135
бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, рухани бай
мұрамызды бойларына сіңіре тәрбиелеу біздің міндетіміз.
(http://rc-dd.kz/kk 1б)
Рухани жаңғыруда маңызды бағдардың бірі «сананың ашықтығы».
Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана қолынан
келеді. Бұл тұрғыда Алматы қаласы Білім басқармасының МКҚК «№57
балабақшасында» жас ұрпақты болашағына сеніммен қарайтын, елін, жерін
сүйетін, өнер, білімге құштар болу үшін мектеп дейінгі ұйымда заманауи
технологияларды қолдана отырып, заман талабына сай жаңғыру
қағидаларын алға қоя отырып, ұлттық сананы оятатын іс-шаралар мен
жұмыстар жүйелі атқарылады.
Балалардың сөздік қорын молайтып, ана тіліне деген
қызығушылықтарын арттырып, қазақтың данышпан, Ұлы адамдарының
айтқан нақыл сөздерін есте сақтап және туған елге, жерге деген
сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеп, рухани сезімдерін
қалыптастыру, ұлттық сананы оятуда тәрбиеленушілер арасында «Мың бір
мақал» атты мақал-мәтел жарысы ұйымдастырылды.
Ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі тәлім-тәрбие
барысында әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді, жаңғырта отырып, жас
ұрпақтың қалыптасуына тәрбие құралы ретінде қолданатын ұлттық ойындар
балаларды әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей
отырып, рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады.
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастырумен «Балабақшада
«Рухани жаңғыру» аясында ақпараттық технологияның қолданылуы»
тақырыбында ұйымдастырылған қалалық семинар тыңдаушыларына
көрсетілген «Ұлттық ойын қобдишасы» атты оқу қызметінде ұлттық
ойындар туралы тәрбиеленушілердің білімдерін кеңейтіп, баланың бойына
ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда тәжірибе алмасты.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда педагогикалық үрдісті
ұйымдастырудың негізгі түрі ойын іс-әрекеті болғандықтан сананы рухани
жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруда ұлттық ойындар өте тиімді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында отансүйгіштік сезімді
дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу
сияқты сезімдерді қалыптастыруды жүзеге асыру мақсатында мектепке
дейінгі ұйымда күнделікті оқу қызметтерінде, сонымен қатар «Тәуелсіздік
күні», «Тұңғыш Президенті күні», «Қазақстан халқының тілдер күні» сияқты
айтулы мерекелер кезінде еліміздің болашағы балабақша тәрбиеленушілеріне
рухани тәлім-тәрбие беріп, ұлттық рух сезімін қалыптастыруға негізделген
іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: