  биік 
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. 
            Қазіргі таңда елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, 
мәдени жаңалықтарға байланысты оқу үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру 
–  заман  талабы.  Әр  халықтың  өзіне  тән  дәстүрі,  оның  білім  беру  мәдениеті 
осы  оқу  —  тәрбие  үрдісіне  тікелей  байланысты.Қазақ  халқы  –  өзінің  бай 


331 
 
тарихи  мұрасын,  өнері  мен  тілін,  салт  –  дәстүрін,  әдеп  –  ғұрпын,  рухани  – 
адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан оқу-
тәрбие  үрдісінде  қолданылатын  әдіс-  тәсілдер,  деректер  ұлттық  психология 
ерекшіліктерін  ескеру  қажет.  Халқымыздың  ғасырлар  бойы  ұлан-  байтақ 
жерін  сыртқы  жаулардан  қорғауда  ерлігімен  көріне  білген  батырлары  мен 
қолбасшыларын,  халқының  сөзін  сөйлеп,  ел  қамын  ойлаған  шешен  — 
даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, 
тілі  мен  дәстүрін  сақтау,  зерттеу  –  азаматтық  борышымыз.  Сондықтан  бар 
халық  мақсаты  өзінің  өскелең  ұрпағына  тәрбие  беруде  күнделікті  тұрмыс 
кәсібін  ұлттық  арнада  ұйымдастырып,  рухани-  адамгершілік  тағылымымен 
ұштастыра білген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет